Қазіргі харижиттік бағыт: дінтанулық талдау

Содержание

Слайд 2

Жоспар: І. Харижилік: шығу тарихы, негіздері ІІ. Қазіргі замандағы харижилік Неохарижилік

Жоспар:
І. Харижилік: шығу тарихы, негіздері
ІІ. Қазіргі замандағы харижилік
Неохарижилік ағымдар
Харижиліктің қазіргі таңдағы

көріністері
Қорытынды
Слайд 3

Харижиліктің тарихын жақсы білсек, олардың түсінік-пайымын ұғыну анағұрлым жеңілдейді. Харижиліктің шығу

Харижиліктің тарихын жақсы білсек, олардың түсінік-пайымын ұғыну анағұрлым жеңілдейді. Харижиліктің шығу

тарихын сөз етпестен бұрын оның анықтамасына тоқтала кетейік. «Харижи» сөзі араб тіліндегі «خ-ر-ج» түбірінен шыққан, «кіру» сөзінің антонимі, «шығу» сөзінен шыққан. Іс-қимылды білдіретін «хариж» сөзіне «ۑ» жалғауы жалғануы арқылы туынды болып тұр. Яғни, осы топқа қатысы бар адам «харижит» деп аталады.
Слайд 4

Харижит ағымдарының ортақ сенімдері: а) Халифа тек қана сайлау аркылы таққа

Харижит ағымдарының ортақ сенімдері:
а) Халифа тек қана сайлау аркылы таққа келеді. Сайлауда

мұсылмандардың барлығы толық катысуы тиіс. Халифа әділетті болып, шариғатты дұрыс ұстанса бағынамыз, қайшы жағдайда ондай халифа қызметінен алынады немесе өлтіріледі.
б) Халифаның араб ұлтынан ғана болуы шарт смес. Халифалықка лайык кез келген мұсылман сайлана алады.
в) Үлкен күнә жасаған мұсылманды кәпір деп, күнәні үлкен-кіші деп болмей, күнә істеген адамды өлтіруді халал санайды. Өздеріне қосылмаған мұсылманды кәпір деп қабыл еткендіктен, ондайларды өлтіру - уәжіп, мал-мүлкін олжа ретінде алу, бала-шағасын құл ретінде ұстау халал.
Слайд 5

Сәләфия Сәләфия - сөздіктегі мағынасы «алғашқылар, бұрын келгендер» болып келетін «سَلَفٌ»

Сәләфия
Сәләфия - сөздіктегі мағынасы «алғашқылар, бұрын келгендер» болып келетін «سَلَفٌ» -

«сәләф» түбірінен шыққан сөз. Ад терминде мұсылмандардың алғашқы тізбегі болып саналатын сахабалар мен табиғиндер және әтбағу табиғиндерге айтылады. Сәләфия сөзіне сахабалар мен табиғиндердің жолын ұстанған "фақиһтар мен мухаддистер" деп те анықтама бергендер бар. Содан кейінгі замандарда шыққан ғалымдарға сахабалар мен табиғиндердің жолын ұстанғандықтан «сәләфилер» делінген. Ал өздеріне сәләфи атауын беріп жүрген қазіргі ағым XI ғасырда қозғалыс ретінде пайда бола бастады. Негізінде олар Ханбали мәзһабын ұстанатын адамдар болатын. Кейін XIV ғасырда қайта күшейіп, Ибн Тәймия тарапынан осы көзқарас жанданды.
Слайд 6

Ибн Таймияның Таухидті бөлуі

Ибн Таймияның Таухидті бөлуі

Слайд 7

Уаһабилік Уаһабилік – араб түбегінде реакцияшыл түсінікпен пайда болған ағым. Бұл

Уаһабилік
Уаһабилік – араб түбегінде реакцияшыл түсінікпен пайда болған ағым. Бұл ағым

қабірлерді зиярат ету, дүниеден өткен кейбір адамдарды асыра көтермелеу, олардан берекет тілеу әрі сол арқылы Аллаға жақындау секілді шектен шыққан әрекеттерге қарсылықтан, бұған қоса, басқа да бидғаттардың көбейіп, олардың діни және дүниелік істерде басшылыққа алынуына келіспеуден туындаған. Бұл топтың пайда болуы Ибн Тәймияның көзқарастарын қайта жандандырды деуге болады.
Слайд 8

Ихуан муслимин Ихуан Муслимин (мұсылман бауырлар) – мұсылман әлеміндегі ірі саяси

Ихуан муслимин
Ихуан Муслимин (мұсылман бауырлар) – мұсылман әлеміндегі ірі саяси ұйымның

