Слайд 4
![Жалпы ережелер Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: Ақпараттандыру ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізінде](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/566193/slide-3.jpg)
Жалпы ережелер
Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Ақпараттандыру ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізінде электрондық ақпараттық
ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік экономикалық және ғылыми техникалық процесс;
ақпараттық жұмыстар электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді көру жөніндегі қызмет;
ақпараттық жүйе ақпараттық процестерді іске асыруға арналған ақпараттық бағдарламалық кешен;
ақпараттық жүйелердің аудиті ақпараттық жүйенің ағымдағы жай күйін онда болып жатқан іс әрекеттер мен оқиғаларды бағалаудың жүйелі процесі, олардың бір өлшемдерге, техникалық регламенттерге, стандарттарға, нормативтік техникалық құжаттамаға және тапсырыс берушінің талаптарына сәйкестік деңгейін белгілейді;
ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдерінің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік техникалық құжаттаманың депозиттері (бұдан әрі депозитарий) бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың даналарын оларға ілеспе нормативтік техникалық құжаттамалармен бірге жинақтауды, сипаттауды, сақтауды және жүйелеуді қамтамасыз етуге арналған арнаулы сақтау орны;
ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік техникалық құжаттаманы депозитке беру (бұдан әрі депозитке беру) бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік техникалық құжаттамаларынын жүзеге асыратын ұйым;
электрондық үкімет шлюзі электрондық қызметтер көрсетуді іске асыру шеңберінде электрондық үкімет ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе.