Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін жіктеп көрсету, кепілдіктерінің мәнін терең ашып түсіндіру

Содержание

Слайд 2

Сабақтың мақсаты: 1.Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін жіктеп көрсету, кепілдіктерінің мәнін терең

Сабақтың мақсаты:

1.Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін жіктеп көрсету, кепілдіктерінің мәнін терең ашып

түсіндіру 2.Мемлекеттік емес қарыздарға қатысты мемлекеттік кепілдіктер нысанын,субьектілері мен оларға қойылатын талаптарды айқындау 3. Сыртқы экономикалық қызмет туралы заңнаманың ҚР-да қалыптасуын қарау, заңнама өзгеруі бойынша қандай кепілдіктер бар екенін анықтау.
Слайд 3

Қарастырылатын сұрақтар Сыртқы экономикалық қызмет субъектілеріне берілетін кепілдіктер түсінігі. Шарттық-құқықтық кепілдіктер

Қарастырылатын сұрақтар

Сыртқы экономикалық қызмет субъектілеріне берілетін кепілдіктер түсінігі. Шарттық-құқықтық кепілдіктер
Мемлекеттік емес

сыртқы қарыз бойынша мемлекеттік кепілдіктер
Кепілдік бола алатын басқа да құқықтық құралдар
Заңнамалық кепілдіктер
Слайд 4

Cыртқы экономикалық қызмет субъектілері

Cыртқы экономикалық
қызмет субъектілері

Слайд 5

СЭҚ cубъектілері

СЭҚ cубъектілері

Слайд 6

Сыртқы экономикалық қызмет субъектілеріне берілетін кепілдіктер

Сыртқы экономикалық
қызмет субъектілеріне берілетін
кепілдіктер

Слайд 7

Кепілдіктер

Кепілдіктер

Слайд 8

Кепілдіктер таратылмайды

Кепілдіктер таратылмайды

Слайд 9

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да

мiндеттi төлемдердi төлегеннен кейiн өзiнiң қызметiнен алынған кiрiстердi өз қалауы бойынша пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде Қазақстан Республикасының банк және валюталық заңнамасына сәйкес ұлттық валютада және (немесе) шетелдiк валютада банк шоттарын ашуға құқылы.

Кiрiстердi пайдалану кепiлдiктерi

Слайд 10

Қарыз түрлері Мемлекеттік емес қарыз - Қазақстан Республикасының Үкіметін, Қазақстан Республикасының

Қарыз түрлері

Мемлекеттік емес қарыз - Қазақстан Республикасының Үкіметін, Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкін және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті қарыз алушы болатын қарыз қатынастары
Мемлекеттік қарыз – Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе жергілікті атқарушы органдар қарыз алушы болатын қарыз қатынастары.
Слайд 11

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексінің 213

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексінің 213

бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының қарыз алушы резиденті одан тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің берешекті толық немесе ішінара өтеуге қарыз берушінің алдындағы міндеттемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік (үкіметтік, егеменді) кепілдігі (мемлекеттік кепілдік) болып табылады.
Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік кепілдіктер берудің айрықша құқығына Қазақстан Республикасының Үкіметі ие болады

Мемлекеттік кепілдік дегеніміз не?

Слайд 12

Мемлекеттік кепілдіктер беру шарттары Мемлекеттік кепілдіктер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары негізінде

Мемлекеттік кепілдіктер беру шарттары

 Мемлекеттік кепілдіктер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары негізінде беріледі.

Мемлекеттік

кепілдік беру мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелерін орындауға байланысты республикалық бюджеттен берілген қаражаттарды қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз етілгенін растайтын құжаттар ресімделіп, тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.

Банк кепілдігі қарыз шартының бүкіл қолданылу мерзіміне бір рет беріледі және негізгі борыш сомасын, сондай-ақ сыйақылардың, комиссиялардың, тұрақсыздық айыптарының (өсімпұлдың, айыппұлдың) барлық сомаларын және қарыз шартына сәйкес қарыз алушы жүзеге асыратын өзге де төлемдерді жабады.

