Содержание
- 2. “Алаш” туының астында Куә болсын Арымыз! Көркейтуге Алашты Құрбандық біздің жанымыз! Жасасын, Алаш, жасасын! – деп
- 3. Қазақстанда қоғамдық – саяси өмір үлкен өзгеріске ұшырады. 1917 жылы шілдеде Орынборда бірінші Бүкілқазақ съезі шақырылды.
- 4. 1917 жылы желтоқсанда “Алаш” партиясының Екінші Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде автономия мен оның үкіметін құру
- 5. Қазақ зиялылары. XIX ғ. басы.
- 6. А. Байтұрсынов қазақ зиялыларымен бірге.
- 7. "Халық жауларын" ату. Азамат соғысы жылдары Алашорда үкіметі Кеңес өкіметіне қарсы болғандықтан саяси қудалауға ұшырады. 1920
- 8. Бөкейханов Әлихан (1870-1937) Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт
- 9. Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды
- 10. Бейімбет Майлин (1896 - 1937) Бейімбет Майлин (1896 ж. Қостанай обл. , Таран ауд., - 1937
- 11. Ғабиден Мұстафин. (1902-1985) Ғабиден (29.11.1902, Қарағанды обл. Бұқар жырау ауд. Жауыр тауы-20.1.1984 - Алматы) жазушы, Қазақстан
- 12. МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ (1885-1935) XX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бipi – қайраткері Міржақып
- 13. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ (1893-1938) Жұмабаев, Мағжан Бекенұлы (1893-1938 ) – қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай
- 14. ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ (1889-1931) ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында
- 15. Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және тарихи-әлеуметтік оқиғаларға, қазақ, жеріндегі өзгерістерге өзінің азаматтық, ақындық
- 16. Сәкен Сейфуллин (1894-1938) Сейфуллин, Сәкен (Садуақас, 1894-1938) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, мемлекет
- 17. Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) Абайдың жолын қуған және одан үлгі алған, ойшыл- философ, ғалым-тарихшы, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы
- 18. Мұхаметжан Тынышбаев (1879-1937) Мұхаметжан Тынышбаев (1879-1937) — қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін
- 19. Елбасы Н.Назарбаев: «Алаштың» басты мақсаты - қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл біздің жедел
- 21. Скачать презентацию
“Алаш” туының астында
Куә болсын Арымыз!
Көркейтуге Алашты
Құрбандық біздің жанымыз!
“Алаш” туының астында
Куә болсын Арымыз!
Көркейтуге Алашты
Құрбандық біздің жанымыз!
Қазақстанда қоғамдық – саяси өмір үлкен өзгеріске ұшырады. 1917 жылы шілдеде
Қазақстанда қоғамдық – саяси өмір үлкен өзгеріске ұшырады. 1917 жылы шілдеде
“Алаш” партиясының басшылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов т.б. буржуазиялық-демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының өкілдері еді. Алаш партиясының қатарына ғылыми және шығармашылық зиялы өкілдері: М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы т.б. кірді.
1917 жылы желтоқсанда “Алаш” партиясының Екінші Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде
1917 жылы желтоқсанда “Алаш” партиясының Екінші Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде
Қазақ зиялылары. XIX ғ. басы.
Қазақ зиялылары. XIX ғ. басы.
А. Байтұрсынов қазақ зиялыларымен бірге.
А. Байтұрсынов қазақ зиялыларымен бірге.
"Халық жауларын" ату.
Азамат соғысы жылдары Алашорда үкіметі Кеңес өкіметіне қарсы
"Халық жауларын" ату.
Азамат соғысы жылдары Алашорда үкіметі Кеңес өкіметіне қарсы
1955 жылы алашордашылар ақталса да, ресми тарихтан тыс болды. Тек 1988 – 1989ж. Қазақстан Ком-к партиясының шешімімен шығармашылық мұралары жарық көрді
Бөкейханов Әлихан
(1870-1937)
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет
Бөкейханов Әлихан
(1870-1937)
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет
Ә.Бөкейханов Ресейдің көрнекті экономист, географ ғалымдарымен бірлесе отырып, «Россия біздің отанымыздың жалпы географиялық сипаттамасы» атты көп томдық еңбектің 1903 жылы шыққан қазақ өлкесіне арналған 18 томның тарауларын жазуға қатысқан.
1905 жылы Семей облысынан 1 Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланып, Дума таратылар алдында ғана үлгереді.
1917 жылдары шілде және желтоқсан айларында өткен жалпы қазақтық сиездерді ұйымдастырып, онда «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметін құруға қол жеткізеді. Алашорда үкіметінің төрағалығына сайланады.
