Слайд 9
Аяқ іздері әртүрлі қылмыстарды тергегенде оқиға болған жерден табылуы мүмкін. Аяқ
іздерін қарау мен жалғасушы сараптамалық зерттеу қылмыскерді табу мен іздестіру үшін қолданылатын маңызды мән-жайларды анықтайды. Аяқ іздері арқылы оны қалдырған адам туралы (оның бойын және жүрісіндегі ерекше белгілері), аяқ киім белгілері туралы, әрекет жағдайы туралы (қозғалыс жылдамдығы мен бағыты) анықтауға, адамды және оның аяқ киімін салыстыру үшін қолдануға болады. Іздер жалаң аяқ, аяқ киім, шұлық киген аяқ киім іздері бойынша ерекшеленеді. Жалаң аяқ іздеріне табан өлшемі, әрбір саусақ ұзындықтары мен ендері, табанның жалпы қалыбы, папилярлы өрнектердің жалпы құрылысы, иілген қабаттар көрініс алады. Шұлық киілген аяқ іздерінің жалпы белгілері болып мыналар табылады: шұлық өлшемі, жіптердің тоқылу түрі мен схемасы, өкше жақтарының тігістері.
Аяқ іздері арқылы шамамен адам бойын, оның аяқ киім өлшемін анықтауға болады. Антропометриялық зерттеулер ер адамның табан өлшемін 15,8 % және әйел адам бойын 15,5% -ға теңесетінін анықтаған.