Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

Содержание

Слайд 2

Жоспар: 1) Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы ҚҚБ-дың түсінігі және

Жоспар:

1) Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы ҚҚБ-дың түсінігі және жалпы

сипаттамасы
2) Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы ҚҚБ-ды топтастыру
3) Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы ҚҚБ-дың жекелеген құрамдарын талдау
4) Қоғамдық тәртіпке қарсы ҚҚБ
Слайд 3

Тақырып бойынша нормативтік материал: 1) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012

Тақырып бойынша нормативтік материал:

1) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы

6 қаңтардағы ҚР Заңы.
2) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі ҚР Заңы.
3) «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 қаңтардағы ҚР Заңы.
4) «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы ҚР Заңы.
4) «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы ҚР Заңы.
Слайд 4

Тақырып бойынша нормативтік материал : 5) «Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса

Тақырып бойынша нормативтік материал :

5) «Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып,

басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» ҚР Жоғарғы сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы нормативтік қаулысы.
6) «Атыс қаруларын, оқ-дәріні, қару-жарақты немесе жарылғыш заттарды ұрлау, оларды заңсыз алып жүру, ұстау, жасау немесе өткізу, атыс қаруларын ұқыпсыз ұстау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы сотының 1995 жылғы 21 шілдедегі нормативтік қаулысы.
7) «Бұзақылық жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы сотының 2009 жылғы 8 қаңтардағы нормативтік қаулысы.
Слайд 5

Қоғамдық қауіпсіздік қоғам өмірінің қауіпсіз шарттарын реттейтін, сондай-ақ қоғамның қалыпты өмір

Қоғамдық қауіпсіздік

қоғам өмірінің қауіпсіз шарттарын реттейтін, сондай-ақ қоғамның қалыпты өмір сүруі

үшін жеткілікті деңгейдегі қорғалғандық жағдайын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы
Слайд 6

Ұлттық қауіпсіздік адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің серпінді дамуын қамтамасыз

Ұлттық қауіпсіздік

адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің серпінді дамуын қамтамасыз

ететін Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінiң нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйi
Слайд 7

Қоғамдық тәртіп қоғамдық тыныштық пен имандылықты, өзара сыйластықты, азаматтардың қоғамдық орындардағы

Қоғамдық тәртіп

қоғамдық тыныштық пен имандылықты, өзара сыйластықты, азаматтардың қоғамдық орындардағы тиісті

мінез-құлқын, әлеуметтік қарым-қатынастарды қолдауға бағытталған құқық нормаларын сақтау негізінде қалыптасқан қоғамдық қатынастардың жүйесі
Слайд 8

Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы ҚҚБ-ды топтастыру 1) Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы ҚҚБ-дың жалпы

Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы ҚҚБ-ды топтастыру

1) Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы ҚҚБ-дың жалпы түрлері

(ҚР ҚК255-274 баптары)
2) Қауіпсіздіктің арнайы ережелерін бұзумен байланысты ҚҚБ (ҚР ҚК 276-282, 292-баптары)
3) Жалпыға қауіпті заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзумен байланысты ҚҚБ (ҚР ҚК 275, 283-291 баптары)
Слайд 9

Террористік қылмыстар: Терроризм актісі (255-бап) Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға

Террористік қылмыстар:

Терроризм актісі (255-бап)
Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде

шақыру (256-бап)
Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу
(257-бап)
Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік (258-бап)
Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру (259-бап)
Террористік немесе экстремистік даярлықтан өту (260-бап)
Адамды кепiлге алу (261-бап)
Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу (269-бап)
Әуе немесе су кемесін не жылжымалы темiржол составын айдап әкету, сол сияқты басып алу (270-бап)
Слайд 10

Экстремистік қылмыстар: Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге

Экстремистік қылмыстар:

Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге

де дем берушілік (258-бап)
Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру (259-бап)
Террористік немесе экстремистік даярлықтан өту (260-бап)
Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды ұйымдастыру (267-бап)
Слайд 11