Ахмет Байтұрсынұлы
(1873-1938)
XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен
Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен
Бейімбет Майлин
(1896 - 1937)
Бейімбет Майлин (1896 ж. Қостанай обл. ,
Бейімбет Майлин
(1896 - 1937)
Бейімбет Майлин (1896 ж. Қостанай обл. ,
Бейімбет кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жылдай дәріс алады. 1913 ж. Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды.
Өлеңдері «Айқап» журналында басқа да басылымдарда шыға бастайды. Осы жылдарда ол қазақ, татар, башқұрт, орыс әдебиеттерімен кеңірек танысып, әдеби сауаты арта түседі.
Газетте редактор болып істейтін белгілі революцонер ақын С.Сейфуллиннің қарамағында жұмыс жасау Майлиннің шығармашылық жолына үлкен өзгерістер әкеледі, еңбекші таптың саяси мүддесін көздеген өлеңдер жаза басатайды. «Еңбекші Қазақ» газеті бетінде өлең!әңгімелері жиі жарияланады. «Шұғаның белгісін» қайтадан өңдеп, «Кызыл Қазақстан» журналында бастырады.
«Раушан!коммунист» повесі осы кезде жазылады. 1934-1937 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор болды. 1937ж. халық жауы деген жаламен ұсталып, 1938ж. ақпанның 25-і күні атылып кетті.
Майлиннің біраз өлеңдері әйел теңдігі тақырыбына арналған. «Қыздың сәлемі», «Қашқын келіншек», «Ақсуаттың жанында» сияқты өлеңдерінде ескі салтқа негізделген қазақ қыздарының аянышты тағдырлары суреттеледі. «Азат әйел», «Ғазиза», Шал мен қыз», «Ажар» сияқты өлеңдерінде жаңа заманда теңдікке жетіп, бақытты өмір сүре бастаған жастарды жырға қосты.
Ғабиден Мұстафин.
(1902-1985)
Ғабиден (29.11.1902, Қарағанды обл. Бұқар жырау ауд. Жауыр тауы-20.1.1984 -
Ғабиден Мұстафин.
(1902-1985)
Ғабиден (29.11.1902, Қарағанды обл. Бұқар жырау ауд. Жауыр тауы-20.1.1984 -
1925-1964 ж. Қарағанды шахтасында темір жонушы (токарь), «Қарағанды пролетариаты» (қазіргі «Орталық Қазақстан») газетінің жауапты хатшысы, Новосібірде шыққан «Қызыл ту» газетінің, «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналының қызметкері, редакторы, ҚР Жазушылар Одағы басқармасының төрағасы (1953-1956, 1962-1964) қызметтерін атқарды.
Алғашқы әңгімесі «Сәрсен мен Боқаш» (1927), «Жыл құсы» альманағында жарияланса, тұңғыш жинағы «Ер Шойын» (1929) деген атпен шықты. 1940 ж. Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған «Өмір не өлім» атты тұңғыш романы жарияланды. Бұл кітап үлкен шығарм. Жолдың бастауын белгілеген ақын еңбегі еді. Соғыс жылдарында «Құлаған құз», «Алынған кек», «Басқа пәле тілден», «Айғақ» (1942), «Тұтқын», «Күлмеген адам», «Керуен» секілді шағын туындылырды өмірге әкелді. («Жиырма бес» (1953). Соғыстан кейін ол кең көлемді прозада қалам тартып, дүниежүзіне танымал болған Шығанақ Берсиев өмірінен «Шығанақ» повесін жазды (1945). Ол «Қарағанды» (1952), «Дауылдан кейін» (1960), «Көз көрген» (1963) ж. романдарын жазды.
МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ
(1885-1935)
XX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бipi
МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ
(1885-1935)
XX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бipi
Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылында дүниеге келеді. 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi – ұстаз, бipi – ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып А.Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халқының жазушыларының қатарында болады.
Міржақып Дулатов – әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы – "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орынборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады.
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
(1893-1938)
Жұмабаев, Мағжан Бекенұлы (1893-1938 ) – қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
(1893-1938)
Жұмабаев, Мағжан Бекенұлы (1893-1938 ) – қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ
Ол оқу іздеп енді Уфаға аттанады. Сонда өзінің білім беру дәрежесінен Жоғары діни оқу орнымен пара пар Медресе Ғалияға оқуға түседі. Медреседе оқып жүргенде, осында оқытушы болып істейтін, татардың белгілі жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың назарына ілігеді. Болашақ ақынның зор дарынын таныған Ғалымжан Мағжанды қамқорлығына алып, оған көп жәрдем көрсетеді. Соның көмегімен Қазан қаласында Мағжанның «Шолпан» атты тұңғыш жинағы жарық көреді, соның ақыл кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түседі. Жастайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің мәдениетіне еркін жеткен Мағжан қазақ поэзиясына өзіндік ерекшелігімен, дарынды болмысымен келеді.
