Өмір сүру сапасын жақсарту мақсатындағы мемлекет саясаты

Содержание

Слайд 2

Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім 1.Мемлекет тарапынын Өмір сапасын жақсартуға арналған жобалар,бағдарламалар

Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Мемлекет тарапынын Өмір сапасын жақсартуға арналған

жобалар,бағдарламалар
- Қазақстан 2050
- Гендерлік статистика және Мыңжылдықтың Даму Мақсаттарының көрсеткіштері
2.Іс-шаралар нәтижесі
3. Халықтың тұрмыс деңгейі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3

Мемлекеттің әлеуметтік қамқорлығындағы азаматтар максималды қолдауға ие болады. Қарттық, бала туу,

Мемлекеттің әлеуметтік қамқорлығындағы азаматтар максималды қолдауға ие болады. Қарттық, бала туу,

келеңсіз оқиғалар, ауру-сырқауға ұшырау, еңбекке жарамсыздық пен жұмыссыздық ҚР Үкіметінің шешілуі керек деп тапқан ең басты міндеттері. Мемлекет басшысы, Ұлт көшбасшысының тапсырмасына сай, жаһандық дағдарыс пен әлемде жұмыссыздық пен кедейлік белең алғанда бюджет қызметкерлері мен зейнеткерлердің айлық жалақылары көтерілді.
Республикада халықты әлеуметтік қамсыздандыруға бюджеттен бөлінген қаржы 2000 жылы 151 млрд теңгені құраса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 1 трлн 371 млрд теңгеге жетті.
Слайд 4

Сонымен қатар республикалық бюджеттен әлеуметтік төлем алатын халық саны 4 млн

Сонымен қатар республикалық бюджеттен әлеуметтік төлем алатын халық саны 4 млн

адамды құрайды, бұл барша тұрғынның төрттен бірі.
Қазіргі уақытта Қазақстанда шамамен 1,8 млн-нан астам зейнеткер бар. 2000 жылмен салыстырғанда олардың орташа зейнетақысы 4 298 теңгеден 41 790 теңгеге дейін, яғни 10 есеге өскен. 
Слайд 5

Мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалар «Қазақстан – 2050» Стратегиясы 2012 жылы желтоқсанда

Мемлекеттік стратегиялар мен бағдарламалар

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы
2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының

ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.  
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:  
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау
3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік
4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары
5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі
Слайд 6

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасының 2020

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары
Қазақстан Республикасының 2020 жылға

дейінгі Стратегиялық даму жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілді.
индустрияландыру және инфрақұрылымдық даму арқылы әртараптандыруды жеделдету есебінен орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету;
болашаққа инвестиция ­– орнықты экономикалық өсім, өсіп-өркендеу және қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатының жетістігі үшін бәсекеге қабілетті адам капиталын арттыру;
тұрғындарды сапалы әлеуметік және тұрғын үй-коммуналдық қызметімен қамтамасыз ету;
ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын нығайту.   
2020 – Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан мынадай негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:   
Қазақстан 2020 жылға қарай экономикасы әртараптандырылған және халқы жаңа экономикаға белсенді тартылған, әлемдік дағдарыстан шыққан анағұрлым күшті және бәсекеге қабілетті елге айналады.
Қазақстан 2020 жылға қарай қолайлы іскерлік ахуалы бар, елдің шикізат секторында елеулі шетел инвестициясы тартылған, әлемнің ең бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіретін болады.
2020 жылға қарай еліміз әртараптандырылған экономиканы дамыту үшін қажетті адам ресурстарына, сондай-ақ отандық кәсіпкерлер мен экспорттаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымға ие болады.
2020 жылға қарай Қазақстан экономикасы нақты алғанда 2009 жылғы деңгейге қатысты алғанда үштен бірінен асады.
2020 жылға қарай төменгі күн көріс мөлшерінен аз табыс табатын халықтың үлесі 8 пайызға дейін төмендейді.  
2020 – Стратегиялық жоспарын жүзеге асырудағы басты жетістік Қазақстанның экономикалық өсімінің құрылымын сапалық жақсарту және дәйектілікпен әртараптандырылуы нәтижесінде ел азаматтарының әл-ауқатын елеулі түрде арттыру болуы керек.
Слайд 7

«Қазақстан 2030» Стратегиясына сай әлеуметтік қамсыздандырудың ұлттық моделі қалыптастырылды және тұрғындардың

«Қазақстан 2030» Стратегиясына сай әлеуметтік қамсыздандырудың ұлттық моделі қалыптастырылды және тұрғындардың

әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар қабылданды.
Біздің қол жеткізген алғашқы нәтижелеріміздің бірі – халықтың жұмыспен қамтылуының тұрақты өсімі. Елімізде жұмыссыздық деңгейі 2000 жылы 12,8%-ға, 2005 жылы 8,1% -ға, 2012 жылы 5,3% -ға, 2013 жылдың екінші тоқсаны қорытындысы бойынша 5,2%-ға төмендеген.
Слайд 8

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама
Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі

мемлекеттік бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілді.
Бағдарлама мақсаты – экономиканы әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы оның тұрақты және теңгерімді өсімін қамтамасыз ету.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігінің артуын қамтамасыз ететін басымдықтағы секторларын дамыту;  
индустрияландыру үшін қолайлы орта қалыптастыру;
экономикалық әлеуетті өңірлік ұтымды ұйымдастыру негізінде экономикалық өсім орталықтарын құру;
экономиканың басымдықтағы секторларын дамыту барысында мемлекет пен бизнестің тиімді ықпалдастығын қамтамасыз ету.
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан 2014 жылға қарай төмендегідей негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:
7 триллион теңгеден кем емес ІЖӨ өсімі, нақтылы түрде ІЖӨ өсімі 15%-ды құрайды;
ІЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін 12,5%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;
экспорттың жалпы мөлшерінде шикізаттық емес экспорт үлесін 40%-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;
өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің жиынтық мөлшеріндегі шикізаттық емес экспорт үлесін 43 %-дан төмен емес деңгейге дейін арттыру;
өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін 1,5 еседен кем емес мөлшерде арттыру.  
Слайд 9

