Көз жарақаттары

Содержание

Слайд 2

Көру мүшесінің зақымдануларының алдын алу, көз алмасының бітеу жарасы(контузиясы) мен өтіп

Көру мүшесінің зақымдануларының алдын алу, көз алмасының бітеу жарасы(контузиясы) мен өтіп

жараққаттануда және де көздің күюінде жарақат құбылысын зерттеу офтальмологияның маңызды проблемалары болып саналады. Кез келген жарақат көз үшін күшті қатер туғызады.
Слайд 3

Көз бен қосалқы ағзалардың жарақаты механикалық, термиялық, химиялық зақымдаушы факторлардан, сондай-ақ

Көз бен қосалқы ағзалардың жарақаты механикалық, термиялық, химиялық зақымдаушы факторлардан, сондай-ақ

сәулелік зақымданулардан болуы мүмкін. Тесетін, кесетін, жұмыр заттардың әсері әр түрлі жарақаттар мен контузияларға соқтыруы мүмкін. Термиялық, химиялық факторлардың әсері, сондай-ақ көзге көрінетін және ультракүлгін сәулелердің ықпалынан көз ағзалары күюі мүмкін.
Слайд 4

Көз жарақаттары сипаты мен жарақат алған жағдайға байланысты жіктеледі. Әдетте өндірістік,

Көз жарақаттары сипаты мен жарақат алған жағдайға байланысты жіктеледі. Әдетте өндірістік,

тұрмыстық және әскери көз жарақаттары деп бөледі. Көз ағзасы жарақат алған жағдайда зардап шегуі адамды мамандандырылған офтольмологиялық клиникаға дер шағында жеткізу аса маңызды. Ол жерде науқасқа білікті медициналық жәрдем көрсетіледі. Өйткені жарақаттанған көздің тағдырын күндер емес, сағаттар шешеді. Көз алмасының ішкі қабаттарының шығып кетуі, көзге қан құйылу, көз ішілік іріңді жұқпаның дамуы секілді асқынулар адамның көзден айырылуына алып келуі мүмкін.
Слайд 5

Барлық көз ауруларының 20% не жуығын көру мүшесінің жарақаттары құрайды. Біржақты

Барлық көз ауруларының 20% не жуығын көру мүшесінің жарақаттары құрайды. Біржақты

соқырлықтың 50%-нің екі жақты соқырлықтың 20%-нің себебі көздің жарақаттары болады. Көпшілік жағдайда көру мүшесінің жарақаттарының алдын алып, олардан құтылуға болады
Слайд 6

Слайд 7

Көз жарақаттарынан құтылу үшін техника қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтау және өндіріс

Көз жарақаттарынан құтылу үшін техника қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтау және өндіріс

орнында санитарлы- гигиеналық ережелерін бұлжытпай орындау керек болады. Көру мүшесінің жарақаттарының алдын алу үшін әртүрлі көзілдіріктер, маскілер, қалқандар көмегімен оларды жеке қорғау да зор маңызға ие болады.
Слайд 8

Көру мүшесінің жарақаттарын өндірістік, ауыл шаруашылықтық, тұрмыстық балалардың жарақаттары деп бөледі.

Көру мүшесінің жарақаттарын өндірістік, ауыл шаруашылықтық, тұрмыстық балалардың жарақаттары деп бөледі.

Тұрмыстық жарақатты ерекше бөледі. Жарақаттың әрбір түрі үшін оның өзіне тән ерекшеліктері бар. Өндірістік жарақаттарды қағида бойынша, көзді металл сынықтары немесе жоңқалары жарақаттайды.
Слайд 9

Слайд 10

Ауыл шаруашылығына техниканың кеңінен енуіне байланысты ауыл шаруашылық жарақаттары өндірістік жарақаттарының

Ауыл шаруашылығына техниканың кеңінен енуіне байланысты ауыл шаруашылық жарақаттары өндірістік жарақаттарының

көптеген ерекшеліктеріне ие бола бастады, бірақта ауыл шаруашылығының өзіне тән аса ерекше жарақаттары да кездеседі (малдың мүйізі тиюі, құстың шоқып алуы, қамшымен осылу ж.т.с.с).
Слайд 11

Тұрмыстық жарақат сипаты әртүрлі: көзді ине, біз, қайшы, пышақ, шынының сынықтары,

Тұрмыстық жарақат сипаты әртүрлі: көзді ине, біз, қайшы, пышақ, шынының сынықтары,

таяқ және де басқа сол сияқты заттармен жарақаттап алу болады.
Балалардың көз жарақаты өзінің ерекшеліктеріне ие болады. Олар, қағида бойынша балалардың тентектігіне және қауіпті ойындар (садақ, рогатка ату, әртүрлі тұтанғыш заттармен ойнау ж.т.с.с) ойнауына байланысты болады.
Слайд 12

Ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсететін адамдар арасында болатын көз жарақаттары, көбінесе

Ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсететін адамдар арасында болатын көз жарақаттары, көбінесе

жұмыс істеген орнынан немесе жұмыс техникасынан болып табылады. Көз жарақаттары көбінесе құрылыс, көтерме, түсірме жұмыстардан, үй жануарларды қарағаннан, химиялық және улы заттардан жиі болып тұрады.
Слайд 13

Көп жағдайларда ауыр емес деген жарақаттың өзі әр түрлі асқынуларға әкеп

Көп жағдайларда ауыр емес деген жарақаттың өзі әр түрлі асқынуларға

әкеп соқтыруы мүмкін: стафилококк, стрептококк микробтары шақыратын іріңді инфекциялар, қасаң қабақ жаралары т.б болуы мүмкін. Әсіресе қауіпті көк іріңді таяқша өйткені оның іріңді қабынуын емдеу қиынға соғады.
Слайд 14

Слайд 15

Көз ағзалары зақымданған науқастардың хирургиялық және терапиялық емін тек көз дәрігері

Көз ағзалары зақымданған науқастардың хирургиялық және терапиялық емін тек көз дәрігері

ғана жүргізеді.
Көз ұясының жарақаттануы және контузиясы көбіне бас миының зақымдануымен қатар жүреді. Сондықтан жарақатқа залалсыздандырылған таңғыш байлап, науқасты зембілге жатқызып, жедел жәрдем көлігімен аурухананың нейрохирургия немесе көз бөліміне жеткізеді. Жарақаттанған адамды ауруханаға жаяу жіберуге үзілді-кесілді тыйым салынады.
Слайд 16

Қабақ жарақаттанғанда жарақат айналасындағы теріге жасыл бриллианттың 1 пайыздық ерітіндісін жағады.

