Қазақ елі-бай ел Погорелова Екатерина 1-077 ЖМ

Содержание

Слайд 2

Қазақстан Республикасы көрікті жерлерге және қазба байлықтарға өте бай

Қазақстан Республикасы көрікті жерлерге және қазба байлықтарға өте бай

Слайд 3

Қазақстанның қазба байлықтары Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын

Қазақстанның қазба байлықтары

Қазақстан дүние жүзінің 186 елінің ішінде вольфрам, қорғасын және

барийдің қоры бойынша бірінші орында, хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден — үшінші, мыс — төртінші, уран — бесінші, алтын — алтыншы, темір кені — жетінші, қалайы мен никель — сегізінші, көмір мен табиғи газ — тоғызыншы, мұнай бойынша он үшінші орында.
Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
Слайд 4

Тас көмір және қоңыр көмір Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр

Тас көмір және қоңыр көмір

Қазақстанда барланған тас көмір және қоңыр көмірдің

қоры 200 млрд. тоннадан астам. Көмір бассейндеріне Қарағанды, Екібастүз, Майкөбен, Обаған, Жіліншік, Теңіз-Қорғалжын, Шу, Іле (Қалжат), Төменгі Іле (Оңтүстік-Балқаш) және Орал-Каспий (Жайың-Жем) жатады.
Слайд 5

Мұнай мен табиғи газдар Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса

Мұнай мен табиғи газдар

Каспий маңы ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда

мұнай қоры 7 млрд. тонна. Бұл мұнай өндірісін жыл сайын 50—100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Қарашығанақ кен орнындағы табиғи газ қоры 1,3 триллион куб метрді құрайды.

Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры, табылған. Алдын ала жасалған есептеулер бойынша мұнда 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб метр газ бар. Мұнай мен газга қатысты Торғай, Шу-Сарысу, Зайсан—Алакөл ировинцияларының болашағы зор. Қазақстанда металл кен орындары барланған.

Слайд 6

Темір Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Торғай

Темір

Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Торғай темір

кен бассейнінде орналасқан. Бассейннің ірі кен орындарына Соколов Сарыбай, Қашар, Лисаков және Аят кен орындары жатады. Металлургиялық процесте темір кенінен басқа ванадий, алюминий оксиді, фосфаттық шлактар алынады. Олар минералдық тыңайтқыш ретінде пайдаланылады.
Алатау темір марганец бассейнінде шамамен 500-дей кен орындары мен металл іздері табылган. Бассейндегі темір кендерінің қоры 500 млн. тонна және марганецті кендер — 80 млн. тоннаны құрайды.

Ұлытаудағы Қарсақатай темір кен орындарында 500 млн. тонна темір кені бар.
Шағын темір кен орындары Кеңтөбеде (Қарағанды), Атансарда (Көкшетау), Қаратаста (Жезқазған), Иірсуде (Оңтүстік Қазақстан) және т.б. жерлерде табылған.

Слайд 7

Хромит Хромит кендері негізінен Ақтөбеде табылған. Кемпірсай массивінде шамамен 30 кен

Хромит

Хромит кендері негізінен Ақтөбеде табылған. Кемпірсай массивінде шамамен 30 кен орындары

бар. Кеннің ұзындыгы 80 км, ені 0,6-дан 30 км-ге дейін созылған, қалыңдығы жүздеген метрге жетеді. Кендегі хром тотығының мөлшері 20-дан 60% ға дейін. Бұл кен орнына дүние жүзінде тең келетін кең орны жоқ. Хромит кенін өндіру бойынша Қазақстан дүние жүзінде бірінші орынға шықты.
Хромит кендері Қостанайдағы Жетіқарада, Құндыбайда, Аққарғада, Ақтауда, Семейде табылған.
Слайд 8

Алюминий Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешегі бар аудандарға

Алюминий

Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешегі бар аудандарға Сарыарқаның

батысы мен солтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария өзенінің бассейні, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты. Аманкелді, Обаған, Жоғарғы Тобыл, Теңіз, Таскөл және Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының маңындағы кен орындарын атауға болады.
Алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері де барланған.
Слайд 9

