Слайд 15
1. Субкортикальды зақымдануда (ісік, гематома, инфаркт және т.б.) – қолдың немесе
аяқтың контрлатеральды парезі дамиды. Қолдың майда жұмыстары нашарлайды. Моноплегия емес монопарез дамиды.
2. Ішкі капсуланың зақымдануы – спастикалық гемиплегия дамиды. Бет кейде тіл асты нервінің контрлатеральды салдануы мүмкін.
3. Ми аяқшаларының зақымдануы - контрлатеральды спастикалық гемиплегия
4. Ми көпірінің зақымдануы – контрлатеральды, кейде билатеральды гемиплегия. Әкеткіш және үшкіл нервтің ипсилатеральды зақымдануы мүмкін. Альтернирлеуші синдромдар тән: Вебер, Мияр-Гублер, Фовиль...
5. Пирамиданың зақымдануы – контрлатеральды бос шеткі салдану дамиды.
6. Мойын деңгейінде зақымдану, яғни латеральды пирамидті жол зақақымданады - Өз жағында спастикалық гемиплегия дамиды. Бүйірлік амиотрофиялық склероз немесе шашыранды склероз кезінде кездеседі.
7. Кеуде бөлігінде бір жақты зақымданса, ипсилатеральды аяқтың спастикалық моноплегиясы тән. Егер екі жақты зақымданса, спастикалық параплегия дамиды. БАС және шашыранды склероз ауруларында кездеседі.
8. Жұлынның алдыңғы мүйізі мен түбіршіктері зақымданса, ауру сезімсіз шеткі салдану және сезімталдық бұзылыстары болады. Сегментарлы түрде өтеді, созылмалы үдемелі үрдістерде \ фасцикулярлы жиырылулар кездеседі. Полиомиелит, Вердниг-Гоффман спинальды амиотрофиясында кездеседі
9. Алдыңғы түбіршіктің зақымдануы - перифериялық мотонейрон зақымданғандықтан, ипсилатеральды шеткі салдану тән.
10. Мойын, иық, бел, сегізкөз өрімдеры зақымданса, шеткі салдану ауру сезімі және сезімталдық бұзылыстары болады.
11. Шеткі нерв зақымданғанда, сол нервпен жүйкеленетін бұлшық еттердің шеткі салдануы, сонымен қатар ауру сезімі мен сезімталдық бұзылыстары болады