Кәсіпорындардың ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі. Шикізат, материалдық және отын-энергетикалық ресурстар

Содержание

Слайд 2

Қарастырылатын сұрақтар: Логотип 4.1 Шикізат, пайдалы қазбалар түсінігі, жіктелуі және оларды

Қарастырылатын сұрақтар:

Логотип

4.1 Шикізат, пайдалы қазбалар түсінігі, жіктелуі және оларды экономикалық

бағалау 4.2 Қазақстан Республикасының шикізат базасы және оны дамыту бағыттары 4.3 Қазақстан Республикасында индустриалды-инновациялық даму жағдайындағы отын-энергетикалық кешен 4.4 Шикізат таңдауды экономикалық негіздеу
Слайд 3

ШИКІЗАТ бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек

ШИКІЗАТ
бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған

кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады.
табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Бұлайша ұғынуда шикізат — табиғи ресурстардың ендігі пайдаланылатын немесе технологиялық тұрғыдан өндіріске тартылуы мүмкін бөлігі.
Бірнеше түрлері сараланады: борлық шикізат (бор алу үшін қолданылады, каолиндік шикізат (керамика мен отқа төзімді материалдар алуда, сондай- ақ, бірқатар технологиялық процестерде қолданылады), цемент шикізаты және т.б.
Слайд 4

Өндірістік шикізат түрлері

Өндірістік шикізат түрлері

Слайд 5

Халық шаруашылығында пайдаланылатын шикізаттың түрлері

Халық шаруашылығында пайдаланылатын шикізаттың түрлері

Слайд 6

Шикізаттың саралануы

Шикізаттың саралануы

Слайд 7

Шикізат ресурсты өңдеуіне байланысты

Шикізат ресурсты өңдеуіне байланысты

Слайд 8

Шикізатқа кен өндіруші өндірістің өнімі (руда, мұнай, көмір және т.б.) және

Шикізатқа кен өндіруші өндірістің өнімі (руда, мұнай, көмір және т.б.) және

ауылшаруашылығының (астық, картоп, қызылша) өнімдері жатады, ал материалдарға өңдеуші өндірістің өнімі жатады.
Слайд 9

МАТЕРИАЛДАР – өнімді дайындау және өндіріске қызмет көрсету үшін көбінесе еңбек

МАТЕРИАЛДАР – 
өнімді дайындау және өндіріске қызмет көрсету үшін көбінесе еңбек заты ретінде пайдаланылатын әр түрлі

заттай элементтер. 
Өнім тікелей солардан дайындалатын негізгі материалдар және кәсіпорынның өндірістік пайдалану мұқтаждары үшін пайдаланылатын көмекші материалдар (мысалы‚ жағар май) түрлеріне бөлінеді.
Олардың жүйелендірілген тізбесін номенклатура деп атайды.
Слайд 10

Материалдар әрбір өндірістік циклде толық пайдаланылып‚ өзінің құнын дайын өнімге көшіреді‚

Материалдар әрбір өндірістік циклде толық пайдаланылып‚ өзінің құнын дайын өнімге көшіреді‚

сондықтан айналым құралдарына жатқызылады.
Өнеркәсіптің өңдеуші салаларында олардың өнімнің өзіндік құнындағы үлес салмағы елеулі, сондықтан оларды ұдайы үнемдеу талап етіледі. 
Кен өндіруші салаларда негізгі материалдар болмайды‚ өйткені мұнда табиғат заты еңбек заты болып табылады.
Материалдардың пайдаланылу деңгейін бағалау үшін бұйымның меншікті материал сиымдылығының көрсеткіштері‚ материалдардың пайдаланылу және қолданылғыштық коэффициенті‚ т.б. қолданылады. 
Отын мен электр энергиясы да материалдарға жатқызылады.
Слайд 11

МАТЕРИАЛДАР ТҮРЛЕРІ

МАТЕРИАЛДАР ТҮРЛЕРІ

Слайд 12

Пайдалы қазбалар — техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе

Пайдалы қазбалар — техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан

кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер қойнында кездесетін табиғи минералдық заттар.
Өзінің физикалық қасиеті бойынша пайдалы қазындылар қатты, сұйық және газ тәріздес болып үшке бөлінеді.
Слайд 13

