Капсула, микрокапсула, шырыш. Каnсула- қалындығы 2,0 мкм-ден асатын, бактерия жасушасының қабырғасымен
тығыз байланысқан, сыртқы шекаралары анық байқалатын шырышты құрылым.
Кептеген бактериялар микрокапсула түзедi, ол - қалындығы 0,2 мкм-ден жұқа, тек кана электронды микроскоппен байқауга болатын шырышты түзiлiм. Капсуладан анық сыртқы шекаралары байқалмайтын, мукоидты экзополисахаридтер - шырыш ретiнде ажыратуға болады. Шырыш суда ерiгiш болады.
Талшықтар - бактерия жасушасына қозғалғыштық қабілетін бередi. Талшықтар өз бастауын цитоплазмалық мембранадан алатын, жасушадан ұзындау болып келетiн, жіңішке жiпшелер болып келедi. Талшық қалындығы 12-20нм, ұзындығы 3-15 мкм болады. Олар үш белшектен тұрады: спираль тәріздес жiпше, iлмек жоне арнайы дискiлерден құралған (грам-оң бактерияларда 1 жұп, грам-терiс бактерияларда 2 жұп дискiлер) езегi бар базальдық денешiк. Талшықтар дискiлерiмен цитоплазмалық мембрана мен жасуша қабырғасына бекiтiледi.
Талшықтар антиген болып табылатын, Н антиген ақуыз - флагеллиннен (flagellum - талшық) тұрады. Флагеллин суббiрлiктерi спираль тәріздес ширатылған. Бактериялардың талшықтар саны тырысқақ вибрионындағыдай бiреуден (моноmрих), iшек таяқшасы мен протейдiкiндей бактерияның жан-жағында орналасқан ондаған, жүздеген (nериmрихmар) болуы мумкін.
Лофотрихтар – жасушаның бiр шетiнде орналасқан талшықтар будасы. Амфитрихтар - жасушаның екі шетiнде бiр ғана талшықтан болады.