III. Осы ғылым саласының өзектілігі:еліміздегі жағдайы
1.Орымбек Жәутіков атындағы РМФМОМИ
Ел арасында
№1 мектеп РФМШ деген атаумен белгілі О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернаты (РМФМОМИ) елімізге ғана емес алыс және жақын шетелдерге де танымал.1972 жылы құрылған бұл білім ұясы он жылдан астам «Үздік олимпиада мектебі» және «Үздік олимпиада командасы» атын абыроймен арқалап келеді
Қазіргі таңда мұнда еліміздің барлық облыстарынан келген 320 бала бар. Мектептің жаңа ғимаратының құрылысы аяқталған соң интернаттағы орын 500-ге дейін кеңейеді.
Бұл білім ұясында 2003 жылдан бері РМФМОМИ және М.В.Ломоносов атындағы ММУ түлегі, физика-математика ғылымдарының кандидаты Қ.Мақышов басшылық етеді.
РМФМОМИ-дың көптеген түлектері – ерекше корпоративтік мәдениетімен дараланған ықпалды саясаткерлер, ғалымдар мен іскер бизнесмендер, өз саласының білгірлері мен жаңашылдары.
Олардың қатарында К.Мәсімов, Т.Құлыбаев, Қ.Келімбетов Е.Қалиев, Б.Сұлтанов, Н.Қаппаров, Е.Досаев, Қ.Қожамжаров, Т.Ахсамбиев, Е.Сағадиев, Д.Еренчинов, С.Нұрғисаев, Д.Абылғазин, В.Ким, Б.Каниев, М.Абдрахманов, А.Сұлтанғазин, А.Пак, И.Школьник, Асқар және Әнуар Жұмаділдаевтар, Ф.Қуанғанов, Е.Бейсембетов, А.Құсайынов, тағы басқа танымал азаматтар бар. «Яндекс» компаниясының (Ресей) негізін қалаушылар А.Волож бен И.Сегалович те осы РМФМОМИ түлектері.