Пайдаланылуына байланысты пайдалы қазбалар келеесідей топтарға белінеді: жанғыш —көмір, мұнай, жанғыш

Пайдаланылуына байланысты пайдалы қазбалар келеесідей топтарға белінеді:
жанғыш —көмір, мұнай, жанғыш газдар мен тақтатастар;


құрылыстық —гранит, мрамор, утас, құм тағы басқалар;
химиялық шикізат — күкірт, калий тұзы, апатит,графит тағы басқалар.;
отқа төзгіш шикізат — қара, түсті және сирек металл кендері тағы басқалар.
орналасу жағдайы бойынша бұл қабаттың, желілік тағы басқалар. болып бөлінеді.
Слайд 14

Өнеркәсіпте пайдаланатын пайдалы қазбаларды келесі топтарға бөледі.

Өнеркәсіпте пайдаланатын пайдалы қазбаларды келесі топтарға бөледі.

Слайд 15

Пайдалы қазбалардың экономикалық тұрғыдан бөлінуі

Пайдалы қазбалардың экономикалық тұрғыдан бөлінуі

Слайд 16

Пайдалы қазбалардың санатқа бөлінуі

Пайдалы қазбалардың санатқа бөлінуі

Слайд 17

Өндірістік қорлар – теңдестік қордан пайдалану және жобалау кезінде болған ысырапты

Өндірістік қорлар – теңдестік қордан пайдалану және жобалау кезінде болған ысырапты

алып тастағаннан кейінгі қалған қор.
Пайдалану кезінде неғұрлым ысырап аз болған сайын теңдестік қор сол құрлы мол өндіріледі, соның арқасында пайдалы қазба орындары соғұрлым оңтайлы пайдаланады.
Слайд 18

Пайдалы қазбалардың кез келген кен орнының экономикалық маңызы болады. Ең үздігін

Пайдалы қазбалардың кез келген кен орнының экономикалық маңызы болады.
Ең үздігін

анықтау үшін оларға экономикалық бағалау жүргізіледі.
Оның алдында геологиялық және технологиялық бағалау жасалады.
Слайд 19

Геологиялық бағалауға кен орны туралы жалпы мәліметтер, ауданның геологиялық сипаттамасы және

Геологиялық бағалауға кен орны туралы жалпы мәліметтер, ауданның геологиялық сипаттамасы және

кен орнының геологиялық құрылысы кіреді. Геологиялық бағалау негізінде геологиялық запастар, пайдалы қазбалардың сапасы, кен орнының орналасуының геологиялық жағдайы, кен шығатын орынның тереңдігі, топырақ қабатының қуаты және басқалар анықталады.
Технологиялық бағалау кен шығатын орынның технологиялық мүмкіндігін, қазбалардың өндіруге болатын көлемін, аршу, дайындау әдістерін анықтау үшін және т.б. жасалады. Технологиялық бағалау технологиялық өңдеу мүмкіншілігін, кен шығару көлемін, жер қойнауын ашу тәсілін, дайындық жұмыстарын және т.б. анықтау үшін қажет.
Слайд 20

Геологиялық және технологиялық бағалаудың арқасында кен орнының экономикалық бағалануы жүргізіледі және

Геологиялық және технологиялық бағалаудың арқасында кен орнының экономикалық бағалануы жүргізіледі және

ол кез келген кен орнының пайдаланғанда келесі көрсеткіштер анықталады:
жалпы және салыстырмалы күрделі қаржылар;
өндіруге, байытуға және өнімдерді сатуға кеткен шығындар;
табыстылық көрсеткіші;
еңбек өнімділігі;
пайда және табыстылық;
өтеу мезгілі;
дисконтты таза табыс.
Слайд 21

Дисконтты таза табыс (ДТТ) мына формуламен анықталады: ДТТ = ∑ (Zt

Дисконтты таза табыс (ДТТ) мына формуламен анықталады:
ДТТ = ∑ (Zt –

St ) / (1+E)T - K
Zt – кен орнын пайдаланудың t -айналымында дана бойынша барлық алынған және сатылған, ілесіп шығарылған өнім құндылығы;
St - кен орнын пайдалануың t -айналымында кен өндіруге, байытуға және сатуға кеткен шығындар;
К - кен орнын өңдеуге қажетті күрделі қаржылардың дисконттық мөлшері:

К = ∑Кt × (1+Е)t
мұнда:
Кt - кен орнын пайдалануың t -айналымында кен өндіруге қажетті күрделі қаржылар;
Е – дисконттың мөлшерлемесі;
t - өтеу уақыты;

Слайд 22

Егер ДТТ > 0 болса, кен орнын пайдалану тиімді деп саналады.

