Жүйке жүйесі ағзаларының жасқа байланысты морфологиясы

Содержание

Слайд 2

Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім -Жүйке жүйесінің гистогенезі -Жүйке жүйесінің қызметтері -Балалардағы

Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
-Жүйке жүйесінің гистогенезі
-Жүйке жүйесінің қызметтері
-Балалардағы жүйке жүйесінің ерекшеліктері
-Жасқа байланысты нейрондардың

қалыптасуы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Слайд 3

Кіріспе Жүйке жүйесі организмдегі барлық тіршілік үдерістерін реттеуді және оның сыртқы

Кіріспе

Жүйке жүйесі организмдегі барлық тіршілік үдерістерін реттеуді және оның сыртқы

ортамен әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Анаомиялық тұрғыдан орталық және шеткері жүйке жүйелерін ажыратады. Біріншісіне бас миын және жұлынды жатқызады, екіншісі шеткері түйіндерін, жүйке бағандарын және жүйке ұштарын біріктіреді. Жүйке жүйесінің эмбрионалдық гисто- және органогенезінде мидың әр түрлі бөліктерінің дамуы әр түрлі жылдамдықпен (гетерохронды) өтеді. Орталық жүйке жүйесінің каудалды бөліктері (жұлын, ми сабауы) ертерек пішінделеді; бас миының құрылымдарының толық қалыптасу уақыты қатты толқиды. Бас миының бірқатар бөліктерінде бұл нәресте туғаннан кейін өтеді (мишық, гиппокамп, иіс сезу буылтығы), мидың әрбір бөлігінде нейронның популяциясының қалыптасуының кеңістіктік-уақыттық градиенттері болады, олар жүйке орталығының уникальды құрылылым түзеді.
Слайд 4

Жүйке жүйесінің гистогенезі Эмбриогенез нәтижесінде эктодерманың дорсальді қалыңдауынан – жүйке табақшасы

Жүйке жүйесінің гистогенезі

Эмбриогенез нәтижесінде эктодерманың дорсальді қалыңдауынан – жүйке табақшасы

дамиды, ол иіліп науашық түзіп, жүйке түтікшесіне айналады. Жүйке түтікшесінен жоғары орналасқан жасушалар ганглиозды табақша мен жүйке айдаршасын түзеді.
Жүйке түтікшесінен нейроциттер мен бас миы мен жұлынның нейроглиясы дамиды.
Ганглиозды табақшадан – ганглийдің нейрондары мен нейроглиясы дамиды.
Ми көпіршесінің 5 кезеңі:
Үлкен ми жартышарлары
Аралық ми
Ортаңғы ми
Артқы ми
Сопақша ми
Слайд 5

Жүйке жүйесінің қызметтері Ағзаны ішкі және сыртқы ортамен байланыстыруды қамтамасыз етіп,сыртқы

Жүйке жүйесінің қызметтері

Ағзаны ішкі және сыртқы ортамен байланыстыруды қамтамасыз етіп,сыртқы

әлемді немесе мүшелердің жағдайын бейнелеу.
Ағзадағы барлық ерекше үрдістерді реттеу және басқару.
Маманданған мүшелердің қызмет атқаруы барысында арақатынасын қамтамасыз ету.
Мүшелер жүйесін тұтас ағзаға біріктіру.
Жоғары жүйке қызметін атқару,яғни түйсіну,болжау,жаналық ашу сияқты мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
Слайд 6

Жұлын Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа

Жұлын

Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа жотасының

өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты бар. Сұр заттың сыртын ақ заты қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.
Жұлынның қызметі: рефлекстік және өткізгіштік.
Слайд 7

Слайд 8

Перифериялық нервтер Миелинді және миелинсіз талшықтардың дәнекер тінімен байланысқан қабаттарынан тұрады.

Перифериялық нервтер

Миелинді және миелинсіз талшықтардың дәнекер тінімен байланысқан қабаттарынан тұрады.

Жүйке талшықтары арасында эндоневрий, жүйке шоғырлары периневриймен жабылған, сыртынан эпиневриймен қапталған.
Слайд 9

Слайд 10

Балалардағы жүйке жүйесінің ерекшеліктері Балалардағы ОЖЖ-нің негізгі ерекшелігі дамуының толық жетілмеуімен

Балалардағы жүйке жүйесінің ерекшеліктері

Балалардағы ОЖЖ-нің негізгі ерекшелігі дамуының толық жетілмеуімен

сипатталады. Баланың жұлыны туар кезде бас миының дамуымен салыстырғанда жақсы дамыған. 7 жасқа дейін ми қабы және ми асты қабының клеткалық құрамы қарқынды дамиды. Әсіресе алғашқы екі жылда бас миының көлемі ұлғайып,организм қызметінің артуы байқалады. Жалпы жүйке жүйесінің үдемелі өзгерісі 20-25 жасқа дейін жалғасады.
Слайд 11

Слайд 12

Ерте постнатальды кезендегі жүйке жүйесінің өзгерістері оның жетілуімен байланысты өтеді. Нәрестенің

Ерте постнатальды кезендегі жүйке жүйесінің өзгерістері оның жетілуімен байланысты өтеді.