Түрлі сипаттағы қылмыстық топтар құрумен байланысты қылмыстар: Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым

Түрлі сипаттағы қылмыстық топтар құрумен байланысты қылмыстар:

Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру

және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу (262-бап)
Қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу (263-бап)
Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу (264-бап)
Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу (265-бап)
Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлiктi сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзiрлеу (266-бап)
Заңсыз әскерилендiрiлген құралымды ұйымдастыру (267-бап)
Бандитизм (268-бап)
Слайд 12

Терроризм күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға,

Терроризм

күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам

мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы
Слайд 13

Терроризм актісі (ҚР ҚК 255-бабы) Терроризм актісі, яғни жарылыс жасау, өрт

Терроризм актісі (ҚР ҚК 255-бабы)

 Терроризм актісі, яғни жарылыс жасау, өрт қою

немесе адамдардың қаза табуы, елеулi мүлiктiк залал келтiру не қоғамға қауiптi өзге де зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де әрекеттер жасау, егер бұл әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру мақсатында жасалса, сондай-ақ аталған әрекеттердi дәл сол мақсаттарда жасау қатерін төндіру 
Слайд 14

Терроризм актісінің объективтік жағын құрайтын іс-әрекеттер : жарылыс жасау өрт қою

Терроризм актісінің объективтік жағын құрайтын іс-әрекеттер :

жарылыс жасау
өрт қою
адамдардың қаза

табуы, елеулi мүлiктiк залал келтiру не қоғамға қауiптi өзге де зардаптардың туындау қаупiн төндiретiн өзге де әрекеттер жасау
аталған әрекеттердi жасау қатерін төндіру
Слайд 15

Терроризм актісінің мақсаттары : қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу халықты үрейлендіру Қазақстан Республикасы

Терроризм актісінің мақсаттары :

қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу
халықты үрейлендіру
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының,

шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету
соғысқа арандату
халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру
Слайд 16

Қылмыстық жауаптылықтан босатудың арнайы түрі Терроризм актiсiн дайындауға қатысатын адам, егер

Қылмыстық жауаптылықтан босатудың арнайы түрі

Терроризм актiсiн дайындауға қатысатын адам, егер ол

мемлекеттiк органдарға дер кезiнде ескертуiмен немесе өзге тәсiлмен терроризм актiсiн болғызбауға ықпал етсе және егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады
Слайд 17

Бандитизм (ҚР ҚК 268-бабы) БАНДА – қаруды не қару ретінде пайдаланылатын

Бандитизм (ҚР ҚК 268-бабы)

БАНДА – қаруды не қару ретінде пайдаланылатын заттарды

қолданып немесе қолдану қатерін төндіріп азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатын көздейтін алдын ала біріккен екі немесе одан да көп адамдардың тұрақты тобы (ұйымдасқан топ)
Слайд 18

Бандитизмнің объективтік жағын құрайтын әрекеттер: БАНДАНЫ ҚҰРУ – кез келген белсендi

Бандитизмнің объективтік жағын құрайтын әрекеттер:

БАНДАНЫ ҚҰРУ – кез келген белсендi де

мақсатты iс-әрекеттердi жасаудың нәтижесiнде банданың шын мәнiсiнде құрылуы
БАНДАҒА БАСШЫЛЫҚ ЕТУ – банданың қылмыстық iс-әрекеттерiн жоспарлауға, материалдық қамтамасыз етуге және ұйымдастыруға байланысты, сондай-ақ нақты қылмыстарға дайындалуға және оларды жасауға байланысты шешiмдердi қабылдау
БАНДАҒА ҚАТЫСУ – банданың құрамына кiру және жоспарланған қылмыстарды қаржыландыруға, қарумен, көлiкпен қамтамасыз етуге, нысандарды iздестiруге, ақпараттарды жинастыруға және т.б.
БАНДА ЖАСАҒАН ШАБУЫЛДАРҒА ҚАТЫСУ
Слайд 19

Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу (ҚР ҚК 292-бабы) Объект – өрт қауіпсіздігін

Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу (ҚР ҚК 292-бабы)

Объект – өрт қауіпсіздігін

қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық қатынастар
Объективтік жағы:
әрекет – өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу
зардаптар – а) адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіру; б) азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiру
Субъект (арнайы) – өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауға жауапты адам
Субъективтік жағы:
кінә – абайсыздық
Слайд 20

Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу,

Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру,

өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (ҚР ҚК 287-бабы)

ОБЪЕКТ – қару айналымы саласындағы қоғамдық қатынастар
ЗАТЫ:
Суық қару
Атыс қаруы
Газды қару
Оқдәрі (патрон)
Жарылғыш заттар
Жарылыс құрылғылары

Слайд 21

Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу,

Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру,

өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (ҚР ҚК 287-бабы)

ҚАРУ – конструкциялық жағынан алғанда тiрi немесе өзге де нысананы зақымдауға, сондай-ақ белгi беруге арналған құрылғылар мен заттар
СУЫҚ ҚАРУ – нысананы тiкелей зақымдайтын құралы адамның бұлшық етi күшiнiң көмегiмен қозғалысқа келтiрiлетiн қару

Слайд 22

Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу,

Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру,

өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (ҚР ҚК 287-бабы)

АТЫС ҚАРУЫ – оқ дәрi немесе өзге де заряд қуатының әсерi нәтижесiнде ұңғы оқпанынан оқты, снарядты, гранатаны ұшырып шығаратын қару
ГАЗДЫ ҚАРУ – қолданылуы көз жасын ағызатын немесе тiтiркендiргiш заттарды пайдалануға негiзделетiн қару

Слайд 23

Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу,

Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру,

өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (ҚР ҚК 287-бабы)

ОҚДӘРІ (ПАТРОН) – конструкциялық жағынан қарудың тиiстi түрiнен ату үшiн және нысананы зақымдауға арналған құрылғылар немесе заттар

Слайд 24

Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу,

Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру,

өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (ҚР ҚК 287-бабы)

ЖАРЫЛҒЫШ ЗАТТАР – оқдәрiлер, тротил, нитроглицерин, пироксилин, аммонал, жарылатын басқа да химиялық заттар және жарылғыштық қасиетке ие олардың алуға және сақтауға арнайы рұқсат талап етiлетiн қоспалары
ЖАРЫЛЫС ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ – жарылғыш затпен оқталған және атылатын қарудан атуға арналған және жарылғыш заттармен жарақтандырылған, жинастырылған құрылғылар

Слайд 25

Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу,

Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру,

өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру (ҚР ҚК 287-бабы)

Объективтік жағы:
Алып жүру
Иемдену
Беру
Өткізу
Сақтау
Тасымалдау

Слайд 26

Бұзақылық (ҚР ҚК 293-бабы) Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық

Бұзақылық (ҚР ҚК 293-бабы)

Бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін,

азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу
Слайд 27

Бұзақылық (ҚР ҚК 293-бабы)

Бұзақылық (ҚР ҚК 293-бабы)

Слайд 28

Бұзақылық (ҚР ҚК 293-бабы) Бұзақылықтың ниеті – басқа адамдардың алдында өзінің

Бұзақылық (ҚР ҚК 293-бабы)

Бұзақылықтың ниеті – басқа адамдардың алдында өзінің артықшылығын,

шектен тыс ерекшелігін көрсетуге ұмтылыс.
Бұзақылықтың мақсаты – айналадағыларды өрескел дөрекілігімен, қоғамдық мораль нормаларын пысқырмайтындығымен таң қалдыру, азаматтардың санасына қорқыныш сезімін ұялату, осылайша бір сәтке болса да оларды өз еркіне бағындыру.
Слайд 29

Бұзақылық (ҚР ҚК 293-бабы) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12

Бұзақылық (ҚР ҚК 293-бабы)

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
2009 жылғы 12 қаңтардағы

№3 нормативтік қаулысы
«Бұзақылық жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы»
Слайд 30

Бұзақылық (ҚР ҚК 293-бабы) Күш қолдану – жәбірленушіні ұрып-соғу, жұлқу, итеру

Бұзақылық (ҚР ҚК 293-бабы)

Күш қолдану – жәбірленушіні ұрып-соғу, жұлқу, итеру немесе

оның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіру.