Егер ДТТ > 0 болса, кен орнын пайдалану тиімді деп саналады.


Неғұрлым ДТТ мөлшері көбірек болса, соғұрлым экономикалық бағасы жоғары болады. Оны анықтағанда өтеу мерзімі, табыстылық көрсеткіші, табыстылықтың ішкі мөлшері және т.б. ескеріледі.
Осы көрсеткіштерді салыстыра отырып, әрбір кен орнының әлеуеті бойынша пайдалану кезегі анықталады
Слайд 23

Отын мен энергия өздерінің экономикалық табиғатында қосалқы материалдарға жатады, алайда маңыздылығының

Отын мен энергия өздерінің экономикалық табиғатында қосалқы материалдарға жатады, алайда маңыздылығының

күшіне қарай олар ресурстардың дербес тобына бөлінеді.
Слайд 24

Потенциалдық және нақты отын-энергетика ресурстары (ОЭР) болып бөлінеді. Потенциалдық ОЭР –

Потенциалдық және нақты отын-энергетика ресурстары (ОЭР) болып бөлінеді.
Потенциалдық ОЭР – бұл

тұтастай республикада, сонда немесе басқа бір экономикалық ауданда, бар барлық отын мен энергия түрлері запастарының көлемі.
Нақты (ОЭР) отын-энергетика ресурстары кең мағынада – бұл ел экономикасында пайдаланылатын барлық энергия түрлерінің жиынтығы.
Слайд 25

Ал неғұрлым «тар» мағынада отын-энергетика ресурстары деп мыналарды түсінуге болады: табиғи

Ал неғұрлым «тар» мағынада отын-энергетика ресурстары деп мыналарды түсінуге болады:
табиғи отын-энергетика

ресурстары (табиғи отын) көмір, тақта тас (сланец), тарф (шым тезек), мұнай, жер асты газы, ағаш отын, табиғи механикалық энергия;
табиғи отын көздері – күн, жер асты нары және термальды сулар;
отындарды өңдеу арқылы алынған өнімдер (кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар, байытылған көмір, оның қалдықтары және т.б.);
негізінен технологиялық процесстер кезінде алынатын екінші энергетикалық ресурстар (отын қалдықтары, жанатын және ыстық газдар, өңделген газ, өндіріс өнімдерінің физикалық жылуы және т.б.).
Слайд 26

Отын-энергетикалық ресурстар түрі

Отын-энергетикалық ресурстар түрі

Слайд 27

Байыту - бұл техникалық жағынан және экономикалық маңыздылығына байланысты шикізаттың құрамында

Байыту - бұл техникалық жағынан және экономикалық маңыздылығына байланысты шикізаттың құрамында

бар өнімді жеке дара алу үшін оны алғашқы өңдеу түрі.
Байыту келесі мүмкіншілікті қамтамасыз етеді:
табиғи қазбада болатын пайдалы құрамдастың мөлшерін арттыру;
зиянды қоспаны алып тастау;
минералды бір-бірінен ажырату;
Слайд 28

Шикізатты байыту арқылы екі зат алынады, оның біреуі – концентрат, ал

Шикізатты байыту арқылы екі зат алынады,
оның біреуі – концентрат,
ал

екіншісі- қалдық (хвосты) деп аталады.
Қазіргі кезде түсті және сирек металдардың 95 пайызы, темір рудасының көпшілігі, фосфортитердің барлығы байытуға жіберіледі.
Слайд 29

Байытудың экономикалық маңыздылығы келесіден тұрады: өнеркәсіптің шикізат базасы кеңейеді; дайын өнім

Байытудың экономикалық маңыздылығы келесіден тұрады:
өнеркәсіптің шикізат базасы кеңейеді;
дайын өнім алу үшін

кейінгі өңдеу арзанға түседі;
дайын өнімнің сапасын жоғарылату қамтамасыз етіледі;
шикізатты алынған жерінен өңдеу орнына жеткізу көлік шығындары азаяды;
көлік құралдарының қажеттілігі азаяды және олардың пайдалану тиімділігі артады.