Қабақ жарақаттанғанда жарақат айналасындағы теріге жасыл бриллианттың 1 пайыздық ерітіндісін жағады.

Жараға залалсыздандырылған таңғыш байлап, тез арада дәрігерге жеткізеді. Жарақатты жууға, жыртылған жерлерін жұлуға болмайды. Егер қабақ бүтіндей қалса, оны тастамай дәрігерге апару керек. Оны өз орнына тігуге болады.
Слайд 17

Қабаққа түскен бөгде зат ауыртып қана қоймай, көз жасын ағызады. Егер

Қабаққа түскен бөгде зат ауыртып қана қоймай, көз жасын ағызады. Егер

зат қабақтың астыңғы жағында тұрса, көзді жыпылықтатқанда және жас аққанда ол сыртқа шығып кетеді. Егер шықпаса, астыңғы қабақты сыртқа аудару керек. Бөгде затты сіріңкеге оралған, қайнаған суға малынған мақтамен, беторамал ұшымен немесе дәкемен алып тастайды. Егер бөгде зат қабақтың үстіңгі жағына түссе, оны дәрігерге барып алдыртқан дұрыс.
Қабақ термиялық күйік алған жағдайда оған залалсыздандырылған таңғыш таңып, тез арада дәрігерге жеткізеді.
Слайд 18

Химиялық күйік кезінде алғашқы көмек аса маңызды: алдымен күйген қабақты мол

Химиялық күйік кезінде алғашқы көмек аса маңызды: алдымен күйген қабақты мол

ағын сумен жуады, күюге алып келген химиялық затты да тез арада жуып тастау маңызды. 5-10 минут жуған соң дәрігерге көріну керек. Егер күйік химиялық зат ұнтағынан немесе ұсақ бөліктерден болса, жумас бұрын оларды құрғақ мақтамен немесе пинцетпен алып тастау керек. Бұл жағдайда қабақты жуу, химиялық заттың еріп, одан әрі күйдіруіне алып келеді.
Слайд 19

Көз алмасының жарақаттары ішке енген және енбеген болып бөлінеді. Бұны тек

Көз алмасының жарақаттары ішке енген және енбеген болып бөлінеді. Бұны тек

дәрігер анықтайды. Сілеймелі қабық пен қасаң қабықтағы бөгде затты өз бетінше алуға болмайды, бұның салдарынан адам көзінен айырылуы мүмкін. Тек теріні жасыл брилианттың 1 пайыз спирттік ерітіндісімен өңдеп, көзге 30 пайыздық натрий сульфацилы ерітіндісін немесе 0,25 пайыздық левомицитин ерітіндісін тамызып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізу керек.
Слайд 20

Көзді соғып алғанда зақымның ауырлығын өз бетінше бағалау қиын. Сондықтан зардап

Көзді соғып алғанда зақымның ауырлығын өз бетінше бағалау қиын. Сондықтан зардап

шегушіні тез арада маман дәрігерлерге жеткізу керек.
Көз термиялық күйік алған жағдайда қабақ пен көз айналасын жасыл брилианттың 1 пайыз спирттік ерітіндісімен өңдеп, көзге 30 пайыздық натрий сульфацилы ерітіндісін немесе 0,25 пайыздық левомицитин ерітіндісін тамызып, сондай-ақ 1 пайыздық тетрациклин жақпамайын салып, көзді залалсыздандырылған таңғышпен таңып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізу керек.
Слайд 21

Қабаққа қышқыл не сілті түскенде, химиялық күйік орын алады. Бұл заттар

Қабаққа қышқыл не сілті түскенде, химиялық күйік орын алады. Бұл заттар

әбден жуылғанша әсерін тоқтатпайды. Сондықтан алғашқы көмекті дұрыс көрсету және дәрігерге тез арада жеткізу аса маңызды. Әсіресе сілтіден күю қауіпті. Ол тіндердің құрамындағы бірқатар заттарды ерітіп жібереді де терең енеді. Бұнда да химиялық зат ұнтақтарын алып тастаған соң көзді жуу керек. Науқасты тез арада ауруханаға жеткізу ләзім. Алайда мамандандырылған көмек тез және сапалы көрсетілсе де, химиялық күйіктер ауыр зардаптарға соқтырады. Сондықтан өндірісте және тұрмыста қышқылдармен, сілтілермен жұмыс жасағанда, міндетті түрде қорғаныш көзілдірік немесе бетперде қию керек. 
Слайд 22

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. Интернет желісі. 2. К. Б. Көшеров, Т.Ғ.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Интернет желісі.
2. К. Б. Көшеров, Т.Ғ. Өтелбаев, А.

Н. Жұматаев
«Көз аурулары» , Алматы ,1997ж.
3.А. А. Бочкарева « Глазные болезни», М. «Медицина»,1989г.
4.Е. И. Сидоренко «Офтальмология», М. «Гэотар-МЕД»,2003г.