Слайд 13

Қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдік алуға үміткер заңды тұлғаларға осы заңды тұлғалар

Қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдік алуға үміткер заңды тұлғаларға осы заңды тұлғалар

қарыз алушы ретінде әрекет еткенде, мынадай талаптар қойылады:
1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушының Қазақстан Республикасының резиденті болуы
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілетін, тиісті кезеңге арналған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылып отырған инвестициялық жобалардың және (немесе) инвестициялық бағдарламаның тізбесіне енгізілген жобалардың және (немесе) инвестициялық бағдарламаның іске асырылуын жүзеге асыруы;
3) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық басқарушы операторды және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін астананың көліктік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын компанияны, сондай-ақ жобаларды іске асыруға екінші деңгейдегі банктерден қаржыландыруды көздейтін ұлттық холдингтер мен олардың еншілес ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін қарыздардың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын қанағаттандыратын екінші деңгейдегі банк кепілдігінің не сақтандыру шартының болуы.
Слайд 14

Мемлекеттік кепілдіктің нысаны Мемлекеттік кепілдік бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган

Мемлекеттік кепілдіктің нысаны

 Мемлекеттік кепілдік бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен

қарыз беруші (облигациялар ұстаушылардың өкілі) арасында кепілдік шартын жазбаша түрде жасасу арқылы не мемлекеттік емес қарыз бойынша кепілгердің міндеттемесін (кепілдік міндеттемесін) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қабылдағаны туралы жазбаша хабарлау нысанында беріледі.
Слайд 15

Мемлекеттік кепілдіктің қолданылуын тоқтату негіздері қарыз алушы немесе кепілгер Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік кепілдіктің қолданылуын тоқтату негіздері

қарыз алушы немесе кепілгер Қазақстан Республикасының Үкіметі

кепілдік берген қарыз бойынша міндеттемелерді толық орындаған

егер кепілдік шартында (кепілдік міндеттемесінде) өзгеше айтылмаса, онда көрсетілген кепілдік мерзімі өткен

қарыз шартында және (немесе) кепілдік шартында (кепілдік міндеттемесінде) арнайы айтылған

мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қайта құрылымдау және (немесе) қарыз алушыны ауыстыру кезінде кепілдік жаңасына ауыстырылған жағдайларда, өзінің қолданысын тоқтатады

Слайд 16

Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражаттарын пайдалануға қойылатын шектеу Мемлекет кепілдік берген

Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражаттарын пайдалануға қойылатын шектеу

Мемлекет кепілдік берген

қарыз қаражаттарын қарыз талаптарында көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беруге пайдалануға тыйым салынады.
Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражатының пайдаланылуына бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік кепілдігі бар қарыз бойынша қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі кепілдік берген қарыз бойынша алынған қаражаттарды нысаналы пайдаланбағаны үшін және қарыз алушы қарыз бойынша борыштық міндеттемелерді орындамаған жағдайда мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражаттарды қайтару үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жауаптылықта болады.
Слайд 17

Мемлекеттік кепілдіктің орындалуы Егер қарыз шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, қарыз алушы

Мемлекеттік кепілдіктің орындалуы

Егер қарыз шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, қарыз алушы мемлекеттік

кепілдікпен қамтамасыз етілген қарызды төлем мерзімі басталған күні және республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражаттар шегінде толық немесе ішінара өтемеген жағдайда, қарыз берушінің талабы бойынша мемлекеттік кепілдік төлем күні басталғаннан кейін орындалуға жатады.
Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау жөнінде талаптар қойылған күннен бастап он сегіз ай ішінде жүзеге асырылады.
Слайд 18

Кепілдік шартында немесе кепілдік міндеттемесінде: 1) оған сәйкес мемлекеттік кепілдік берілетін

Кепілдік шартында немесе кепілдік міндеттемесінде:

1) оған сәйкес мемлекеттік кепілдік берілетін

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының деректемелері;
2) қарыз алушының атауы және тұрған жері;
3) қарыз алушының негізгі міндеттемесінің мазмұны;
4) кепілдік берілетін қарыз сомасы, берілетін мемлекеттік кепілдіктің күші қолданылатын қарыз бойынша кепілдік берілетін басқа да міндеттемелер;
5) мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі;
6) кепілдік шартына (кепілдік міндеттемесіне) қол қойған лауазымды адам көрсетіледі.
Слайд 19

Кепiлпұл ұғымы. Кепiлпұл туралы келiсiм нысаны

Кепiлпұл ұғымы. Кепiлпұл туралы келiсiм нысаны

Слайд 20

Кепiлпұлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi тоқтатудың және орындамаудың салдары Мiндеттеменiң орындалуы басталғанға

Кепiлпұлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi тоқтатудың және орындамаудың салдары

Мiндеттеменiң орындалуы басталғанға дейiн

тараптардың келiсiмi бойынша не олардың кiнәсiнсiз-ақ оны орындаудың мүмкiндiгi болмауы салдарынан тоқтатылған жағдайда, кепiлпұл қайтарылуға тиiс.

Егер мiндеттеменiң орындалмауына кепiлпұл берген тарап жауапты болса, ол екiншi тарапта қалады, ал егер кепiлпұл алған тарап жауапты болса, ол екiншi тарапқа кепiлпұлдың екi еселенген сомасын төлеуге мiндеттi. Оның үстiне, шартта өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттеменiң орындалмауына жауапты тарап екiншi тарапқа кепiлпұл сомасын ескере отырып, шеккен залалдың орнын толтыруға мiндеттi.

