Слайд 8
Меншік формалары (нысандары) – бұл меншік субъектісінің белгісі бойынша сипатталатын критерий.
Негізгі меншік нысандары:
Жалпыхалықтық, табиғи ресурстар түрінде қоғамның барлық мүшелері үшін жалпы және бірдей қолжетімділікке ие;
Мемлекеттік, ол жер қойнауының ресурстарымен, негізгі өндірістік қорлармен, айналым қорларымен көрсетілген: жалпыхалықтық меншіктің бөлігі. Қазіргі заманғы әлемде мемлекет пен жергілікті бірлестіктердің иелігінде шаруашылық объектілері, табиғи ресурстар, тарихи-мәдени құндылықтар болмаған бірде-бір ел жоқ. Меншіктің жария түрлері мынадай аяларда пайдаланылады: тура, орталықтандырылған басқаруда, қажеттілігі мол аяларда. (теміржол көлігі, пошта байланысы және т.б)
Ұжымдық, кәсіпорын ұжымының билігіне белгіленген мерзімге берілген және қолданыстағы заңнамаға сәйкес пайдаланылатын жоғарыда атап айтылған меншік нысандарының бөлінбейтін бөлігі болып саналады.
Бірлескен-үлестік – меншік, құндылықтар, ақша қаражаттары, бағалы қағаздар түрінде алғашқыда екі немесе бірнеше тұлғаның иелігінде болып, жалпы заңмен белгіленген ережелер мен шектеулерді сақтай отырып, өз қарауы бойынша пайдаланылатын.