Абутилон. Бегония. Драцена. Сансевиерия. Хемодория

Содержание

Слайд 2

АБУТИЛОН

АБУТИЛОН

Слайд 3

Бұйдакендір немесе Абутилон (лат. Abutilon) – құлқайырлар тұқымдасына жататын өсімдіктердің бір

Бұйдакендір немесе Абутилон (лат. Abutilon) – құлқайырлар тұқымдасына жататын өсімдіктердің бір туысы. Жер жүзінде мұның 335-ке жуық

түрі бар. Қазақстанда оның бір түрі — бұйда кендір өседі.
Слайд 4

Бегония (лат. Begonia) - Бегония тұқымдасының біржылдық және көпжылдық өсімдіктөрі мен

Бегония (лат. Begonia) - Бегония тұқымдасының біржылдық және көпжылдық өсімдіктөрі мен бұта не шала

бұта түрінде өсетін өсімдіктердің бір туысы. Бегонияның 1000-нан астам түрлері бар. Бөлме гүлдерінің арасында кез келген жағдайға икемделе алатын кең таралған гүл. «Begonia» деген атауы Гаитидің губернаторы М.Бегонның құрметіне қойылған.
Слайд 5

Негізінен бегониялар Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка мен Мадагаскар аралының тропиктік және

Негізінен бегониялар Америка, Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка мен Мадагаскар аралының тропиктік және субтропиктік ормандарында өседі. Бізде ол әдеміжапырақты және әдемі гүлдейтін үй

гүлі ретінде жақсы өсіріледі.
Слайд 6

Жарығы: Жапырағы әдемі және гүлдейтін түрлерін де жарық жерге орналастыру керек.

Жарығы:
Жапырағы әдемі және гүлдейтін түрлерін де жарық жерге орналастыру керек.
Жылуы:
Бегониялардың барлық

түрлері жылуды жақсы көреді. Қыс айларында ауа температурасының 18-20°С-ден төмен болмауын қадағалау қажет.
Суғарылуы:
Жазда жиі, қыста сирек суғарылады.
Ылғалдылығы:
Ауаның 60%-ға дейін ылғалды болуы бегония үшін тиімді жағдай болып есептеледі.
Қоректендірілуі:
Дайын минералды тыңайтқышпен қоректендіріледі.
Аурулары:
Жақсы күтім жасалса бегониялар ауру мен зиянкестерден зардап шекпейді. Жиі кездесетін зиянкестер өсімдік биті, нематодалар мен трипстер. Ақ ұнтақ саңырауқұлағына шалдығады.
Көбейтілуі:
Тұқымын себу, қаламшалау және тамыр түйнектерін бөлу арқылы көбейтіледі.
Слайд 7

Айдаһар ағашы, Драцена (лат. Dracaena) – қасқыржемдер тұқымдасына жататын өсімдіктер тегі,

Айдаһар ағашы, Драцена (лат. Dracaena) – қасқыржемдер тұқымдасына жататын өсімдіктер тегі, көбіне тал немесе суккулентті

бұталар. Өсімдіктің ғылыми атауы Dracena, яғни "айдаһардың аналығы" деген мағынаны білдіреді. Көп деректерде осы атау қолданып келеді. Алайда, Владимир Дальдің сөздігінде бұл өсімдікке "айдаһарша" деген атау берілген.

Отаны – Африка, Азия.

Слайд 8

Жарығы Ала жапырақтыларына жарық қажет, көлеңкеде түссізденіп кетеді. Жасыл жапырақтылары көлеңкеге

Жарығы
Ала жапырақтыларына жарық қажет, көлеңкеде түссізденіп кетеді. Жасыл жапырақтылары көлеңкеге шыдамды.
Жылуы
Қыста

12-140С төмен болмағаны абзал.
Суғарылуы
Жазда жиірек, қыста сирек суғарылады.
Ылғалдылығы
Күнара су бүркіп тұрса, жапырақтарының ұшы құрғамай, әдемі болып өседі.
Қоректендірілуі
Көктем-жаз айларында әдемі жапырақты өсімдікке арналған тыңайтқышпен екі аптада бір рет қоректендіріп тұру қажет.
Аурулары
Ауруға көп шалдыға бермейді, төзімді өсімдік. Қыста артық су құйғаннан тамыры шіріп кетеді, сондықтан топырағының беткі қабаты құрғағанда ғана су құю қажет.
Көбейтілуі
Қалемшесін тамырландыру және түбінен өсіп шыққан жанама өскіндерін бөліп алу арқылы көбейтеді.
Слайд 9

Слайд 10

Бұл өсімдік тыныс алу жүйесі мен иммунитетке жақсы әсер етеді. Егер

Бұл өсімдік тыныс алу жүйесі мен иммунитетке жақсы әсер етеді. Егер

үйде осы өсімдік тұратын болса, онда үйдегі адамдар ауа-райының өзгеруі салдарынан бас ауру және қысымның кенет өзгеруімен сирек ауыратын болады. Түнде, ұйықтап жатқан кезде, ол да оттегі бөледі және ауаны жағымды салқын етеді.

САНСЕВИЕРИЯ

Слайд 11

Хамедорея (лат. Chamaedorea) – пальмалар тұқымдасына жататын, пальмалардың ең ірі түрлерінің

Хамедорея (лат. Chamaedorea) – пальмалар тұқымдасына жататын, пальмалардың ең ірі түрлерінің бірі. Оның жүзден астам

түрлері бар. Грек тілінен аударғанда хамедорея атауы «аласа бойлы, сыйлық» деген мағынаны білдіреді. Отаны Мексиканың, Оңтүстік және Орталық Американың таулы аймақтары. Сондықтан да хамедореяны кейде «тау пальмасы» деп атап жатады. Олардың бойының биіктігі 2 метр болса, сабақтарының жуандығы 3 см.
Слайд 12

Үй жағдайында көбінесе хамедореяның Мексика мен Гватемалада өсетін түрлерін таңдайды. Бұл

Үй жағдайында көбінесе хамедореяның Мексика мен Гватемалада өсетін түрлерін таңдайды. Бұл хамедореяның биіктігі

2 метр. Әр сабағында алты-жеті, қанат тәрізді жапырақтары болады. Хамедорея үй жағдайында өсіруге өте ыңғайлы өсімдік, көп күтімді қажет етпейді, бірақ баяу өседі. Жаз кезінде оны балконға немесе аулаға шығарып қоюға болады. Тек өткір күн сәулесінен қорғау керек. Ол жел өтіне шыдамсыз өсімдік.