Дыбыстық уәжділік
-Таңбаның дыбысталуы мен айналамыздағы әртүрлі дыбыс дыбысталуының ұқсастығына негізделген атаудың
мәні.Мәселен,құс- тың «дүрс-дүрс».Дыбыстық уәжділік еліктеуіш сөздер мен еліктеуіш сөздер арқылы жасалған атауларға тән.
Морфологиялық уәжділік
-Атаудың мағынасы мен ішкі мазмұны тілде бұрыннан қалыптасып,қабылданған тұлғалардың мағынасы негізінде уәжделеді.М.у-атаудың лексикалық мағынасының оны құрайтын морфемалардың мағыналарында толық немесе жартылай көрінуі.Мыс: бидай-бидайық,бидайдас;
кітап-кітапхана,кітапханашы,кітапқұмар т.б
Семантикалық уәжділік
-Бір атаудың екінші бір зат атауымен салыстырғандағы шарттылық байланысы арқылы түсіндіріледі.С.у типі мынадай заңдар арқылы жүзеге асады:
1.қарама-қарсылық заңы:кел-кет,жақ-жау,бас-башай т.б
2.ат ауысу заңы-ұқсастығы,жақындығына байланысты:ен-ін,үңгі-үңгір,жабы-жаман,ұйы-ұйым,ұйыс,ұйық т.б