Макроэкономика

Содержание

Слайд 2

Қарастырылатын сұрақ: Макроэкономика түсінігі Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер

Қарастырылатын сұрақ:
Макроэкономика түсінігі
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер

Слайд 3

Макроэкономика - экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік

Макроэкономика - экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер менэкономикалық

өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай-ақ ұлттық экономикалардың қарым-қатынасын зерттейді. 
Слайд 4

Макроэкономика ғылымының өзіне тән зерттеу әдістері бар. Әдіс – белгілі бір

Макроэкономика ғылымының өзіне тән зерттеу әдістері бар.
Әдіс – белгілі бір нақты

ғылымның пәнін зерттеу тәсілдерінің, амалдарының, формаларының жиынтығын, яғни ғылыми зерттеудің нақты құралдары.

Макроэкономикалық талдаудың ерекше әдісі агрегаттау. Агрегаттау – берілген экономикалық құбылыстар мен үрдістерді біртұтас жиынтық ретінде жалпылама түрде көрсету және біріктіру.

Слайд 5

Макроэкономикалық үлгі — әртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын

Макроэкономикалық үлгі — әртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда

болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама.
Слайд 6

Экзогенді айнымалылар – зерттеуден бұрын белгілі бастапқы ақпарат. Олар үлгіден тыс

Экзогенді айнымалылар – зерттеуден бұрын белгілі бастапқы ақпарат. Олар үлгіден тыс

қалыптасады. Сондықтан оларды сыртқы айнымалылар деп те атайды. Экзогенді айнымалылар үлгіде тәуелсіз шамалар болып табылады, экзогенді айнымалылардың өзгеруі автономдық өзгерістер деп аталады.
Эндогенді айнымалылар –үлгілеу барысында есептеулердің нәтижесінде анықталатын айнымалылар. Олар экзогенді айнымалылардан тәуелді болып табылады. Эндогенді айнымалылар - үлгіні шешудің нәтижесі.

Үлгі
экзогенді эндогенді

айнымалылар айнымалылар

келтірілген сызба экзогенді айнымалылардың өзгерісі эндогенді айнымалылардың шамасына қалай әсер ететіндігін көруге мүмкіндік береді.

Слайд 7

Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер: ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен

Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:

 ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын

анықтау;

жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;

инфляция мен инфляция қарсы саясат;

экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;

экономикалық дамудың циклдары;

ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;

мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.

Слайд 8

Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама

Экономиканың  дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық  шаруашылығының балансы  жалпылама

сипаттайды.
Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді.
Ұ.Е.Ж.  мемлекеттің негізгі экономикалық  көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің  экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады.
Слайд 9

МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ЖАТАТЫНДАР жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.) жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.)

МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ  КӨРСЕТКІШТЕРГЕ   ЖАТАТЫНДАР

жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.)

жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.)

таза ұлттық өнім

(Т.Ұ.Ө.)

ұлттық табыс (Ұ.Т.) 

Қолда бар табыс (ҚБТ.)

Слайд 10

Слайд 11

Слайд 12

Табыс бойынша Бұл жағдайда ЖІӨ экономикалық ресурстардың меншік иелерінің табыстарының қосындысы

Табыс бойынша

Бұл жағдайда ЖІӨ экономикалық ресурстардың меншік иелерінің табыстарының қосындысы ретінде,

яғни факторлар табыстарының қосындысы түрінде анықталады.
Халық, корпорациялар табыстары, жинақтаулар пайыздары, мемлекеттің іскерлік табыстары, импортқа және өндіріске салығы түріндегі табысытарының қосындысы;

Шығын бойынша

Барлық макроэкономикалық агенттердің шығындарының қосындысын көрсетеді. Үй шаруашылығының пайдалану шығыны, фирмалардың инвестициялық шығыстары, мемлекеттің тауарлар сатып алу шығыстары, қызметтер мен инвестициялар және таза экспорт (эспорттан импортты алып тастағандағы) қосындысы

Қосылған құн бойынша

Барлық макроэкономикалық агенттердің шығындарының қосындысын көрсетеді. Үй шаруашылығының пайдалану шығысы, фирмалардың инвестициялық шығыстары, мемлекеттің тауарлар сатып алу шығыстары, қызметтер мен инвестициялар және таза экспорт (эспорттан импортты алып тастағандағы) қосындысы

Слайд 13

Шығыстар бойынша ЖҰӨ = С + I + G + NX,

Шығыстар бойынша
ЖҰӨ = С + I + G + NX,


мұндағы С – үй шаруашылықтарының жеке тұтынушылық шығыстары,
I – жалпы инвестициялар,
G – тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу,
NX – экспорт (X) пен импорттың (Z) айырмасына тең тауарлар мен қызметтердің таза экспорты.

ЖҰӨ

Слайд 14

Табыстар бойынша : ЖҰӨ =W+R+I+P; Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы, R

   Табыстар бойынша :
ЖҰӨ =W+R+I+P;
Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы,
              R – ренталық  төлемдер,
              I – жинақ

капиталының  пайызы (%),
              P- фирма мен корпорацияның пайдасы.
Слайд 15

Жалпы ұлттық өнімді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады: Барлық экономикалық агенттер

Жалпы ұлттық өнімді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады:

Барлық экономикалық агенттер табысының

жиынтығы.

Өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.

Мысалы, Қазақстан территориясында шетелдік компания шығарған мұнайдың құны еліміздің ЖІӨ есептеліп, оның ЖҰӨ ескерілмейді. ЖҰӨ = ЖІӨ + шетелден түсетін таза факторлық табыстар Жабық экономикада ЖҰӨ мен ЖІӨ теңеседі.

Слайд 16

Жалпы ұлттық өнім – экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға

Жалпы ұлттық өнім – экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды

көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өндірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі, өндірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.
Жалпы ұлттық өнім экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек.
Слайд 17

Слайд 18

ЖҰӨ нің номиналды, реалды, потенциалды түрлерін ажыратып қарауға болады. Номиналды ЖҰӨ

ЖҰӨ нің номиналды, реалды, потенциалды түрлерін ажыратып қарауға болады.
Номиналды

ЖҰӨ ағымдық бағамен есептелген ЖҰӨ.
Реалды ЖҰӨ баға индексіне (дефлятор) түзетілген номиналды ЖҰӨ.
Баға индексі ағымдағы жылғы тауарлар мен қызметтер бағаларының базалық жылдағы сондай бағаларға қатынасы.
Потенциалды ЖҰӨ толық жұмыспен қамтамасыздық жағдайына сәйкес келетін ЖҰӨ.
Слайд 19

Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық

Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт  кезеңінде қоғамның қарамағындағы  ұлттық өндірістік

факторлармен өндірілген барлық  игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Экономикалық  теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты  түрге  бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы  нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы  есептеумен  анықталады.

Номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық  өкілінің  дефляторы деп атайды.