Слайд 12
ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІ, НЕГІЗІНЕН, КӨЙЛЕК, КИМЕШЕК, ЖАУЛЫҚ, СӘУКЕЛЕ, ЖЕЛЕК,
ТАҚИЯ, КАМЗОЛ, КӘЗЕКЕЙ, КЕБІС-МӘСІ, КӨКІРЕКШЕДЕН ТҰРАДЫ. ӘШЕКЕЙ, АЖАР ЖАҒЫНАН ТӨРТ ТОПҚА АРНАЛЫП ТІГІЛЕДІ. ОЛАР ҚЫЗ КИІМДЕРІ, КЕЛІНШЕК КИІМДЕРІ, ОРТА ЖАСТАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН БӘЙБІШЕЛЕРДІҢ КИІМДЕРІ. ҚЫЗ КИІМДЕРІ КЕУДЕЛЕРІ ТАР, ҚЫНАМАЛЫ, ЖАҒА, ЖЕҢ, КЕУДЕСІ, ӨҢІРІ КЕСТЕЛІ, ӘШЕКЕЙЛІ КЕЛСЕ, ЖАС ҰЛҒАЙҒАН САЙЫН НЕҒҰРЛЫМ ЕТЕКТІ, КЕҢ, МОЛ ҚАУСЫРМАЛЫ БОЛА ТҮСЕДІ.
ЕРКЕКТЕР МЕН ӘЙЕЛДЕР БАС КИІМІ ӘР ТҮРЛІЛІГІМЕН ЕРЕКШЕ-ЛЕНДІ. ЕРКЕКТЕРДІҢ ЕЖЕЛДЕН КЕЛЕ ЖАТҚАН ДӘСТҮРЛІ БАС КИІМІ – ҚАЛПАҚ ЖҰҚА АҚ КИІЗДЕН ТІГІЛДІ. БҰЛАРДЫҢ АҚ КИІЗДЕН ТӨБЕСІ БИІК ЕТІЛІП ЖАСАЛҒАНЫ “АҚ ҚАЛПАҚ”, АЛ ЖАЛПАҚ КҮНҚАҒАРЫ ЖОҒАРЫ БҮКТЕЛІП ҚАЙЫРЫЛҒАНЫ “АЙЫР ҚАЛПАҚ” ДЕП АТАЛДЫ. КӨКТЕМ МЕН КҮЗДЕ ҚАЗАҚТАР ДӨҢГЕЛЕК ПІШІНДІ, ТӨБЕСІ БИІК, МІНДЕТТІ ТҮРДЕ АҢ ТЕРІСІМЕН ЖИЕКТЕЛГЕН БӨРІК КИГЕН. ҚЫСТА КИЕТІН БАС КИІМ “ТЫМАҚ” ДЕП АТАЛДЫ.