Уранның әлемдiк қорының 80 пайызы 9 ел үлесiне тиедi. Олар: Аустралия,
Қазақстан, Канада, ОАР, Намибия, Нигерия, Ресей, Бразилия және АҚШ. Атап өтерлiгi, уран өндiрiсiнде алғы шептегi үш мемлекеттiң бiрi - Канада мен Австралиядан кейiн тұрған Қазақстан (2006)
Соңғы зерттеу қорытындылары ел аумағында 1 млн. тоннаға жуық табиғи уран қоры бар екенiн айқындап бердi. Уран қоры Қазақстанның оңтүстiк бөлiгiнде шоғырланған (2006)
Қазақстанның ұлттық «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы 2009 жылы 13 мың 500 тонна уран өндіріп, өнім көлемін өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 63 пайызға арттырып, әлемде уран өндірісі бойынша бірінші орынға көтерілді (2009)