Зорлық-зомбылық қылмыстылығының және бұзақылықтың криминологиялық сипаттамасы

Слайд 2

2 Зорлық-зомбылық қылмыстылығының және бұзақылықтың деңгейі, құрылымы және динамикасының жалпы сипаттамасы

2 Зорлық-зомбылық қылмыстылығының және бұзақылықтың деңгейі, құрылымы және динамикасының жалпы

сипаттамасы

Зорлық-зомбылық қылмыстылығының және бұзақылықтың деңгейі

Осы топтағы қылмыстылықтың үлес салмағы жалпы қылмыстылықтың 20 пайызына жуығын құрайды.

Кеңес Одағы құрамындағы Қазақстанда өткен ғасырдың 1970-1980 жылдарында қасақана адам өлтіру, денсаулыққа қасақана жарақаттар салу, зорлау қылмыстылығы – 60 пайызға, ал қарақшылық пен тонау – екі есеге дейін өршіп кетті. 80-ші жылдардың ортасына қарай зорлық-зомбылық қылмыстарының өсімі тоқтатылды.

Еліміздің тәуелсіздік алған алғашқы жылдарында қылмыстылық деңгейі қайта артты. Қасақана адам өлтіру және денсаулыққа қасақана жарақаттар салу қылмыстарының деңгейі 1994-1995 жылдары үш есеге дейін өсті. 2000 жылға қарай қасақана адам өлтіру, денсаулыққа қасақана жарақаттар салу, зорлау, тонау және қарақшылық қылмыстылығы едәуір төмендеп, қазіргі уақытты бірқалыпты деңгейін сақтап отыр.

Слайд 3

Зорлық-зомбылық қылмыстылығының және бұзақылықтың құрылымы мен динамикасы Ұзақ уақыт бойы қасақана

Зорлық-зомбылық қылмыстылығының және бұзақылықтың құрылымы мен динамикасы

Ұзақ уақыт бойы қасақана адам

өлтіру және денсаулыққа қасақана жарақаттар салу фактілерінің 2/3 жеке бастың араздығынан тұрмыстық жағдайларда жасалып келді. 1990-шы жылдардың басында пайдакүнемдік және өзге де ниеттермен адам өлтіру есебінен бұл көрсеткіш төмендеді. Осы уақытта тапсырыс бойынша адам өлтіру қылмысының үлесі артты. Оның жәбірленушісіне көп жағдайда кәсіпкерлер, қылмыстық топтардың басшылары айналып отырды.

Жұмыстан тыс уақытта және тұрмыста бұзақылық ниеттегі зорлықшыл қылмыстылық – өзінің жүріс-тұрысын қоғамдағы қалыптасқан тәртіпке ашықтан-ашық қарсы қоюға, күш қолдануға ұмтылу – кең таралған. Бұзақылық ниетпен адам өлтіру фактілерінің 20 пайызы, денсаулыққа қасақана жарақат салу фактілерінің 30 пайызы жүзеге асырылады.

Маргиналды (әлеуметтік тұрақсыз) топтар арасында жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны артып келеді. Олар зорлық-зомбылық қылмыстарын кек алу, жанжал, басқа қылмыстың ізін жасыру мақсатында жүзеге асырады.

Жеке адамға қарсы аса қатыгездікпен жасалатын қылмыстардың үлесі артуда. Көпшілік жағдайда олар ерекше арсыздықпен, садизммен, қорлаушылықпен ұштасып жатады.