Науру Республикасының халық саны 10 084 адамды құрады, соның ішінде ерлер — 5105, ал
әйелдер — 4979 адам. Халық тығыздығы — 473,43 адам км². Науру тұрғындарының шамамен 91 % (9031 адам) республиканың байырғы халқы — наурулықтар болып табылады. Науру тұрғындарының жалпы санынан Тынық мұхитындағы аралдардан шыққандар 4% құрайды, еуропалықтар — 1,6 % (161 адам), қытайлар — 1,5 % (151 адам). Тұрғындардың ішіндегі шет елдер азаматтарының үлесі жоғары. Тілдің негізінде наурандықтарды микронезиялық халықтар тобына жатқызылады