Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі

Содержание

Слайд 2

Бәсеке дегеніміз не? Этимологиялық тұрғыда «конкуренция» – бәсеке латынның «concurentia» сөзінен,

Бәсеке дегеніміз не?

Этимологиялық тұрғыда «конкуренция» – бәсеке латынның «concurentia» сөзінен, аудармасы

«қақтығысу» деген мағына береді. Басқа да маңызды түсініктер сияқты «бәсеке» терминінің де көптеген түсіндірме анықтамалары бар. Қазіргі қолданылып жүрген бәсеке, бәсекеге қабілеттілік теорияларының тәртіби негізі саяси экономияның негізін қалаушы классиктер А. Смиттің (нарықтағы «көрінбейтін қол» приципі), Д. Рикардоның (салыстырмалы шығындар теориясы), Дж.С. Миллдің (бәсеке бағаны, еңбек ақыны, рентаны реттеуші) еңбектерінде қаланған.
Слайд 3

Бәсеке формалары Cала ішілік бәсеке – бірдей қажеттіліктерді қанағаттандыратын, бағасы, сапасы

Бәсеке формалары

Cала ішілік бәсеке – бірдей қажеттіліктерді қанағаттандыратын, бағасы, сапасы немесе

ассортименті бойынша ерекшеленетін бірдей тауарлар арасындағы бәсеке.
Сала аралық бәсеке – әр түрлі сала тауарлары арасындағы төлем қабілетті сұраныс үшін болатын бәсеке
Функционалдық бәсеке – қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауарлардың бір-біріне қатысты бәсекелестік жағдайы.
Тауардың немесе қызметтің түріне байланысты бәсеке – бірдей қажеттілікті қанағаттандыратын, бірақ бір-бірінен маңызды сипаттамалары арқылы ерекшеленетін тауарлар арасындағы бәсеке.
Заттық бәсеке – барлық жағынан бірдей тауарлар арасында болатын бәсеке.
Слайд 4

Бәсекеге қабілеттілік деген не? Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз — кез-келген экономикалық объектілерге

Бәсекеге қабілеттілік деген не?

Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз — кез-келген экономикалық объектілерге тән

қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын қабілетіне қарамай, барлық тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану жүйелері бәсеке мәселесі шеңберінде қарастырылады, мұндай талдау аспектісі абстрактілі емес, нақты экономикалық қызметтің тәжірибелік мәні.
Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз – бұл фирмалардың өздеріне жасалып отырған жағдайларда олардың бәсекелестерінің тауарларымен салыстырғанда бағасы және бағадан тыс сипаттамалары бойынша тұтынушылар үшін тартымдырақ болатын тауарлар әзірлеу мен өткізудің нақты және әлеуетті мүмкіндігі
Қысқаша айтқанда М. Эрлих және Дж. Хайн пікірлері бойынша
«Бәсеке қабілеті — фирманың өз тауарын сату қабілеті».
Слайд 5

Экономиканың кез-келген саласында, оның ішкі немесе сыртқы нарықтарда әрекет етуіне байланыссыз

Экономиканың кез-келген саласында, оның ішкі немесе сыртқы нарықтарда әрекет етуіне байланыссыз

бәсекенің мәні бес күш арқылы көрінеді:
жаңа бәсекелестердің келу қаупі;
ауыстырушы-тауарлар немесе қызметтердің пайда болу қаупі;
жабдықтаушылардың саудаласу қабілеті;
сатып алушылардың саудаласу қабілеті;
бар бәсекелестердің өзара бәсекелесуі.
Осы бес күштің әрқайсысының мәні саладан салаға қарай өзгеріп, ақыр аяғы салалардың пайдалылығын анықтайды».
Слайд 6

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі деген не? Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – өнімнің қарастырылып

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі деген не?

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – өнімнің қарастырылып отырған

кезеңдегі нарық талаптарына сәйкес болу қабілеті. Бәсекеге қабілеттілік өнімнің белгілі уақыт сәтінде салыстырмалы бағамен нақты нарықта өтуі үшін қажет және жеткілікті тұтынымдық қасиеттерінің* жиынтығы арқылы анықталады.
*Тұтынымдық қасиеттер – тауардың тұтынушы талабын қанағаттандыруға бағытталған сипаттамалары.
Слайд 7

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың негізгі қағидалары: интеграциялық қағидасы, бәсекеге қабілеттілік факторлар

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың негізгі қағидалары:

интеграциялық қағидасы, бәсекеге қабілеттілік факторлар арасындағы

байланысты нақтылау мен тереңдетуді қамтамасыз етеді;
кешенділік қағидасы, тауарлардың бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін әр түрлі құраушыларды анықтауды ұйғарады;
диалектикалық қағидасы, дамудағы факторлардың жиынтығын қарастыруды ұйғарады.
Слайд 8

Бәсекеге қабілеттілігінің факторлары Сапасына Техникалық қызмет көрсету деңгейіне Төлем жағдайына Салық

 Бәсекеге қабілеттілігінің факторлары

Сапасына 

Техникалық қызмет көрсету деңгейіне 

Төлем жағдайына

Салық мөлшеріне

Жарнамалануына 

Шығарылған шығындардың ұйымдастырылуына 

Жаңалығына

Тауарды жеткізу

мерзіміне
Слайд 9

Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілікті салыстырмалы құн мен салыстырмалы пайда бағалық көрсеткіштері

Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілікті салыстырмалы құн мен салыстырмалы пайда бағалық көрсеткіштері

бойынша қарастыруға болады.

Егер өнімнің бәсекеге қабілеттілігін баға бойынша бағалайтын болсақ, өнімнің бағасы, сапасы мен дизайны ұқсас тауардан түспесе, онда өнім бәсекеге қабілетті болып саналады.
Ал егер өнімнің бәсекеге қабілеттілігін салыстырмалы құн бойынша бағалайтын болсақ, онда салыстырылатын мемлекеттерде өңдеуші өнеркәсіптегі бірлігінің салыстырмалы құны бір валютада есептелінеді.
Бәсекеге қабілеттілікті пайдалылық бойынша бағалағанда, кәсіпорынның пайдалылығы жоғары болған сайын оның өнімінің бәсекеге қабілеттілігі де жоғары болады

Слайд 10

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамаларының негізгі кұрауыштары: Негізгі құрауышы өнімнің өзімен тіке-лей

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамаларының негізгі кұрауыштары:

Негізгі   құрауышы    өнімнің  өзімен  тіке-лей  байланысты және оның  сапасына  көп   көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер

нәтижесінде өнімді сатып алу туралы қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді.

Екінші құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ сенімді және қымбат емес сервиспеи (мысалы, авто-мототехника) сатылатын тауарды таңдайды. 

Үшінші құрауыш бұл тұтынушыға, субъективті фактор ретінде жағымды немесе жағымсыз әсерін тигізетіндер.

Слайд 11

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі Кез келген фирманың нарықтағы орнын сақтау және тұрақты

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі

Кез келген фирманың нарықтағы орнын сақтау және тұрақты етіп

жасау үшін оның бәсекелестік қабілетін өсіру қажет. Ал фирманың бәсекелестік қабілеті екі көрсеткішпен байланысты болады:

БАҒА ДЕҢГЕЙІ

ӨНІМ САПАСЫ

Слайд 12

Өнім сапасы дегеніміз не? Өнім сапасы – өнімнің қолдану мақсатына сәйкес

Өнім сапасы дегеніміз не?

Өнім сапасы – өнімнің қолдану мақсатына сәйкес қажеттіліктерді

қанағаттандыруға арналған қасиеттерінің жиынтығы. Кәсіпорынның негізгі міндеттерінің бірі ретінде халық сұранысын жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету болып табылады. Өнім сапасы оны құрастыру кезеңінен басталады, жасау кезеңінде қамтамасыз етіледі, айналыста болу және өткізу кезеңдерінде сақталынады және қолдану кезеңінде қажет деңгейде ұстауға күш сіңіріледі.
Слайд 13

Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер өнімнің патентпен қорғалуын, патенттік тазалығын сипаттайды. Патенттік-құқықтық

Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер

өнімнің патентпен қорғалуын, патенттік тазалығын сипаттайды.

Патенттік-құқықтық көрсеткіштер


Экологиялық көрсеткіштер

Қолдану көрсеткіштері

Сенімділік көрсеткіштері

өнімді қолданудан болатын пайдалы эффектіні сипаттайды және қолдану шектерін көрсетеді

өнімнің бұзылмаушылығын, сақталу дәрежесін, қолдану мерзімін (өнімді қажет деңгейде сақтау үшін кеткен шығындар).

өнімді қолдану, сақтау, тасымалдау нәтижесінде қоршаған ортаға кері әсер ету қасиеттері.

сатып алушыға және қызмет көрсетуші персоналға қауіпсіздігін сипаттайды.

