Кулондық тосқауылға жақын энергиядағы ауыр иондармен туындаған 12C ядроларындағы протондардың шеткері ядролық беру реакциялары

Содержание

Слайд 2

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Төмен және аса төмен энергиялардың ядролық физикасы қазіргі

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

Төмен және аса төмен энергиялардың ядролық физикасы

қазіргі уақытта ядролық астрофизиканың қарқынды дамуына байланысты жоғары іргелі мәнге ие болып отыр [1,2], ол үшін оларды талдаудан алынатын радиациялық қармаудың серпімді шашыраудың дифференциалды және толық қималары және ядролық потенциалдардың параметрлері қажет. Ядролық-астрофизикалық процестердің жылдамдығын сенімді бағалау қазіргі ядролық астрофизиканың маңызды мәселелерінің бірі болып табылады [1-3]. 12C(р,γ)13N реакциясы суық CNO-сутегі жану циклінің негізгі буыны болып табылады және массивті жұлдыздарда ядролық энергия өндіруде және төмен энергиялы күн нейтриноларының көзі ретінде маңызды рөл атқарады (GALLEX эксперимент) [1]. Сондықтан астрофизикалық S факторларының (S(E) өте төмен (0≤ e ≤ 50 кэВ) және төмен энергиялар (E ≤ 2.0 МэВ) кезіндегі 12C(р,γ)13N реакциялары мәндердегі) энергетикалық тәуелділікті білу ядролық астрофизика мен космологияда үлкен қызығушылық тудырады (GALLEX эксперимент) [1]. Қазіргі уақытта әдебиетте 327≤E≤980 кэВ интервалында өлшенген 12C(р,γ)13N реакциясы үшін s(E) бойынша өзара сәйкес келетін эксперименттік деректердің екі жиынтығы бар [4,5], яғни 13N (E*=2.365 МэВ;1/2-) ядросының бірінші резонанстық күйі аймағында, бұл ретте [5] жұмыс нәтижелері (абсолютті қате 10%) [3] салыстырғанда (мұнда қателік 15% құрайды%) дәлме-дәл болып табылады. E> 980 кэВ [6] кезіндегі s(E) туралы қолда бар эксперименттік деректер, яғни екінші резонанстық күйінен жоғары 13N (E*=3.502 МэВ; 3/2-) ядроcы үлкен ауытқулардан тұрады (≥40%).
E.G. Adelberger et al. Solar fusion cross sections. II. The pp chain and CNO cycle. Rev.Mod.Phys.83 (2011) pp.195-245.
R. Yarmukhamedov, Q. I. Tursunmahatov. The Universe Evolution: Astrophysical and nuclear aspects. Edit. I. Strakovsky and L. D. Blokhintsev (NOVA, New York,2013). Modified two- and three-body approaches, asymptotic normalization coefficients and their application for nuclear astrophysics. Chapter 6, pp. 219-270.
R. E. Tribble, C.A. Bertulani, M. La Cognata, A.M. Mukhamedzhanov and C. Spitaleri. Indirect techniques in nuclear astrophysics: a review. Rep.Prog.Phys. 77 (2014)106901 pp (1- 49).
C. Rolfs, R. E. Azuma. Interference effects in 12C(p,γ)13N and direct capture to unbound states. Nucl.Phys.A227 (1974) 291-308.
N. Burtebaev, S.B.Igamov, R. J. Peterson, R. Yarmukhamedov, D. M. Zazulin New measurements of the astrophysical S factor for 12C(p,γ)13N reaction at low energies and the asymptotic normalization coefficient (nuclear vertex constant) for the 12C+p→13N reaction. Phys.Rev.C 78 (2008) 035803 pp (1-11).
Слайд 3

Жұмыстың мақсаты: Осы диссерртацияның мақсаты протонның 13N ядросынан виртуалды бөлінуінің АНК

Жұмыстың мақсаты:

