Мемлекттік баскару

Содержание

Слайд 2

Мазмұны Мемлекеттік орган мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымының жүйе құрушы элементі ретінде.

Мазмұны

Мемлекеттік орган мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымының жүйе құрушы элементі ретінде. Мемлекеттік

орган сипаттамалары:функционалдық,құқықтық,ұйымдастырушылық. Мемлекеттік органдардың мәртебелік белгілері. Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымына әсер етуші факторлар.
Мемлекеттік органдарды әр түрлі негіздер бойынша жіктеу:мемлекеттің функциялары,құзыреттер,іс-әрекеттердің аумақтық масштабы.
Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымын жасау. Ұйымдық құрылымның қалыптасуы:сызықтық,функционалдық,сызықтық-функционалдық,бағдарламалық-мақсаттық,матрицалық. Мемлекеттік орган құрылымы. Мемлекеттік орган құрылымына қойылатын талаптар:икемділік,жылдамдық,үнемділік.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымы.
Слайд 3

Мемлекет қоғамның маңызды және күрделі саяси институты ретінде өзінің нақты құрылымы

Мемлекет қоғамның маңызды және күрделі саяси институты ретінде өзінің нақты

құрылымы және ішкі салаларды ұйымдастырушылық қызметі бар. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру, жалпы бұқара халықты басқару үлкен өнер. Осы жерде қоғамда мемлекеттің арнайы тетіктері қалыптасады. Демек, мемлекеттің функционалдық қызметін атқаратын мемлекеттік аппарат – қоғамдағы саяси билікті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттің өзара байланысты органдар жүйесінен тұрады.
Мемлекеттік аппарат дегеніміз – билік жүргізу және мемлекеттің міндеттерін, функцияларын іс жүзіне асыру үшін кәсіби дайындық негізінде құрылған органдардың жүйесі, оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырлады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады.
Слайд 4

«Мемлекеттік басқару жүйесі» және «мемлекеттік басқару механизмі» түсініктері өзара байланысты және

«Мемлекеттік басқару жүйесі» және «мемлекеттік басқару механизмі» түсініктері өзара байланысты және

ажырамас әрекетте болады. Мемлекеттік басқару механизмі дегеніміз – қоғамдық жүйеге бағытталған мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының процесі ретінде мемлекеттік апппарат жүйесінің қызмет етуі. Яғни, мемлекеттік механизм ұғымына – мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Механизм мемлекеттік басқарудың үш саласының өзара байланысын сипаттайды: ұйымдастырушылық-құрылымдық (жүйесін), функционалдық (мазмұнын) және қоғамдық жүйеге қатысты басқарудың өзі болып табылады. Кез-келген мемлекеттік органның ұйымдастырыушылық құрылымы сол орган қызметінің мазмұнын оның қызметімен анықтайтындығы белгілі.
Слайд 5

Мемлекеттік аппаратқа қатысты да соны айтуға болады, яғни мемлекет механизмі түсінігімен

Мемлекеттік аппаратқа қатысты да соны айтуға болады, яғни мемлекет механизмі

түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекеттік қызметкерлерден, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады. Мемлекеттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері болмайды (әкімшіліктерді қоспағанда). Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт, және т.б салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады. Мемлекеттік қызметкерлер - бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айырықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді.
Слайд 6

Мемлекет механизмі мынандай органдардан тұрады Заң шығарушы органдар. ҚР-да өкілетті органдар

Мемлекет механизмі мынандай органдардан тұрады

Заң шығарушы органдар. ҚР-да өкілетті органдар екіге

бөлінеді

Жоғарғы өкілетті орган – парламент; Парламент - бірден-бір заң шығаратын орган

Жергілікті өкілетті органдар - облыстық, аудандық, қалалық маслихаттар

Атқарушы орган

Қазақстанда жоғары атқарушы орган - Үкімет

Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер

Сот органдары

Жоғарғы Сот

Жергілікті соттар

Әскери соттар

Слайд 7

Әлемнің бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің қатарына кіру контекстіндегі мемлекеттік билік дамуының

Әлемнің бәсекеге қабілетті елу мемлекеттің қатарына кіру контекстіндегі мемлекеттік билік

дамуының қазіргі концепциясының талаптарына жауап беруші, саяси-әкімшілік және конституциялық реформаларды жүзеге асыру қажеттілігін, Қазақстан дамуындағы негізгі басылымдарының бірі ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев атап өтті. Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаудың, халықаралық тәжірибені ескере отырып, әкімшілік реформаны қарқынды жүргізу, тоғызыншы мәселесінде «2007 жылы біз жүйелік демократиялық реформаларды жүзеге асыруға кірісеміз. Біз корпаративтік басқару, нәтижелік, айқындық пен қоғамға бақылауда болу қағидаларына негізделген мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа нұсқасын құрудамыз. Біздің мақсатымыз - Үкіметтің модернизациясы, жоғары кәсібилік мемлекеттік қызмет пен басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру болып табылады».
Слайд 8

Қазақстандағы демократиялық процестер мемлекет ерекшеліктері мен азаматтардың менталитетін ескеру арқылы өз

Қазақстандағы демократиялық процестер мемлекет ерекшеліктері мен азаматтардың менталитетін ескеру арқылы

өз даму жолына бағдарлануы керек, дегенмен, таңдалған бағыттағы әр қадам мұқият тексерілуі қажет. Өйткені, азаматтар мен Отан тағдыры туралы сөз қозғалып отыр, мұндағы кез келген қате қымбат шығуы мүмкін».
Мемлекетік билік органдарын саяси-әкімшілік реформалауы мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында іске асырылады. Аталған жағдай мемлекеттік қызметтің ашықтығы, азаматтардың билік органдарына сенімділігі, белгілі билік органдарының халыққа бұқаралық қызмет көрсету сапасын арттырмай мүмкін емес.
Слайд 9

Ұйымдық құрылымдардың сызықтық- функционалдық үлгілері фабрика- зауыттың өндіріс кезінде пайда болады

Ұйымдық құрылымдардың сызықтық- функционалдық үлгілері фабрика- зауыттың өндіріс кезінде пайда болады

және өндірістің күрделенуі мен сыртқы ортаның “ұйымдық реакциясы” болды. Өндірістің күрделенуі басқару қызметінің мамандануына әкелді. Жалпы басқару қызметіне сәйкес (жоспарлау, бақылау) маманданған және еңбектің деңгейлес мамандануына сәйкес (бас технолог, бас конструктор т.б) басшылар жауапты сызықтық басшыларға қарағанда, функционалды басшылар тек өндіріс саласында немесе стратегиялық бизнес- бөлімшелерінде бақылайды және тек бір ғана берілген функцияға жауапты болады.