Марк Туллий Цицерон (106 - 43 гг. до н.э.)

Содержание

Слайд 2

МАРК ТУЛЛИЙ ЦИЦЕРОН (106 — 43 ГГ. ДО Н.Э.) Цицерон Марк

МАРК ТУЛЛИЙ ЦИЦЕРОН (106 — 43 ГГ. ДО Н.Э.)

Цицерон Марк Туллий

(б.з.б. 3.1.106, Арпинум — 7.12.43, Кайета маңы) — Ежелгі Римнің саяси қайраткері, шешен, жазушы. Ақсүйектер әулетінен. Б.з.б. 63 ж. консул болған кезінде беделі қатты өсті (Катилинаның қастандығын ашты, сенатта басшы рөл атқарды). 1-триумвират (үштік одақ) құрылғаннан кейін ықпалы төмендеп, б.з.б. 58 — 57 ж. қуғынға түсті. Б.з.б. 56 — 50 ж. Гней Помпей мен Юлий Цезарьды жақтады. Олар араздасқаннан кейін (б.з.б. 49) азамат соғысы кезінде екеуін татуластырмақ болды. Цезарь жеңгеннен кейін (б.з.б. 47) саясаттан қол үзіп, ол өлтірілгеннен кейін ғана саясатқа қайта араласты.
Слайд 3

Слайд 4

Оның Марк Антонийге қарсы 14 сөзі — “филиппик” осы кезеңге жатады.

Оның Марк Антонийге қарсы 14 сөзі — “филиппик” осы кезеңге

жатады. 2-триумвиратқа қарсы күресте сенат жеңілген кезде, Антоний мен Октавиан Августың қолынан қаза тапты. Цицеронның саяси идеалы — “аралас” мемлекеттік құрылыс (монархия, аристократия және демократия элементтері бар б.з.б. 3 — 2 ғасырлардағы Рим республикасы үлгісіндегі мемлекет) болды. Цицерон өзін грек философиялық теориясы мен Рим саяси (шешендік) теориясын “татуластырушы”, “тәртіп сақтаушы және қамқоршы” адамның үлгісі деп есептеді..
Слайд 5

Б.з.б. 51-50 жылдары Киликия мен Кіші Азияда проконсул қызметін атқарған кезде,

Б.з.б. 51-50 жылдары Киликия мен Кіші Азияда проконсул қызметін атқарған кезде,

бірнеше таулық тайпаларды жеңгеннен кейін Цицеронның беделі әскердің арасында айтарлықтай өсті. Солдаттар оны император деп жариялады. Ол б.з.б. 50 жылдың аяғында Римге келген соң Цезарь мен Помпейдің арасындағы текетіресте Помпей жағына шықты. Бірақ б.з.б. 48 жылы Фарсель түбіндегі соғыста Помпей жеңіліс тауып, Египетке қашқаннан кейін Цицерон күрестен бас тартып, Цезарь билігіне мойынсұнуға мәжбүр болады. Ол енді бірыңғай шешендік өнермен айналысып, «Шешен» және «Брут» атты трактаттарын жазды.
Слайд 6

Ел билігі қолына тиген соң Цезарь абсолютизмге бой ұрды. Сенімі ақталмаған

Ел билігі қолына тиген соң Цезарь абсолютизмге бой ұрды. Сенімі ақталмаған

Цицерон шешендік өнерді тастап, философиямен айналысуды ұйғарды. Цицеронның осы кезеңдегі сүреңсіз өмірін отбасындағы сәтсіздіктер – отыз жыл отасқан әйелі Теренциядан ажырасуы, жас әйелге үйленуінің сәтсіздігі және сүйікті қызы Тулияның кенеттен қайтыс болуы ауырлата түсті.
Слайд 7

Цицеронның шешендiк өнер iлiмiне арналған еңбектерiнде шешен үшiн сөйлеу композициясы, стилi,

Цицеронның шешендiк өнер iлiмiне арналған еңбектерiнде шешен үшiн сөйлеу композициясы, стилi,

сөйлеудегi айшықты тiл оралымдары, сөйлеудiң дыбыстық жағы, артистiк қасиет сияқты тәлiм алатын көптеген жайттар қамтылған.
Слайд 8

Цицерон артында шешендік өнердің теориясы мен тарихы жайлы көптеген шығармалар, философиялық

Цицерон артында шешендік өнердің теориясы мен тарихы жайлы көптеген шығармалар, философиялық

трактаттар, 800-ге жуық хат, сот процесі мен саясат аренасында айтылған 58 сөз қалдырды. Арасында грек тілінде жазылған 1000-ға жуық хаты сақталмаған. Цезарь, Помпей, Антоний және басқа да мемлекет қайраткерлерінің оған жазған 90 хаты сақталған. Б.з.б. 68 жыл мен 43 жылдың шілдесіне дейінгі уақыттар қамтылған хаттары мен еңбектері 37 кітап болып басылған.
Слайд 9

Рим азаматы философиялық біліммен сусындау арқылы шешендік өнерді меңгергенде тек қана

