Қайта өрлеу дәуірінің алғаш дамыған жері Италия елі болды
XVIII ғасырдан бастап Италиялық жаңғыру
дәуірі адамның қайта жаңғыруы және гуманизм дәуірі деп сипатталады. XIV—XV ғасырлар Италия мәдениетін былай сипаттаудың тамыры да осы дәуірде жатқандығын атап өткен дұрыс сияқты.
Тереңірек үңіліп қарайтын болсақ, «гуманизм» латынның «адамгершілік» деген сөзінен шыққан (гомо — «адам» деген ұғымды білдіреді). Бұл терминді «жаңа адамдар» — (гуманистер) енгізген. Олардың ойынша, гуманизм бүкіл адамзат баласы тудырған мол мәдени мұраларды құныға оқып, зерттеп-білуге ұмтылу болып табылады.
Осы орайда, Ренессанс мәдениетінің өзіндік сипатына тоқтала кеткенді жөн көрдік. Олар:гуманизм, антроцентризм, орта ғасырлық христиандық дәстүрлерді нәрлендіру, көне мәдени мұраларды қайта жаңғырту (философия мен өнердің көне туындыларын тірілту) және дүниеге жаңа көзқарас болып табылады.
Әулие Петр күмбезі