Слайд 21

Ұстап қалу туралы жалпы ережелер Борышқорға не борышқор көрсеткен тұлғаға берiлуге

Ұстап қалу туралы жалпы ережелер

 Борышқорға не борышқор көрсеткен тұлғаға берiлуге тиiс

зат қарамағында болған несие берушi, борышқор осы заттың құнын төлеу немесе несие берушiге оған байланысты шығындар мен басқа да залалдарды өтеу жөнiндегi мiндеттеменi мерзiмiнде орындамаған жағдайда, тиiстi мiндеттеме орындалғанға дейiн оны ұстап қалуға құқылы.
Заттың құнын төлеуге немесе оған шыққан шығындарды және басқа да залалды өтеуге байланысты болмаса да, кәсiпкер ретiнде әрекет ететiн тараптардың мiндеттемелерiнен туындайтын талаптар да затты ұстап қалу арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
Несие берушi өзiндегi зат иелiгiне түскеннен кейiн де оны иелену құқығын үшiншi тұлғаның алғанына қарамастан, ол затты ұстап қала алады.
Слайд 22

Ұстап қалынған мүлiк есебiнен талаптарды қанағаттандыру Затты ұстап қалушы несие берушiнiң

Ұстап қалынған мүлiк есебiнен талаптарды қанағаттандыру

Затты ұстап қалушы несие берушiнiң талаптары

кепiлмен қамтамасыз етiлген талаптарды қанағаттандыру үшiн көзделген көлемде және тәртiппен заттың құнынан қанағаттандырылады.
Слайд 23

Кепілдік жарна ұғымы

Кепілдік жарна ұғымы

Слайд 24

Кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамау, тоқтату немесе орындау салдары

Кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамау, тоқтату немесе орындау салдары

Слайд 25

Заңнамалық кепілдіктер Қазақстанда сыртқыэкономикалық заңнама келесі 1990 жылдың соңында қабылданған 3

Заңнамалық кепілдіктер

Қазақстанда сыртқыэкономикалық заңнама келесі 1990 жылдың соңында қабылданған 3 өзара

байланысты байланысты заңдармен пайда болды:
“Қазақстандағы сыртқы экономикалық қызметтңі негізгі қағидалары туралы” Заң – 15.12.1990ж
“Қазақстандағы шетел инвистициялары туралы” Заң – 7.12.1990ж
“Қазақстандағы еркін экономикалық зона туралы” Заң – 23.12.1991ж
Кейінірек, 13.06.1991ж “Қазақстанда валюталық реттеу туралы” Заң, 23.12.1991ж “Концессиялар туралы” Заң қабылданды.
27.12.1994 ж “Шетел инвестициялары туралы” екінші Заңы ҚРАК Ерекше бөлімімен бір уақытта қабылданды.
28.06.1995ж Заң күшіне ие ҚР Президентінің “Мұнай туралы” жарлығы қабылданды.
27.01.1996ж “Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заң
28.02.1997ж “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау туралы” Заң
Слайд 26

2003 жылдан бастап инвестициялық заңнама қалыптасуының жаңа кезеңі басталды. - шетел

2003 жылдан бастап инвестициялық заңнама қалыптасуының жаңа кезеңі басталды. - шетел

инвестициялары туралы Заңның күші жойылды.
8.01.2003ж “Шетел инвестициялары туралы” Заң мен “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заңның негізінде бір “Инвестициялар туралы” Заң қабылданды.
20.10.2015ж Кәсіпкерлік Кодекс қабылданды, оған “Инвестициялар туралы” Заң нормалары толықтай кіргізілді. (25 бөлім, 273-296 баптар)
Инвестициялық заңдар қатарына 7.12.2015ж қабылданған “Астана” халықаралық қаржылық центрі туралы Конституциялық заңды жатқызуға болады, себебі ол шетел инвесторларын шақыруға бағытталған.
Слайд 27

Халықаралық келісімдер ҚР 50-ден астам екіжақты келісімдерге отырған. Алғашқыларына АҚШ және

