Слайд 14
Вести-Джи – фосфатты қалыптауыш материал, кез-келген қорытпалар үшін қолданады. Араластыру кезіндегі
сұйықтықтың мөлшерін өзгертудің нәтижесінде, ұлғаю коэффициентін 3,26% дейін көтеруге болады.
Силикатты
Бұл қалыптауыш материалдар өзінің беріктігімен және жылуға тұрақтылығымен ерекшелінеді. Тотбаспайтын болатпен жұмыс істегенде қолданылады. Байланыстырушы сұйықтық ретінде этил спиртінің, судың және тұз қышқылының қоспасынан тұрады, бұл қоспаға тамшылатып этилсиликатты қосады. Отқа төзімді қоспа (ұнтақ) ретінде кварц, маршалит, корунд, кристобалит қосылған. Силикатты формовты массалар өздерінің термиялық ұлғаю коэффициентінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Қатаю уақыты 10-30 минут.
Формолит – тотбаспайтын болаттан тістер мен протездің бөлшектерін құюға арналған. Оның материал жиынтығы – ұнтақталған кварц, қаптағыш құм және толықтырқыш ретінде бор қышқылынан тұрады.
Аурит – алтын қорытпасынан құюға арналған отқа төзімді формовты масса, кристобалит пен техникалық гипстің қоспасы.
Мольдин – біртекті, тығыз, серпімді масса. Құрамына каолин, глицерин, натрий тотығының гидраты кіреді. Бұл масса Паркер аппаратында штамптау кезінде қолданылады