Қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуі неден байқалды?

Содержание

Слайд 2

ОҚУ МАҚСАТТАРЫ Қазақстан шет елдермен байланысы тек мәдениет саласында болғандығын түсінеді;

ОҚУ МАҚСАТТАРЫ

Қазақстан шет елдермен байланысы тек мәдениет саласында болғандығын түсінеді;
тарихи оқиғаларды

талдайды және өткен кезеңмен салыстыра отырып өзгерістер мәнін анықтайды;
тарихи құбылыстарды, оқиғаларды бағалайды және оларға қатысты тарихи тұлғалардың ролін анықтайды.
Слайд 3

ҰЛТ МАҚТАНЫШТАРЫ Әміре Қашаубаев Күләш Байсейтова Жұмат Шанин

ҰЛТ МАҚТАНЫШТАРЫ

Әміре Қашаубаев

Күләш Байсейтова

Жұмат Шанин

Слайд 4

Күләш Жасынқызы Бәйсейітова (1912 — 1957 жж.) Күләш Жасынқызы Бәйсейітова (1912–1957)

Күләш Жасынқызы Бәйсейітова
(1912 — 1957 жж.)

Күләш Жасынқызы Бәйсейітова (1912–1957) —

қазақтың әйгілі әншісі қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері.
КСРО халық артисі (1936).
КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948–49).
Туып-өскен жері – Қарағанды облысының Шет ауданы. Топырақ бұйырған жері – Алматы қаласы.
Жеті жылдық мектеп бітірген соң Күләш Қазақтың педагогикалық институтына түсіп, мұндағы көркемөнерпаздық үйірмесіне белсене араласады. 1930 жылы Қазақтың тұңғыш драма театрының труппасына қабылданады. Ол аз уақыттың ішінде Б.Майлиннің «Майдан» пьесасында Пүліштің, Н.В.Гогольдің «Үйлену тойындағы» Агафия Тихонованың, М. Тригердің «Сүңгуір қайығындағы» Клавдияның, Қ. Бәйсейітов пен А. Шаниннің «Зәуресіндегі» Зәуре, Мұхтар Әуезовтің «Еңлік- Кебегіндегі» Еңліктің рольдерін ойнап, сахналық тамаша қабілетімен танылады.
Слайд 5

Қашаубаев Әміре (1888-1934) — қазақтың атақты әншісі. Туған жері - Шығыс

Қашаубаев Әміре (1888-1934) — қазақтың атақты әншісі. Туған жері - Шығыс

Қазақстан облысының Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының алабы. Алматы қаласынан топырақ бұйырған.
1924 жылы Семейде өткен өнерпаздар байқауында Қалимен бірге бас жүлдеге ие болады. Мұнан кейін әншілік даңқы алысқа жайылып, 1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік көрмеде болған этнографиялық концертте екінші орын алып, күміс медаль иемденеді. Мұнан кейін Москвада, Германия қалала-рында қойылған концерттерге қатысып, ерекше көзге түседі, қазақтың өресі биік әншілік өнеріне әлем тындаушыларының көзін жеткізеді.
Әміре 1925 жылы Қызылордада ашылған жаңа театр группасына қабылданады. Өмірінің соңына дейін театрда әнші-артист болған. Әміре "Еңлік-Кебекте" Жапалдың, "Айман-Шолпанда" Жарастың рөлін ойнайды. Концерттік қойылым-дарға жиі-жиі шығып, халықтың ән өнерін насихаттауға ай-рықша үлес қосады.

Қашаубаев Әміре (1888-1934)

Слайд 6

Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы (1892-1938) - режиссер, драматург, актер, ұлттық профессионалды театр

Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы (1892-1938) - режиссер, драматург, актер, ұлттық профессионалды театр

өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам жөне театр қайраткері, Қазақ КСР-інің халық әртісі. Қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданының Желтау маңында дүниеге келген. Алғашында ауыл молдасынан оқып, хат таныды. Жас кезінен  Ж.Шанин ұлттық ойын-сауықтар мен ән-күйлерге ынтық болып өскен. Әсіресе, Қоянды жөрмеңкесіне барып, халық думанын тамашалау - оның ой-қиялын қозғап, өнерге деген ынта-ықыласын арттырады. Туған нағашысы Алтыбайдан ән салып, домбыра тартуды үйренді. Ол Қазақстандағы тұңғыш ұлт театрының негізін салып, оны ұйымдастырып, сондай-ақ профессионалдық тұрғыда қалыптастырып, шығармашылық жағынан өсу жолында зор еңбек сіңірді. 

Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы (1892-1938)

Слайд 7

Г.И. Хлудов «Жасауыл» Ә.Қастев «Түрксіб» ОСЫ ТУЫНДЫЛАРДА ҚАНДАЙ ИДЕЯНЫ БАЙҚАУҒА БОЛАДЫ?

Г.И. Хлудов «Жасауыл»

Ә.Қастев «Түрксіб»

ОСЫ ТУЫНДЫЛАРДА ҚАНДАЙ ИДЕЯНЫ БАЙҚАУҒА БОЛАДЫ?

Слайд 8

Қастеев Әбілхан (1904-1973) - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің

Қастеев Әбілхан (1904-1973) - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің

негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасның төрағасы (1945-1956).
Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрлысында жұмысшы болып бастады. Москвадағы көркемсурет студияларында Н. Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ алды (1929-1936). Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген. Оның "Мектепте"(1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Амангелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіре іспеттес.

Қастеев Әбілхан (1904-1973)

Слайд 9

Әрбір жанр ішіндегі ең маңызды жетістіктерді анықтау Оның дамуына ерекше ықпал жасаған бір-екі тұлғаны анықтау ТАПСЫРМА

Әрбір жанр ішіндегі ең маңызды жетістіктерді анықтау
Оның дамуына ерекше ықпал жасаған

бір-екі тұлғаны анықтау

ТАПСЫРМА

Слайд 10

НЕЛІКТЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЕТ ЕЛДЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ ТЕК МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА БОЛҒАН? Зерттеу жұмысы

НЕЛІКТЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЕТ ЕЛДЕРМЕН БАЙЛАНЫСЫ ТЕК МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДА БОЛҒАН?

Зерттеу жұмысы

Слайд 11

Тапсырма №1. «Тұңғыш қазақ театры» тақырыбына диалог құрастырыңыз. -Алғашқы театр қайда

Тапсырма №1.
«Тұңғыш қазақ театры» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
-Алғашқы театр қайда ашылды?
__________________________________________________________________
-Ол

қандай театр болды?
__________________________________________________________________
-Онда ең бірінші қойылым қандай болды?
__________________________________________________________________
-Театр шымылдығы тұңғыш рет қалай ашылды?
__________________________________________________________________
-Бұл театрда кімдер ойнады?
__________________________________________________________________
-Театр нешінші жылы қоныс аударды?
__________________________________________________________________
-Нешінші жылы М.Әуезов есімі берілді?
__________________________________________________________________
-Бұл театр академиялық театр атағын қашан алды?
__________________________________________________________________
-Алғашқы режиссер кім болды?
__________________________________________________________________
-Алғашқы драматургиясы кімнің болды?
__________________________________________________________________