Халықаралық келісімдер

ҚР 50-ден астам екіжақты келісімдерге отырған. Алғашқыларына АҚШ және ҚР

арасыдағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы 19.05.1992ж Келісім, және тура сондай ҚР және ГФР арасындағ 22.09.1992ж Келісім жатады.
Көпжақты келісімшарттар:
Энергетикалық Хартияға Келісімшарт. 17.12.1994ж қол қойылдығ Қазақстан 18.10.1995ж ратификациялады, күшіне 16.04.1998ж енді. 50-ден астам мемлекет қатысады. Бұл инвестициялық келісімшарт, 3 бөлімі инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы айтылған.
Сеул Конвенциясы. 1985ж. Көпжақтық инвестицияларға кепіл бойынша агенттікті бекітті, ол Халықаралық Банк құрамына кіреді.
Мемлекеттерарасындағы, басқа мемлекеттердің жеке және заңды тулғалардың арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы Вашингтон Конвенциясы. 18.03.1965ж қол қойылды, 14.09.1966ж күшіне енді, 148 мемлекет қол қойды. ҚР 26.06.1992ж Заңмен 21.10.2000 жылы қосылды. Осы Конвенция негізінде Инвестициялық дауларды реттеу бойынша Халықаралық центр ашылды (ICSID/МЦУИС). Ол мемлекет пен шетел инвесторы арасында дауларды қарайды.
Слайд 28

Заңнаманын өзгеруінен кепілдіктер 2 түрде болады:

Заңнаманын өзгеруінен кепілдіктер

2 түрде болады:

Слайд 29

Шетел инвестициялары туралы Заң 1990ж. (күші жойылған) 6-бап. Заңдар өзгерген жағдайдағы

 Шетел инвестициялары туралы Заң 1990ж. (күші жойылған)
6-бап. Заңдар өзгерген жағдайдағы

кепiлдiктер
      1. Заңдардағы өзгерiстердiң нәтижесiнде және (немесе) халықаралық шарттар ережелерiнiң күшiне енуiне және (немесе) өзгеруiне байланысты шетелдiк инвестордың жағдайы нашарлаған ретте шетелдiк инвестицияларға 10 жыл бойы инвестицияларды жүзеге асырған кезде қолданылған заңдар қолданылады, ал мемлекет уәкiлдiк берген органдармен жасалған ұзақ мерзiмдi (10 жылдан астам) келiсiм-шарттар бойынша жүзеге асырылатын инвестицияларға, егер келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, келiсiм-шарт қолданылатын мерзiм аяқталғанға дейiн қолданылады.        Заңдардағы өзгерiстердiң нәтижесiнде және (немесе) халықаралық шарттар ережелерiнiң күшiне енуiне және (немесе) өзгеруiне байланысты шетелдiк инвестордың жағдайы жақсарған ретте шетелдiк инвестор мен республиканың өкiлi болып табылатын уәкiлеттi мемлекеттiк органның арасындағы келiсiм-шарттардың жекелеген ережелерi қатысушылардың экономикалық мүдделерiн теңдестiруге қол жеткiзу мақсатымен тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгертiлуi мүмкiн.        2. Лицензия негiзiнде инвестициялық қызметтi жүзеге асыру кезiнде осы баптың бiрiншi тармағында көзделген кепiлдiк бiрiншi тармақта белгiленген мерзiм iшiнде - лицензияның қолданылуы тоқтатылғанға дейiн, ал оны ұзартқан жағдайда лицензия ұзартылған мерзiм аяқталғанға дейiн сақталады.        3. Бұл талаптар қорғаныс қабiлетiн, ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы, экологиялық қауiпсiздiк пен денсаулық сақтау және адамгершiлiк аясындағы Қазақстан Республикасы заңдарына енгiзiлген өзгерiстерге қолданылмайды. Заңдарға осы салаларда шетелдiк инвестордың жағдайын нашарлататын өзгерiстер енгiзiлген кезде шетелдiк инвесторға инвестицияланған валютаға, не шетелдiк инвестордың Қазақстан Республикасымен келiсiмiнде белгiленген шетелдiк валютаға пара-пар және тиiмдi өтем кiдiрiссiз төленуге тиiс.        4. Осы баптың 1-тармағында белгiленген кепiлдiктер акцизделетiн тауарларды импорттау мен (немесе) өндiру, және (немесе) өткiзу, сондай-ақ өңдемей сатуға арналған тауарларды импорттау тәртiбi мен шарттарын (оның iшiнде салық салу мәселелерi мен мемлекеттiк реттеудiң өзге де шараларын) өзгертетiн Қазақстан Республикасының заңдарындағы өзгерiстерге және (немесе) Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың күшiне енуiне және (немесе) өзгерiстерiне қолданылмайды.
Слайд 30

Пайдаланылған әдебиеттер: ҚР Бюджет Кодексі ҚР Кәсіпкерлік Кодесі ҚР Азаматтық Кодексі

Пайдаланылған әдебиеттер:

ҚР Бюджет Кодексі
ҚР Кәсіпкерлік Кодесі
ҚР Азаматтық Кодексі
«Законодательство об инвестициях Республики

Казахстан: 25 лет развития» - М.К. Сулейменов -академик Национальной академии наук РК, доктор юридических наук, профессор.
1990ж “Шетел инвестициялары туралы” Заң