Мыс Мыс кендері Қазақстанның көптеген территорияларында таралған. Алтай тауларынан бастап республикамыздың

Мыс

Мыс кендері Қазақстанның көптеген территорияларында таралған. Алтай тауларынан бастап республикамыздың батыс

шекараларына дейін мыс кендері барланған. Мыстың ірі кен орындары Сарыарқада, Жетісу, Жоңғар Алатауында, Шыңғыс және Мұғалжар тауларында, Батыс Торғайда, Теңіз ойпатында, Ақтөбе маңында, Маңғыстауда, Атбасар-Терісқанда, Солтүстік Қазақстанда, Балқаш маңында, Тарбағатай, Сәуір тауларында және т.б. орналасқан. Дүние жүзіне белгілі мыс кен орындары Қоңырат, Бозшакөл, Саян, Жыланды, Ақтоғай, Жезкент, Шиелісай және т.б. еліміздің ұлттың байлығы болып табылады.
Мысты кендерден, сонымен қатар, қорғасын, цинк, молибден, күкірт және т.б. компоненттер алынады.
Слайд 10

Алтын мен күміс Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысымен солтүстігінде өндіріліп

Алтын мен күміс

Алтын мен күміс ертеден Қазақстанның шығысымен солтүстігінде өндіріліп келген.

Солтүстікте — Ақсу, Машайық, Жусалы, Жақтабыл, Төртқұдық және т.б. кен орындары. Шығыста — Қалбы алтынды ауаны. Алтын Оңтүстік Қазақстанда Жоңғар Алатауы мен Шу және Іле тауларында табылған.
Көкшетау жақын жылдары негізгі алтын өндіруші аймаққа айналады. Өндірілетін алтын мөлшерін қазіргі жылына 10—15-тен 100—120 тоннаға дейін арттыруға болады.
Слайд 11

Қазақстанның көрікті жерлері

Қазақстанның көрікті жерлері

Слайд 12

Ақсу-Жабағылы Қазақстан мен Орта Азиядағы алғашқы қорық Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.

Ақсу-Жабағылы

Қазақстан мен Орта Азиядағы алғашқы қорық Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Ақсу-Жабағылы

қорығы Батыс Тянь-Шань тауының 850 шаршы метр аумағын алып жатыр. Қорықта өсімдіктердің 1279 түрі кездеседі, оның 57 түрі Қызыл Кітапқа енген. Сүтқоректі жануарлардың 51 түрі мекен етеді.
Слайд 13

Сайрам-Ұғам (өгем) мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Аумағы 149 мың гектарға жететін

Сайрам-Ұғам (өгем) мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы

Аумағы 149 мың гектарға жететін Оңтүстік

Қазақстан облысында орналасқан саябақ 2006 жылы ұйымдастырылды. Саябақ құрылған кезде басты мақсат Батыс Тянь-Шань тау жоталарындағы табиғат байлықтарын қорғау мен экологиялық туризмді дамыту болды. Табиғатты қорғау жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты саябақ қорық, шектеулі шаруашылық жұмыстарын жүргізу, туристтік болып үш аймаққа бөлінген. Саябақта өсімдіктердің 1500-ден астам түрі, сүтқоректілердің 60-тан астамы түрі, құстардың 300 түрі кездеседі.
Слайд 14

Көкшетау Ақмола облысында орналасқан аймақ. Бұл аймақта Зеренді, Шалқар, Саумалыкөл, Имантау

Көкшетау

Ақмола облысында орналасқан аймақ. Бұл аймақта Зеренді, Шалқар, Саумалыкөл, Имантау көлдері

бар. Орманды алқап аймақтың 60%-ын құрайды. Бұл аймақтың орман-көлдері қорғалып, Көкшетау Ұлттық саябағының құрамына кіреді.
Слайд 15

Қорғалжын Орталық Қазақстанда орналасқан. Кездесетін өсімдік пен жануар әлемінің барлық дерлік

Қорғалжын

Орталық Қазақстанда орналасқан. Кездесетін өсімдік пен жануар әлемінің барлық дерлік түрі

Қызыл Кітапқа енген. Су құстарының 300 түрі кездеседі. Қорғалжын қорығының табиғатымен танысу аймақтақ мұражайдан басталады