1 мамыр - Қазақстан халық тарының бірлігі күні

Содержание

Слайд 2

Үш мың жыл бұрын ежелгі Италия тұрғындары Жердің қамқоршысы әйел-құдай –

Үш мың жыл бұрын ежелгі Италия тұрғындары Жердің қамқоршысы әйел-құдай

– Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептелді.

www.ZHARAR.com

Слайд 3

1890 жылы Парижде өткен ІІ интернационал конгресінің шешімімен 1886 жылы Чикагода

1890 жылы Парижде өткен ІІ интернационал конгресінің шешімімен 1886 жылы

Чикагода болған америкалық еңбекшілердің 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, капиталистер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап 1 Мамыр еңбекшілердің ынтымағы мерекесі ретінде аталып келеді.

www.ZHARAR.com

Слайд 4

Алғаш айтулы мейрамды 1890 жылы Аустро-Мажарстан, Белгия, Алмания, Дания, Испания, Италия,

Алғаш айтулы мейрамды 1890 жылы Аустро-Мажарстан, Белгия, Алмания, Дания, Испания,

Италия, АҚШ, Норвегия, Франсия, Швеция сияқты мемлекеттер атап өтті. Содан бері аумалы-төкпелі заман өтіп, саяси жүйелер жаңғырса да, қазіргі таңда 1 Мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда әлемнің 66 мемлекеті тойлайды.

www.ZHARAR.com

Слайд 5

Украинада 1 Мамыр күні халық алаңда мереке ұйымдастырып, орманда серуен құрып,

Украинада 1 Мамыр күні халық алаңда мереке ұйымдастырып, орманда серуен

құрып, кәуәп дайындайды. Оңтүстік Африка республикасында халықтық өнер туындыларының көрмесін ұйымдастырып, төмен бағамен жалпы халыққа арналған тұрмыстық бұйымдар сатылады.

www.ZHARAR.com

Слайд 6

Сицилияда жергілікті халықтың сенімі бойынша, бұл күні даладан түймедақ (ромашка) теру

Сицилияда жергілікті халықтың сенімі бойынша, бұл күні даладан түймедақ (ромашка)

теру бақыт әкеледі-міс. Испанияда бұл күн гүлдер мерекесі болып саналады. Ал Берлин полицейлері үшін бұл күн ауыр да мазасыз күн, себебі елдегі партиялар мен қозғалыстардың шеруінің соңы бей-берекет тәртіпсіздіктерге ұласып жатады.

www.ZHARAR.com

Слайд 7

Ал америкалықтар болса, мейрам екен демейді, жұмыс істейді. Британияда 1 Мамыр

Ал америкалықтар болса, мейрам екен демейді, жұмыс істейді. Британияда 1

Мамыр – демалыс күні. 1977 жылы лейбористер билік басында болғанда, бұл күн мемлекеттік мейрам ретінде аталып өтетін. Еуропаның көпшілік елдері бұл күнді атап өтуге соншалық ықыласты емес

www.ZHARAR.com

Слайд 8

Аустрия, Болгария, Бразилия, КХДР-да еңбек мейрамы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтеді.

Аустрия, Болгария, Бразилия, КХДР-да еңбек мейрамы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып

өтеді. Ресей империясында 1890 жылдан бастап 1 Мамыр мерекесі аталып келеді. Алайда 1897 жылы бұл мейрамды тойлаудың арты саяси сипат алып, бұқаралық бас көтеруге ұласады. Тек большевиктер 1917 жылдан бастап 1 Мамыр мерекесін тұрақты түрде атап өтуді дәстүрге айналдырған.

www.ZHARAR.com

Слайд 9

1 мамыр мейрамы КСРО құрсағындағы қырық құрау ұлыстарды бірыңғай кеңес халқына

1 мамыр мейрамы КСРО құрсағындағы қырық құрау ұлыстарды бірыңғай кеңес

халқына айналуына үлес қосқан-ды. 1 мамыр қызыл төңкеріс пен таптық күрестің символы болды. Кеңестік идеологияның тегеуріні сондай, 1 мамыр күні Маяковскийдің «Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр!» деген сөзімен ұран тастап, алқызыл жалау желбіретіп, алаңда төбе көрсетпегендерді ертесіне жұмыстан шығарып жіберетін. КСРО-ның орнын басқан Ресейде 1 Мамыр мерекесін 1997 жылдан бастап Көктем және еңбек мерекесі ретінде атап өтеді.

www.ZHARAR.com