1. Әлеуметтік белгілері бойынша: буржуазиялық, шаруа, жұмысшы, (коммунистік) социал-демократиялық бұған зиялылардың
тиісті жіктері жатады.
2. Қоғамдық прогресс бойынша: радикалдық, (революциялық) яғни қоғам өмірінің құрылымын сапасы жағынан қайта өзгертуге ұмтылатын партиялар.
реформистік - қоғамның негізгі құрылымдарын сақтай отырып әлеуметтік - экономикалық реформалар жасау арқылы едәуір өзгертуге бағытталған париялар. консервативтік-өз кезіндегі әлеуметтік өмір шындығының негізгі сипаттамаларын сақтауға ұмтылатын партиялар.
реакциялық партиялар – олардың мақсаты қоғам дамуының алдыңғы кезеңдерінің құрылымына ішінара, не толық қайтып оралу болып табылады:
3. Басқарудың формалары мен тәсілдері бойынша: либералдық, демократиялық, диктатуралық.
4. Үкіметке қатысы бойынша: билеуші, оппозициялық, бейтарап (центристік);
5. Наным-сенім бойынша: христиан, ислам т,б болып бөлінеді.