Ыссы соғу (Ковка горячая) - дайындаманы (0,5-0,6) Т6 (Г6—балқыту температурасы) температурасына
дейін қыздырып алғаннан кейін соғу.
Соғу машиналары (Машины ковочные) — күрделі пішінді тетіктерді еркін соғып жасау үшін қолданылатын машиналар.
Соғу операциясы (Операция ковочная) — бұл технологиялық процестің бір бөлігі; дайындаманы соғуға қажетті жабдық пен жұмыс қозғалысын қамтиды;ұсталық соғу цехтарында қолданатын операциялар.
Соғу температурасы (Температура ковочная) — металдарды қысыммен өңдегенде жоғарғы илемді қасиет жөне сапа беретін температуралық аралық.
Соғудың термиялық режiмi (Режим ковки термический) —металл аз деформациялау кедергісіне ұшырайтын және жеткілікті илемділікті иемденетін температура аралығы.
Соғудың технологиялық сұлбасы (Технологическая схема ковки) — соғудың технологиялық әрекеті көрсетілген сұлба.
Соғушы соққыш (Боек ковочный) — әр түрлі құрылымы бар соғуға қолданылатын әмбебапты құрал