Осы диссерртацияның мақсаты протонның 13N ядросынан виртуалды бөлінуінің АНК

мәндерін пайдалана отырып, жұлдызды температуралар аймағында (0.1≤Т9(К)≤10) 12C(р,γ)13N сутегінің жану циклінің CNO реакциялары жылдамдығының сенімді мәндерін анықтау болып табылады. АНК мәндерін алу үшін кулондық тосқауылға жақын энергияларда 10B(12C,13N)9Be протонның берілу реакцияларының дифференциалды қималарын өлшеу жоспарлануда. Сондай-ақ эксперименттік қолжетімді төмен энергияларда зерттелетін ядролардағы радиациялық қармау реакцияларының қималарына қосымша өлшеулер жүргізу. Радиациялық қармау және протонның берілу реакциялары қималары бойынша әдеби және жаңа деректерді кешенді талдау шеңберінде S -реакция факторының 12C(р,γ)13N мәндерін есептеу және экстраполяциялау.
Слайд 4

Зерттеу тапсырмалары: зарядталған бөлшектің берілуінің тосқауылдық перифериялық реакцияларының асимптотикалық теориясын жасау

Зерттеу тапсырмалары:

зарядталған бөлшектің берілуінің тосқауылдық перифериялық реакцияларының асимптотикалық теориясын жасау A(x,y)B

(x=y+a и B=A+a, мұндағы a-берілетін бөлшек);
Elab = 1.0 ÷ 1.8 МэВ энергетикалық интервалында 12C(р,γ)13N реакциясының қималарын (астрофизикалық S факторлар) дәл өлшеуді орындау (қозған күй үшін екінші резонансқа жауап беретін E*=3.502 МэВ (Jπ=3/2-) энергия аймағы);
0.3 ÷ 1.2 МэВ энергетикалық интервалында 12C(р,γ)13N реакция шығысын дәл өлшеуді орындау;
Кулондық тосқауылға жақын 12C иондар энергиясымен 10B(12C,13N)9Be протонның берілу реакциясының дифференциалдық қимасын дәл өлшеуді орындау.
Слайд 5

Зерттеу нысаны: Бұл диссертацияның объектісі Гамов пикіне сәйкес келетін температурада жұлдыздағы

Зерттеу нысаны:

Бұл диссертацияның объектісі Гамов пикіне сәйкес келетін температурада жұлдыздағы сутектің

жануының CNO цикліндегі бастапқы және соңғы процестер болып табылатын 12C(р,γ)13N протонның радиациялық қармау жылдамдығын дәл анықтаудан тұрады. Осындай энергияларда, 12С+р жүйесінде өзара әрекеттесу Er= 0.457 кэВ (лаб) резонанс кезінде протонның тікелей және резонанстық қармауының интерференциясымен анықталатын {13N=12С+р} конфигурациялары үшін асимптотикалық нормалау коэффициенттері (АНК) арқылы бағаланатын протонның тікелей қармау үлесін дәл бағалау өте маңызды.
Слайд 6

Зерттеу пәні: 10B(12C,13N)9Be протонның берілуі және 10B+12C серпімді шашырау ядролық реакциялар

Зерттеу пәні:

10B(12C,13N)9Be протонның берілуі және 10B+12C серпімді шашырау ядролық реакциялар

өнімдерінің энергетикалық спектрлерін тосқауылға жақын энергиядағы 12C иондарымен өлшеу бойынша эксперименттерді РЭМ ЯФИ (РГП ИЯФ) циклотрон шоғырында ΔЕ-Е әдістемесі негізінде бөлшектердің түрлерін тіркеу және сәйкестендіруді жүйесін пайдалана отырып өлшеуді жүргізу жоспарлануда.

Зерттеу әдістері:

Әдеби шолу, астрофизикалық қосымшаларға арналған ядролық реакцияларды эксперименттік және теориялық зерттеу , теориялық ядролық физика әдістері.

Слайд 7

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы: Диссертацияның негізгі нәтижесін алу бұл жасалатын

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы:

Диссертацияның негізгі нәтижесін алу бұл жасалатын асимптотикалық

теория және алынатын жаңа дәл эксперименттік мәліметтер– 12C(р,γ)13N реакция жылдамдығын сенімді есептеу үшін қолданылады. Практикалық маңыздылығы - олар зарядталған бөлшектердің тосқауылдағы перифериялық реакциялары үшін MDWBA тәсілі арқылы есептеулердің сенімділігі мен дәлдігін анықтауға мүмкіндік береді.