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасында білім беруді

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасында  білім беруді дамытудың

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілді.
(Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 423 Жарлығымен өзгеріс енгізілді, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № 893 Жарлығымен Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы кіріктірілді)
Мақсаты - білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсімі үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде Қазақстан төмендегідей негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс:
жоғары және бірінші санатқа ие жоғары білікті педагогикалық қызметкерлердің педагогтардың жалпы санына шаққандағы үлесін ұлғайту, 2015 жылға қарай - 49%, 2020 жылға қарай - 54%;
3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамтуды ұлғайту, 2015 жылға қарай - 77,7%, 2020 жылға қарай - 100%;
Қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесін  ұлғайту, 2015 жылға қарай - 75%,  2020 жылға қарай - 80%;
мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған жоғары оқу орындары түлектерінің жоғары оқу орнын тәмамдаған алғашқы жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылуын ұлғайту, 2015 жылға қарай - 78%, 2020 жылға қарай - 80%;
әлемнің үздік университеттері рейтингінде көрсетілген Қазақстанның жоғары оқу орындары санын ұлғайту, 2015 жылы - 1, 2020 жылы - 2;
Слайд 10

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың  2016 - 2019 жылдарға арналған

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығымен қабылданды.
Бағдарламаның мақсаты - еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту.
Бағдарламаның міндеттері болып саналады:
Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту; аурулардың профилактикасын және басқаруды жетілдіру;
денсаулық сақтау жүйесін басқарудың және қаржыландырудың тиімділігін арттыру;
ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және саланың инфрақұрылымын жетілдіру.
Денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында Қазақстан мынадай мақсатты индикаторға қол жеткізуге тиіс:
2020 жылға қарай өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы 73 жасқа жетеді;
2020 жылға қарай халық денсаулығының индексі 20 % - ға жетеді;
2020 жылға қарай халықтың медициналық көмек сапасына қанағаттануының деңгейі. 
Слайд 11

Слайд 12

Слайд 13

Слайд 14

Гендерлік статистика және Мыңжылдықтың Даму Мақсаттарының көрсеткіштері 2000 жылғы қыркүйектегі Мыңжылдық

Гендерлік статистика және Мыңжылдықтың Даму Мақсаттарының көрсеткіштері

2000 жылғы қыркүйектегі Мыңжылдық Саммитте

Қазақстанды қоса БҰҰ мүше мемлекеттерінің басшылары Мыңжылдық Декларациясын қабылдады, онда 2015 жылға дейінгі дамудың негізгі Мақсаттары мен міндеттері қалыптастырылды. Бұл Декларация дүниежүзілік қауымдастықтың бейбітшілік, қауіпсіздік, даму, қоршаған орта, адам құқығы, басқару мәселелеріне көзқарасын көрсетті.
Мыңжылдық декларациясында белгіленген сегіз маңызды міндеттер нәтижесінде МЫҢЖЫЛДЫҚТЫҢ ДАМУ МАҚСАТТАРЫН құрған (МДМ):
1. Шегіне жеткен кедейлік пен аштықты жою.
2. Жалпыға бірдей бастауыш біліммен қамтамасыз ету.
3. Ерлер мен әйелдердің теңдігін қамтамасыз ету, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.
4. Балалар өлімінің деңгейін қысқарту.
5. Аналарды қорғауды жақсарту.
6. АИВ/ЖИТС және туберкулез, безгек және басқа аурулармен күрес.
7. Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
8. Даму мақсатында жаһандық серіктестікті қалыптастыру.
Бұл мақсаттар 2015 жылға дейін адамдардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін елеулі, өлшеуге болатын нәтижелерге жету үшін дүниежүзілік қауымдастыққа көмектесуге арналған.
Слайд 15

1 мақсат. Шегіне жеткен кедейлік пен аштықты жою

1 мақсат. Шегіне жеткен кедейлік пен аштықты жою

Слайд 16

Слайд 17

2 мақсат. Жалпыға бірдей бастауыш біліммен қамтамасыз ету

2 мақсат. Жалпыға бірдей бастауыш біліммен қамтамасыз ету

Слайд 18

3 Мақсат. Ерлер мен әйелдердің теңдігін қамтамасыз ету, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту

3 Мақсат. Ерлер мен әйелдердің теңдігін қамтамасыз ету, әйелдердің құқықтары мен

мүмкіндіктерін кеңейту
Слайд 19

Слайд 20

4 мақсат. Балалар өлімінің деңгейін қысқарту

4 мақсат. Балалар өлімінің деңгейін қысқарту

Слайд 21

5 мақсат. Аналарды қорғауды жақсарту

5 мақсат. Аналарды қорғауды жақсарту

Слайд 22

6 мақсат. АИВ/ЖИТС және туберкулез, безгек және басқа аурулармен күрес

6 мақсат. АИВ/ЖИТС және туберкулез, безгек және басқа аурулармен күрес

Слайд 23

7 мақсат. Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету

7 мақсат. Экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету

Слайд 24

Слайд 25

Слайд 26

8 мақсат. Даму мақсатында жаһандық серіктестікті қалыптастыру

8 мақсат. Даму мақсатында жаһандық серіктестікті қалыптастыру