Рим азаматы философиялық біліммен сусындау арқылы шешендік өнерді меңгергенде тек қана

мемлекет мүддесі үшін қызмет ету керек екендігін атап көрсетті. Цицерон өз заманындағы ең білімді адамдардың бірі болғанымен, өзіндік жол салған ойшыл емес еді. Оны өзі де аңғарып, өзінің трактаттарын менің стиліммен өрнектелген компиляциялар деп есептеді. Цицеронның философиялық және риторикалық шығармалары көбіне диалог түрінде жазылды. Шешендік өнер туралы теориялық еңбектерінде Цицерон өзінің мемлекеттік және қоғамдық қызмет атқарғандағы принциптері мен әдістерін негізге алды. «Шешендік туралы» деген үш кітаптық еңбегін сенат партиясының өкілдері, білікті шешендер Лициний Красс пен Марк Антоний арасындағы диалог түрінде жазды. Өзінің көзқарасын Красстың сөздері арқылы баяндады. Красс шешендік өнердің шебері өмірдің барлық саласынан хабардар білімді адам болуы керек деп есептесе, Цицерон да шешенді аласапыран заманда мемлекетті құтқарып қалатын, сұңғыла саясаткер, жан-жақты, білімді адам болуы тиіс деген.
Слайд 10

Өзінің досы Брутқа арнап жазған «Брут» атты трактатта алдымен грек, кейін

Өзінің досы Брутқа арнап жазған «Брут» атты трактатта алдымен грек,

кейін Римнің атақты шешендерімен бірге әлі танылып үлгермеген, барлығы 200-ден аса шешендердің аттарын атап, еңбектерін талдаған.
Слайд 11

Шынайы шешен Цицерон ұғымында ”диалектиканың тапқырлығын, философтың алғыр ойын, ақынның ақиық

Шынайы шешен Цицерон ұғымында ”диалектиканың тапқырлығын, философтың алғыр ойын, ақынның ақиық

сөзiн, заңгердiң жадысын, трагиктiң қайғылы даусын, лицедейлердiң мықты ойының игеруi керек»
Слайд 12

Сондай-ақ Цицерон ”Брутта” тағы бiр қызғылықты тұжырым жасайды: ”Шешен айырықша екi

Сондай-ақ Цицерон ”Брутта” тағы бiр қызғылықты тұжырым жасайды: ”Шешен айырықша екi

қасиетке жетiк болуы керек: алдымен нақты дәйектемелермен нандыра бiлу, екiншiден тыңдаушылардың жүрегiн толқыта сөйлеу, өйткенi кейде сотты нанымға жетектегеннен гөрi, оны тебiренткен оңтайлы”
Слайд 13

Цицеронды шіркеу қайраткерлері Лактанция, Амвросий Медиоланский, Августин, қайта өркендеу дәуірінің жазушылары

Цицеронды шіркеу қайраткерлері Лактанция, Амвросий Медиоланский, Августин, қайта өркендеу дәуірінің жазушылары

Петрарка мен Боккаччо, француз ағартушылары Дидро, Вольтер, Монтескье, Ж.Ж. Руссо, т.б. үлгі тұтқан.
Слайд 14

Марк Туллий Цицеронның қанатты сөздерін ұсынамыз.

Марк Туллий Цицеронның қанатты сөздерін ұсынамыз.

Слайд 15

Күмәндану арқылы шындыққа жет. Адамның келбеті жүрегінің айнасы. Көп өтірік айтатын

Күмәндану арқылы шындыққа жет.
Адамның келбеті жүрегінің айнасы.
Көп өтірік айтатын адамдар шыншыл

болып көрінуге тырысып бағады.
Қолыңнан келсе, істе!
Жұмыс істеген адам дұрыстап демала да білуі керек.
Кез келген ілімді айқын түсіну үшін ұқыптылық керек.
Барлық нәрсені біліп, анализ жасай білу аз. Сонымен қатар, соған байланысты сауатты қадам жасай білу керек.
Сананы тұрмыс билейді.
Слайд 16

Планетадағы әр адам өз ақылымен ойланып, өзгенің пікірінен тәуелсіз шешім шығара

Планетадағы әр адам өз ақылымен ойланып, өзгенің пікірінен тәуелсіз шешім шығара

білуі керек.
Жазу өнері шешендікке баулиды.
Білім дегеніміз заңдар мен ережелерді құрғақ жаттау емес, - олардың мағынасына жетіп, мәнін түсіну.
Өмір бойы сүйіп, махаббатыңды төккің келетін адамды да таңдай біл.
Шектен тыс көп тамақтану адамды қуаттандырудың орнына сылбыр қылады.
Ар-ұждан - Құдайдың сыйы.
Тура биде туған жоқ.
Көпшілік алдында сөйлегісі келген адам айтқалы отырған әңгімесінің мәніне жетіп алмаса, сөзінің құр былдырдан айырмашылығы қалмайды.
Биліктің ең зоры -өзіңді өзіңе бағындыра білу.