Бұл кез оның қазақтың ардақ азаматтары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлынан дәріс алып, шығармашылықтың жаңа бір белесіне құлаш ұрған шағы еді.
Мағжан «Шолпан», «Сана» журналдары, «Ақ жол» газеті редакцияларында қызмет істеп жүргенде болсын, Москваның Жоғары әдебиет көркемөнер институтында оқып жүргенде болсын, үнемі ізденіс үстінде, шығармашылық өрлеу жолында болады.
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ
(1889-1931)
ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ
(1889-1931)
ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады," Абай" журналын шығаруға ат салысады.
Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, "Қартқожа", "Ақбілек" романдары, "Күнікейдің жазығы" хикаяты мен "Әнші" секілді бірқатар көркем әңгімелері, "Рәбиға", "Мансапқорлар", "Қанапия мен Шәрбану", "Ел қорғаны", "Шернияз" пьесалары, "Нұр күйі" поэмасы, сондай-ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар.
Жүсіпбек Аймауытов кезінде аудармашы ретінде де танылды. Ол аударған А.С.Пушкиннің, Н.В.Гогольдің, А.Дюманың, Дж.Лондонның, Г.Мопассанның, В.Шекспирдің, К.Берковичтің, С.Чуйковтың шығармалары жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ аударма өнерінің өрісін қаншалықты кеңейтсе, жазушының әлем әдебиетінің көрнекті туындыларын қазақ тіліне аударудағы тамаша аудармашылық талантын да соншалықты айқын танытты.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
(1893-1920)
XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және тарихи-әлеуметтік оқиғаларға, қазақ, жеріндегі
Сұлтанмахмұт Торайғыров
(1893-1920)
XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және тарихи-әлеуметтік оқиғаларға, қазақ, жеріндегі
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 29 қазанда қазіргі Ақмола облысының Қызылту ауданында туады. Екі жасында анасы өліп, әжесінің тәрбиесінде болған оның балалық, жастық шағы Баянауыл өңірінде өтеді. Кедейлігінен "Шоқпыт" атанған әкесі Әбубәкір ақ көңіл, жомарт әрі айтқанынан қайтпайтын қайсар да қайратты адам болады. Білімі толысып, өнерге құштарланған Сұлтанмахмұт қаламынан бұл кезеңде "Дін", "Сарыбас", "Соқыр сопы", "Кезек қашан келеді", "Оқу" атты бірқатар өлеңдер мен "Зарландым" деген әңгіме туады. Оларда талапкер ақын ескі оқу мен жаңа оқудың айырмасы, өнер мен білімнің пайдасы, байлық пен кедейлік, т.б. туралы толғанады.
Ресей патшасы тақтан құлаған 1917 жылдың көктемінде Сұлтанмахмұт Семей қаласына келеді. Қазақтың оқыған азаматтарымен танысады, араласады, қызметке кіреді. Алаш қозғалысына белсене ат салысады.
1919 жылдың соңында Сұлтанмахмұт Павлодарға келіп, біраз уақыт кеңес өкіметіне қызмет етеді. Бірақ көп ұзамай бойындағы науқасы меңдеп, төсек тартып жатып қалады. 1920 жылы 20 мамырда 27 жастағы Сұлтанмахмұт дүние салады.
Сәкен Сейфуллин
(1894-1938)
Сейфуллин, Сәкен (Садуақас, 1894-1938) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін
Сәкен Сейфуллин
(1894-1938)
Сейфуллин, Сәкен (Садуақас, 1894-1938) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін
Туып өскен жері - Қарағанды облысының Шет ауданына (бұрынғы Жаңаарқа ауданына) қарасты Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы. Саяси репрессияның құрбаны болған.
Сәкеннің алғашқы өлеңдер жинағы «Өткен күндер» деген атпен 1914 жылы жарық көрді. Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің шығармашылық ерекшелігі мен идеялық саяси ұстанымын бедерлі айғақтайтын туындылары - «Кел жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Жұмыскерлерге», « Жолдастар» сияқты саяси лирикалары, сондай-ақ «Советстан», «Көкшетау», «Альбатрос», «Социалистан», «Қызыл ат» поэмалары. Проза саласында «Жер қазғандар», «Айша», «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда», «Жемістер» повестері мен «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық роман жазған. «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» драмалары өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалар.
Сәкен шығарған әндер халықтық дәстүрді тұғыр ете отырып, дүниеге келген өзіндік даралық сипаттармен ерекшеленеді.
