Слайд 14
![1- Ерте көрінетін мәйіттік құбылыстар Өлі денепің сууы. Өлгеннен ксйін тірі](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/530390/slide-13.jpg)
1- Ерте көрінетін мәйіттік құбылыстар
Өлі денепің сууы. Өлгеннен ксйін тірі кезде
жүретін зат, ауа алмасу процестері тоқталады да, өлі дене кез-келген физикалык зат іспетті қоршаған ортаға жылу шығара бастайды, бұл дене температурасының төмендеп қоршаған орта темпетарусына жуықтауына әкеледі. Бірінші дененің ашық жерлері: құлак ұшы, беті, саусақтары суи бастайды. Жылудың тез бөлініп шығуына айналадағы ортаның физикалық жағдайлары (ауаның температурасы, ылғалдығы, қөзғалысы). киімнің сипаты, қайтыс болған адамның жеке ерекшеліктері: адамның толықтығы, өлім себептері, жасы ж.т.б. ықпал етеді. Жаңа туған нәрестелерде жылу бөлу тез жүреді.
Егер мәйіт жатқан орта қалыпты климат болып, қоршаған орта температурасы бөлме температурасына жақын болса, онда мәйіттің денесі орта сееппен сағат сайын 1 градусқа суиды. Мәйіттің температурасы бойынша өлім уақыты туралы тұжырым жасау үшін қоршаған орта факторлары, адамның жеке ерекшеліктері есепке алынуы керек, және бұл құбылыс басқа мәйіттік белгілермен бірге қарастырылуы керек.