Ең ерте шаруашылық есептер шумер цивилизациясының гүлдену уақытына, яғни б.з.б. 6,0-6,5
мыңжылдыққа жатады. Осы уақыттан бастап цивилизацияның дамып көркеюі шаруашылық есептің дамуымен қатар жүрді. Шаруашылық есептің дамуы материалды өндіріс салаларына позитивті ықпал жасап, оның дамуына үлесін қосты. Ежелгі заманның ең көрнекті шаруашылық есеп жүргізу жүйелері Вавилон, Египет, Персия, Греция, Римге тән болды. Материалды өндірістің жоғары деңгеймен дамуы, қоғамдық қатынастардың алға жылжуы шаруашылық есептің азаматтық мүлік және мүлік құқығына байланысты дамуына себеп болды.