Нәрестенің ми қыртысында орналасқан нейрондарының ядро мен цитоплазмасының арақатынасы өте жоғары болады. Бала өскен сайын бұл көрсеткіш төмендей бастайды, өйткені жасушаларда цитоплазманың үлесі артады. өзгерістер 6ipiншi болып қыртыстың екінші және төртінші қабаттарында орныққан пирамидалық нейрондарда байқалады. Түйіршік-жасушаларда, кiші пирамидалық нейрондарда аталған өзгерістер баяу дамиды. Уақыт алға озған сайын синаптикалық байланыстардың саны да өседі. Нәрестеде бас миы қыртысының кейбір алаңдарында, мысалы маңдай және самай иірімдері аймағында, аксондардың миелинді кабаттары болмайды. Олар бала туғаннан кейін бipaз уакыттан соң пайда болады. Жүйкелік талшықтар мен глияның мөлшері балаларда бipтe-бipтe арта бастайды.
Слайд 13

Нейрондардың қалыптасуы Балалардың бас ми нейрондары туғаннан кейін қалыптасады Туған кезде

Нейрондардың қалыптасуы

Балалардың бас ми нейрондары туғаннан кейін қалыптасады Туған кезде

үлкен ми жарты шар қыртысы нейрондары нейроглио-тамырлық байланыста болады. Бірақ көптеген нейрондар дұрыс емес формалы, өсінділері айқын емес, мөлшері кіші болады. Глиальды жасушалары ұсақ, қан тамырлары жұқа, капиллярлы торы сирек болады.
Слайд 14

Жасқа байланысты нейрондардың қалыптасуы 1-жаста бас ми нейрондарының жұлдыз және пирамида

Жасқа байланысты нейрондардың қалыптасуы

1-жаста бас ми нейрондарының жұлдыз және пирамида

тәрізді блып түрленуі жүріп үлкейеді, дендрит -аксонды арборизациясы вертикал бағытта дамиды.
3-жаста нейрондардың топтасқан байланыстары анықталады. Вертикалды дендритті,радиалды шоғырлар қалыптасады.Аксондық коллатерилда-рын вертикалды бағытта таралатын ұршыққа ұқсас жұлдызшалы нейрондар көбейеді.
5-6 жаста нейрондардың полиморфтілігі жоғарылайды, олардың қызметтік мамандануы жүреді, ішкі горизонталдық байланыстар күрделеленеді.
Слайд 15

9-10 жаста жасушалық топтар көбейеді,мқысқа аксонды нейрондардың құрылымы біршама күрделеніп, әр

9-10 жаста жасушалық топтар көбейеді,мқысқа аксонды нейрондардың құрылымы біршама күрделеніп, әр

түрлі қыртыстық аймақтардың ансамлбльдерінде анық құрылымды вертикалды колонкалар түзейтін,барлық типті интернейрондардың аксондық коллатералдарының торы кеңейеді.
12-14 жаста ансамбльдерде пирамидалық нейрондардың маманданған түрлері өте анық ажыратылады, интернейрондардың барлық түрлері саралануының жоғары шегіне жетеді;барлық ансамбльдерде талшықтардың меншікті көлемі жасушалық элементтердің меншікті көлемінен бірталай жоғары; қыртыс ішілік артериялардың диаметрі және қабырғаларының қалыңдығы әжептәуір өседі.
18 жаста қыртыстың ансамбльдік құрылуы өзінің артитектоникасының негізгі параметрлері бойынша ересектердің деңгейіне жетеді.
Слайд 16

Слайд 17

Қорытынды Жалпы адам ағзасының белгілі бір реттілікпен өзіне тән қызметінің реттеліп

Қорытынды

Жалпы адам ағзасының белгілі бір реттілікпен өзіне тән қызметінің реттеліп

отыруы өздігінен жүзеге аспайтыны анық. Оларды басқарып отыратын жүйке жүйесінің де адамның жасының өзгешелігіне байланысты дамуы әртүрлі. Яғни соған байланысты өз жасына байланысты қызметтерін атқаруы жүреді олар жоғарыда айтылғандай нәрестелерде немесе ересектерде әр түрлі.