Қауіпсіздік көрсеткіштері

Слайд 14

Эстетикалық көрсеткіштер Эргономиялық көрсеткіштер Стандарттау және унификациялау көрсеткіштері Технологиялылық көрсеткіштері Өнім

Эстетикалық көрсеткіштер

Эргономиялық көрсеткіштер

Стандарттау және унификациялау көрсеткіштері

Технологиялылық көрсеткіштері

Өнім

сапасын сипаттайтын көрсеткіштер

Өнім құрамында стандартты, унифика-цияланған және бірегей құрамдас бөлік-тердің үлесін көрсетеді және басқа өнімдерге қарағанда унификация деңгейін сипаттайды.

өнімді шығарғанда немесе жөндегенде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін конструкторлық-технологиялық шешімдердің нәтижелігін сипаттайды..

өнімнің ақпараттық көркемділігін, форманың тиімділігін, тұтастығын сипаттайды.

адамның өніммен әрекеттесуін сипаттайды (гигиениналық, антропометриялық, физиологиялық және психологиялық қасиеттер).

Слайд 15

Сонымен өнімнің бәсекеге қабілеттілігі тұтынушылар үшін аса қызықтырушы қасиеттерімен анықталады Әр

Сонымен өнімнің бәсекеге қабілеттілігі тұтынушылар үшін аса қызықтырушы қасиеттерімен анықталады

Әр

тұтынушының өнімге деген талаптарын басқа да барлық тауарлар үшін жалпы орындалуы міндетті болып табылатын талаптар бар. Бұлар:
Халықаралық стандарттар (ИСО, МЭК, және т.б.) және регионалдық стандарттарында;
ұлттық, шетелдік және отандық стандарттарында;
іс-жүзіндегі заңнамалық, нормативтік актілермен елге кіргізілетін өнімге талаптар қоятын экспортер-елдер мен импортер-елдердің техникалық регламенттерімен;
осы өнімді өндіретін фирмалардың стандарттарында;
патентік құжаттарында белгіленетін нормативтік параметрлер.
Осы талаптардың біреуінің орындалмауы тауардың нарыққа шығуына айтарлықтай кедергі келтіреді.
Слайд 16

Баға көрсеткіші Сонымен қатар, өнімнің бағасы да өте маңызды көрсеткіштің бірі

Баға көрсеткіші

Сонымен қатар, өнімнің бағасы да өте маңызды көрсеткіштің бірі болып

табылады.. Баға көрсеткішіне байланысты экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа мәселесі туындайды. Сатып алушы өнімді алғанда оның қасиеттері оның бағасын қайтаруға жеткілікті ме деген сұраққа жауап беруге тырысады. Бағамен қоса өнімнің эксплуатациялық сипаттамалары да маңызды орын алады, өйткені олар осы өнімді қолдануға және жөндеуге кеткен шығындарды айқындайды.
Слайд 17

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі өндіруші кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігімен тікелей байланысты. өнімнің бәсеке

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі өндіруші кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігімен тікелей байланысты. өнімнің бәсеке

қабілеттілігін бағалау келесі жүйелілікпен асады:

нарықты талдау ─ потенциалды сатып алушылар мен бәсекелестердің қажеттіліктерін зерттеу;
тауарға нарықтық талаптарды қалыптастыру және оны бағалық көрсеткіштер құрылымында көрсету;
салыстыру көрсеткіштер базасын таңдау;
бағалық класс моделінің түрін таңдау;
тауарды бәсеке қабілеттіліктің жеке және интегралды көрсеткіштер бойынша бағалау;
бәсеке қабілеттілік туралы қорытынды жасау және оның өндіріс пен сатып алу мақсаттылығы туралы шешім қабылдау

Слайд 18

Кәсіпорының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін келесі факторлардың жоғарылату жолдары қарастырылуы тиіс

Кәсіпорының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін келесі факторлардың жоғарылату жолдары қарастырылуы тиіс

Бірінші

фактор - өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру.
Екінші фактор - өнімнің бағасын қалыптастыру немесе баға саясатын реттеу.
Үшінші фактор - өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорын маркетингті жүйесін жетілдіру.
Төртінші фактор - өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау.
Сонымен өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – күрделі және көп мәнді мәселе болғандықтан, оны асыра айтушылық пен бағалаудан тазарту деңгейі тұтастай алғанда ел экономикасының деңгейін анықтайтын өлшем болып табылады.