Күш қолдану әрекеттерін ҚР ҚК 108, 109-баптары бойынша қосымша саралау қажет емес.

Слайд 31

Бұзақылық (ҚР ҚК 293-бабы) Бөтен мүлікті жою немесе бүлдіру әрекеттерін ҚР

Бұзақылық (ҚР ҚК 293-бабы)
Бөтен мүлікті жою немесе бүлдіру әрекеттерін ҚР ҚК

202-бабы бойынша қосымша саралау қажет емес (егер ауырлатушы мән-жайлар болмаса).
Азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауды ҚР ҚК 131-бабы бойынша қосымша саралау қажет емес.
Слайд 32

Кейс фабуласы Бұрын жымқыру үшін бірнеше рет сотталған Куликов азаматтарға шабуыл

Кейс фабуласы

Бұрын жымқыру үшін бірнеше рет сотталған Куликов азаматтарға шабуыл

жасау мақсатында қылмыстық топ құрады. Ол ТТ жүйесінің тапаншаларын сатып алады және оларды топ мүшелері Захаров, Даулетов және Пимановқа үлестіріп береді. Кештердің бірінде қылмыстық топ мүшелері кәсіпкер Мавлюдовтың күні бұрын қарастырылып қойған пәтеріне шабуыл жасайды. Алайда пәтер иесі оларға пәрменді қарсылық көрсеткен соң Пиманов оны өлтіреді. Бұдан соң қылмыстық топ мүшелері пәтерді тінтіп, құнды заттарды алып кетеді.
Қылмыстық топ мүшелерінің әрекеттеріне қылмыстық-құқықтық баға беріңіздер.
Слайд 33

Кейс шешімі Куликов құрған қылмыстық топ банда (ҚР ҚК 3-бабының 7-тармағы)

Кейс шешімі
Куликов құрған қылмыстық топ банда (ҚР ҚК 3-бабының 7-тармағы) болып

табылады – қаруды не қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып немесе қолдану қатерін төндіріп азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатын көздейтін ұйымдасқан топ.
Слайд 34

Кейс шешімі Куликовтың әрекеттері жиынтық бойынша сараланады: 1) Қылмыстық топ жасаған

Кейс шешімі

Куликовтың әрекеттері жиынтық бойынша сараланады:
1) Қылмыстық топ жасаған қарақшылық –

ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы.
2) Тұрақты қарулы топты (банданы) құру және осындай топқа (бандаға) басшылық ету – ҚР ҚК 268-бабының 1-тармағы.
Слайд 35

Кейс шешімі Захаров, Даулетов және Пимановтың әрекеттері жиынтық бойынша сараланады: 1)

Кейс шешімі

Захаров, Даулетов және Пимановтың әрекеттері жиынтық бойынша сараланады:
1) Қылмыстық

топ жасаған жасаған қарақшылық – ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігінің 1-тармағы.
2) Тұрақты қарулы топқа (бандаға) және ол жасаған шабуылдарға қатысу – ҚР ҚК 268-бабының 2-тармағы.
Слайд 36

Кейс шешімі Пимановтың әрекеттері қосымша пайдакүнемдік ниетпен жасалған адам өлтіру деп

Кейс шешімі

Пимановтың әрекеттері қосымша пайдакүнемдік ниетпен жасалған адам өлтіру деп

сараланады – ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 8-тармағы. Пиманов қатысушының шектен шығушылығына (эксцесс) жол берді (ҚР ҚК 30-бабы), яғни басқа қатысушылардың пиғылында болмаған қылмысты жасады. Сондықтан адам өлтіргені үшін тек қана ол жауап береді.