Индуизм
Индуизм – Оңтүстік және жартылай Оңтүстік Шығыс Азияда құрылған және әлі
күнге дейін кездесетін діни – мифологиялық түсініктер жиынтығы. Бүгінгі күні Үндістан, Қытай, Шри – Ланка, Бангладеш, Малайзия, Индонезия, Сингапур сияқты елдерде оның жолын қуушылар бар және олардың саны жеті жүз миллион адамнан асады.
“Индуизм” термині Синдху өзенінің атының парсы нұсқасы болып табылатын Авестада да көрініс тапқан “хинду” сөзінің негізінде пайда болған. Кейіннен бұл сөз тек өзеннің атауын, соған жанасып жатқан ел – Үндістанды ғана емес, сонда қоныстанған халықты да білдіретін болды. Хиндулардың өздері ағылшындар арқылы “ирндуизм” сөзін қабылдап, күні бүгінге дейін діннің атауы – санатана дхарманы, дхарма сөзінің көп мағыналығын ескеріп, солай атап жүр, ал оны жалпылай “белгілі тәртіп”, “белгілі заң” деп қана аударуға болады.