Дыбыс оқшаулағыш қоршаулар бұл - қабырғалар, қоршаулар, әйнектелген өткелдер, есіктер, терезелер.
Дыбыс оқшаулауыш кабиналар. Оларды қашықтан басқару пульттерін орналастыру үшін немесе шулы ғимараттарда жұмысшы орындарын орналастыру үшін қолданады. Кабиналар кірпіштен, бетоннан және басқа материалдардан дайындалады, сонымен бірге жиналатын металдық панельдерден дайындалады. Жылулық сәулелену көздері бар цехтарда кабиналар одан қорғанудың қажеттілігін қамтамасыз етуі қажет. Акустикалық экрандар мен қоршаулар. Экрандар жұмыс істеп тұрған агрегаттардан шығатын шудан жұмыс орындарын қорғау үшін өндірістік ғимараттарда орнатылады, сонымен бірге көрші агрегаттардан, административті- тұрмыстық ғимараттардағы және тұрғын құрылыстардағы ашық шу көздерінен бөлінетін шудан қорғау мақсатында орнатылады.