«НОМАД Иншуранс» Сақтандыру компаниясы жергілікті нарықта өзінің, сондай-ақ шетелдік Серіктестерінің тәуекелдерін
қайта сақтандырады. Тәуекелдерді орналастыру әртараптандырылған және сақтандыру брокерлерінің қатысуымен жүзеге асырылады. Біздің қайта сақтандыру бойынша ең ірі серіктестеріміз Standard & Poor’s жетекші халықаралық рейтинг агенттігі тарапынан жоғары қаржылық орнықтылық рейтингіне ие Компаниялар болып табылады:
• Munich Re, Германия. Рейтинг: «АA-»;
• ACE European Group Ltd. Рейтинг: «АА-»;
• Scor Perestrakhovaniye LLC Рейтинг: «А »;
• Polish Re, Польша. Рейтинг: «А-»;
2014 жылдың қаңтар айында A.M. Best Europe-Rating Services Limited Халықаралық рейтинг агенттігі (www.ambest.com) «НОМАД Иншуранс» СК АҚ «B-» деңгейінде сақтандырушының қаржылық орнықтылығы рейтингін және "bb-" эмитенттің несиелік рейтингін берді. Рейтинг бойынша болжам – «тұрақты».