Сәкен қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына жойдасыз еңбек сіңірді. Бұл жолда Сәкен социалистік жүйені, оның идеялық дем берушісі коммунистік партияны халықтарға бақыт пен бостандық әкелуші деп сенді. Тіпті, сенбеген күнде, сөз жүзінде мейлінше тартымды коммунистік партияның саяси платформасын ұлттың көгеріп көктеуіне пайдаланбақшы болып жан-тәнімен қимылдады.
Шәкәрім Құдайбердиев
(1858-1931)
Абайдың жолын қуған және одан үлгі алған, ойшыл- философ, ғалым-тарихшы,
Шәкәрім Құдайбердиев
(1858-1931)
Абайдың жолын қуған және одан үлгі алған, ойшыл- философ, ғалым-тарихшы,
ХХ ғасырдың басы Шәкәрімнің творчестволық қызметінің атағы шыққан уақыт. 1906 жылы ол Меккеге, Мысырға, Стамбулға барып, сатып алған кітаптарын Семейге пошта арқылы жібере жүріп, кітапханаларда жұмыс істеген. Оның өмірінің соңғы кездері 1905-1907 жж. революциямен, столыпин әсерімен, бірінші дүниежүзілік соғыспен, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыспен, февраль және октябрь революциясымен, азаматтық соғыспен, кеңес үкіметінің орнауымен, коллективизациямен тұстас келеді.
Құдайбердіұлының тірі кезінде оның «Қазақтар айнасы» кітабы, «Қалқаман-Мамыр» және «Еңлік-Кебек» поэмалары басылып шықты. 1913-1924 жылдары «Абай», «Айқап», «Шолпан» журналдарында, «Қазақ» газетінде бөлек өлеңдері, мақалалары мен эсселері жарияланды. «Абай» және «Шолпан» журналдарында Хафизден аударған аудармалар мен Физулидің «Лейлі мен Мәжнүн» поэмасының аудармасын басып шығарды. 1936 жылы Алматыда «Әдебиет майданы» журналына Пушкиннің «Дубровский» мен «Метель» поэтикалық аудармалары жарияланды.
Мұхаметжан Тынышбаев
(1879-1937)
Мұхаметжан Тынышбаев (1879-1937) — қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері,
Мұхаметжан Тынышбаев
(1879-1937)
Мұхаметжан Тынышбаев (1879-1937) — қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері,
1889-1900 жылдары Верный ерлер гимназиясында оқып, оны үздік бітіріп шығады.. Гимназияны бітіргенде педагогикалық кеңестің шешімімен ол ғылымда, әсіресе, математикада үздік жетістікке жеткені үшін Алтын медальмен марапатталады.
Жиырма жасар Мұхаметжанның Жетісу әскери губернаторының кеңсесіне тілмаш болып орналасуына жол ашады. Бірақ оқуға ынталы жас жоғары білім алуға ұмтылып, император Александр І атындағы Петербург теміржол транспорты институтына түсуге тілек білдіреді. 1916 жылғы көтеріліс туралы Түркістан генерал-губернаторына берген түсініктеме нұсқасында оны кеңінен толғап, отаршылдық зорлық-зомбылық қимыл-әрекеттеріне қысқаша шолу жасауы — тобықтай түйіндеп айтылған зор ғылыми еңбек болып табылады. Ақпан төңкерісіне дейін Мұхаметжан өзінің темір жол инженері мамандығы бойынша Орта Азияда, Жетісу облысында біраз жыл қызмет етеді.
1918 жылы бүкілтүркістандық ІV-ші мұсылмандар съезіне қатысып, онда жарияланған Түркістан («Қоқан») автономиясының премьер-министрі болып сайланады.1926 жылдан бастап Тұрар Рысқұловтың қолдауымен Түркістан-Сібір жолын салуға қатысады.
Сталиндік зобалаңда ол 1930 жылы 3 тамызда тұтқындалып, бес жылға сотталып Воронежге жбес жылға жер аударылады.Онда ауырып, оралғанымен 1937 жылы қараша айында қайта тұтқындалады да, 1938 жылы Ташкент түрмесінде атылады
Елбасы Н.Назарбаев:
«Алаштың» басты мақсаты - қазақ қоғамын бірте-бірте
өзгертіп, заманға бейімдеу еді.
Елбасы Н.Назарбаев:
«Алаштың» басты мақсаты - қазақ қоғамын бірте-бірте
өзгертіп, заманға бейімдеу еді.
модернизация бағытымызға да сай келеді... Алаш арыстары бізге
мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті... Алаштың
асыл аманаты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қарапайым
тілмен айтсақ, қазақы қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді.
Алаштың асыл аманаты бізді ауызбірлігімізді күшейтуге шақырады».