бірі. Ұйымды 1928 жылы мысырлық саяси қайраткер Хасан әл-Банна (1906-1949) құрды. Бұл саяси қозғалыстың реформаторлық көзқарастары мен ұстанымдары ислам елдеріне жылдам тарады. Бейресми деректерге қарағанда бүгінгі таңда Ихуан Муслимин идеологиясынан нәрленген діни-саяси ұйымдардың араб елдерінің аумағынан тыс жетпіске жуық мемлекеттерде өкілдіктері бар.
Слайд 9

Талибан Талибан – 1994 жылдың қарашасында Ауғанстанда құрылған ислами қозғалыс. Құрушысы

Талибан
Талибан – 1994 жылдың қарашасында Ауғанстанда құрылған ислами қозғалыс. Құрушысы 31

жастағы Молда Мұхаммед Омар. «Талибан» сөзінің мағынасы «оқушылар» дегенді білдіреді. Талибан қозғалысының басым көпшілігі Пуштун жастарынан құралған. Олар босқындарға арналған лагерлерде өскен Пәкістан шекарасындағы медреселерден келген.
Слайд 10

Әл-Каида «القَاعِدةُ» әл-Қағида араб тілінде «іргетас, қағида, негіз немесе әдіс-тәсіл» деген

Әл-Каида
«القَاعِدةُ» әл-Қағида араб тілінде «іргетас, қағида, негіз немесе әдіс-тәсіл» деген мағыналарды

білдіретін сөз. Бұл ұйым алғаш рет 1980 жылдарда Кеңестер одағына қарсы соғысқан Ауған халқына жәрдем беру үшін жер-жерден «жиһад» ниетімен жиналған мұсылмандардан құрыла бастаған. Яғни, аталмыш операцияның базасы қалыптасты. Әл-Каида ұйымының негізін қалаушы – Абдуллаһ Аззам.
Слайд 11

Боко Харам Нигерияда пайда болған бұл топтың толық атауы «Тәблиғ пен

Боко Харам
Нигерияда пайда болған бұл топтың толық атауы «Тәблиғ пен жиһадқа

бағытталған әһлі сүннә жамағаты». Нигериядағы батыстық оқу орындарына, тіпті жалпы батыстық оқу жүйесіне қарсылықтан шыққан Боко Харам ұйымының атауының мағынасы да «Батыстық білім беру жүйесі - харам» дегенге келеді. Нигерияда ислами режимді орнату мақсатында пайда болды.
Слайд 12

Ән-Нусра Бұл топ қазіргі таңда Сирияда. Әл-Каиданың бір бөлігі болып есептелетін

Ән-Нусра
Бұл топ қазіргі таңда Сирияда. Әл-Каиданың бір бөлігі болып есептелетін ән-Нусра

ұйымы харижилік түсініктегі топтардың қатарына жатады. Яғни, ерекшеліктері харижилермен ортақ деуге келеді. Түп негізі сәләфилік ән-Нусра ұйымы өз әрекетін 2011 жылдың қыркүйегінде бастағанымен оның пайда болуын 2003 жылға апаруға болады. Себебі, Ирактағы әл-Каида атауымен бұл елде 2003 жылдан бері бар деуге келеді.
Слайд 13

ИШИМ Ирак және Шам Ислам Мемлекеті (ИШИМ) – Ирак пен Сирия

ИШИМ
Ирак және Шам Ислам Мемлекеті (ИШИМ) – Ирак пен Сирия мемлекеттерінің

солтүстігінде азаматтық соғыс, лаңкестік әрекеттер жасайтын халықаралық террористік, діни экстремистік ұйым. Бұл ұйым соңғы уақытта пайда болған харижилік түсініктің өкілдері. Ұйымның құрылуына әл-Каида себепкер болған. Сол тұрғыдан әл-Каиданың Сирия мен Ирактағы өкілі іспетті. Ұйымның құрушысы Әбу Бәкір әл-Бағдади.
Слайд 14

әш-Шәбәб «Шәбәб» сөзі араб тілінде «жастық шақ» деген мағынаны береді. Бұл

әш-Шәбәб
«Шәбәб» сөзі араб тілінде «жастық шақ» деген мағынаны береді. Бұл атаумен

аталатын террорлық ұйым 2006 жылы Сомалиге басып кірген. Эфиопиялықтарға қарсы соғысқан Ислами соттар одағының жастардан құралған әскері ретінде құрылған. Бұл ұйым басында өзін-өзі қорғай алмай қауқарсыздық танытқан үкіметке демеу көрсету мақсатында құрылған болатын. Ұйым жетекшісі Ахмәд Абди Годане.