Шымкент махаббатым менин

Слайд 2

ШЫМКЕНТ – МЕНІҢ МАХАББАТЫМ ЖАНР: Романтикалық комедия СЕРИЯ САНЫ: 8 ХРОНОМЕТРАЖ:

ШЫМКЕНТ – МЕНІҢ МАХАББАТЫМ

ЖАНР: Романтикалық комедия
СЕРИЯ САНЫ: 8
ХРОНОМЕТРАЖ: 30 мин
АУДИТОРИЯ: 15-60
ТҮСІРІЛЕТІН

ОРНЫ: Шымкент қаласы
ТАРАТЫЛУ АЙМАҒЫ: Қазақстан Республикасы
Слайд 3

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОП Бас продюсер – Гүлнұр Мамасарипова («Ана жүрегі», «Қарлығаш ұя

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОП

Бас продюсер – Гүлнұр Мамасарипова («Ана жүрегі», «Қарлығаш ұя салғанда

-1,2», «Рауан», «Келінжан – 1,2», «Армандастар», «Я люблю тебя», «Болмаған балалық шақ», «Шалдың баласы»)
Қоюшы режиссер – Ернар Нұрғалиев ( «Махаббатым жүрегімде», «Өгей жүрек», «Келінжан», «Қарлығаш ұя салғанда», «Зауре», «Жаным ты не поверишь» және т.б.
Қоюшы оператор – Шерхан Таңсықбаев («Брат или брак», «Я люблю тебя», «Келінжан», «Ва Банк», «Шестой пост» және т.б.)
Сценарий – Гүлнұр Мамасарипова(«Ана жүрегі», «Қарлығаш ұя салғанда -1,2», «Рауан», «Келінжан – 1,2», «Армандастар», «Я люблю тебя», «Болмаған балалық шақ», «Шалдың баласы»)
Слайд 4

ШЫМКЕНТ – МЕНІҢ МАХАББАТЫМ Идея: Шымкент шаһары Қазақстандағы ең ірі мегаполистің

ШЫМКЕНТ – МЕНІҢ МАХАББАТЫМ

Идея: Шымкент шаһары Қазақстандағы ең ірі мегаполистің қатарына

қосылды. Бүгінде ол Республикалық маңызы бар қала мәртебесін иеленген. Соған байланысты қаланың құрлысы қарқынды дамуда әрі жан-жақтан жоғары білікті мамандар шақырылады. Солардың бірі Нұр-Cұлтан қаласында тұратын пиар саласының мықты маманы – Дина. Оны Шымкент қаласының туристік имиджін дамыту үшін жергілікті компания шақырады. Бұл компанияның басшысы Асқар кездесу ұйымдастырып, жаңа маманды серіктесі Абылаймен жолықтырмақ болады. Абылай мен Асқар компанияны бірге құрған, бірақ Асқар құжаттарға пысық, менеджер, ал Абылай болса шығармашылық адам. Абылай жаңа маманның басқа қаладан келгенін ұнатпай қалады. Сондықтан Дина екеуі танысқанда бірден жақтырмағанын көрсетуге тырысады, Дина мұның себебін түсінбей қалады. Екеуі бірден жауласып, неше түрлі әрекеттер жасайды. Бірақ жек көру мен махаббаттың арасы бір қадам дегендей, Абылай Динаны ұнатып қалады, екеуі бірлесіп жобаларды жүзеге асыра бастайды. Алайда Динаның Нұр-Сұлтанан бұрынғы жігіті келеді, Динаны өзіне қайтармақ. Дина бұрынғы жігітімен кетеді ме, әлде Шымкент оның мәңгілік махаббатына айналады ма?
Слайд 5

Мақсаты: Сериал барысында Шымкент қаласының көне орындары, танымал жерлері, ең көрікті

Мақсаты: Сериал барысында Шымкент қаласының көне орындары, танымал жерлері, ең көрікті

мекендері кейіпкерлер арқылы көрсетіледі. Бұл жерде тек махаббат хикаясы емес, адамдардың қарым-қатынасы, қазақтың дәстүрі, үлкенге құрмет, кішіге ізет мәселелері сөз болады. Хикаяның басты мақсаты жастардың бойында туған жерге деген махаббаты ояту, жастардың тұлғалық портретінің қалыптасуына ықпал ету, атадан балаға мұра болып қалған салт-дәстүріміздің сақталуын насихаттау. Ұлы даланың жазылмаған заңдарының заманға, өркениетке, жахандануға қарамастан әр қазақтың жүрегінде сақталатынын көрерменге жеткізу. Негізгі оқиға желісінен бөлек Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қала болғаннан кейінгі экономикалық дамуы, тұрмыстың оңалуы, сандық техниканың қолданысқа енуі, жаңа ғимараттардың бой көтеруі сияқты факторлар да кеңінен қамтылады.
Міндеті: Көрерменге көне Шымкент қаласы мен қазіргі заманауи шахарды таныстыру;
Телехикая арқылы ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүрімізді насихаттау;
Телехикая арқылы әлеуметтік мәселелерді көтеру;
Сонымен қатар Шымкент қаласының тыныс-тіршілігін және туристік, тарихи жерлерін көрсету.