БҰЛШЫҚ ЕТ ЖИЫРЫЛУЫНЫҢ БИОФИЗИКАСЫ
ЖҰМСАҚ БИОЛОГИЯЛЫҚ ТІНДЕРІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Биологиялық тіндер: тері, бұлшық ет,
қан тамырлар, тыныс алу жүйесі, жүрек клапандарының жапырақшасы және ішкі органдардың (өкпенін, мидың, сіңірдің) және т.б. бездерінің механикалық қасиеттері қатты тіндермен (сүйектер) салыстырғанда ерекше болады. Жұмсақ биологиялық тіндердің басты қасиеті — олардың аса үлкен шамада (200%-ге дейін) деформациялануы болады. Сонымен қатар олардың механикалық бастапқы және соңғы күйі, сығылғыштығы және ани-зотропиялығы бір-біріне өте үқсас келеді.
Жұмсақ биологиялық тіндердің құрылысына мынадай компоненттер кіреді: жасушалар, 1 - каллогендік талшықтар, 2 -эластиндік талшықтар, 3 — негізгі құрылым және жасушалар. Әр компоненттің механикалық, биологиялық және иммунологиялық қасиеттері олардың өздеріне тән ультра құрылымдарына тәуелді болады. Бірақ сумен әсерлесуі және сумен байланысты компоненттерінің қасиеттері ерекше. Осы биополимерлерді бес топқа бөлуге болады : (4) коллаген, (5) эластин, (6) гликозаминогликандар, (7) гликопротеиндер және (8) еритін протеиндер.