Айырбас - өндірушілер мен тұтынушылардың арасында баламалы (эквивалентті) негізде
жүзеге асырылатын
қоғамдық байланыс түрі.
Мәміле - белгіленген шартқа байланысты тауар мен қызметті (жеткізу) іске асыру үшін
екі немесе бірнеше жақтардың өзара келісімі.
Сұраныс - сатып алу қабілеті бар қажеттілік. Сұраныс адамның қажеттілігін ғана емес, ең
басты оның қажетті тауар сатып алуға қаржылық мүмкіндіктерін де білдіреді.
Қажеттілік - мағынасы кең үғым. Сұраныс қажеттіліктің бір бөлігі және ол
тұтынушының сатып алу қабілетін ғана сипаттап қоймайды, сонымен бірге олардын
тауарға талғамы мен талабын да білдіре алады.
Мұқтаждық -- адамнын табиғатына тән, ол адам өміріне қажетті физиологиялық элементтер болмаған жағдайда орын алады.