Мемлекет құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
Унитарлық – құрылыста саяси билік бір
орталыққа бағынады , мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді.Оның териториясы , конституциясы бір болады. Мемлекттік биліктің жоғарғы органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б осы түрге жатады.
Федерация- белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субьектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпы мемлекеттік конституциямен реттеледі.Әр субьектінің өзінің жоғары билеу ( заң шығарушы, атқарушы , сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия , т.б жатады.