ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңы

Содержание

Слайд 2

Қазақстан көпэтносты, көпконфессиялы мемлекет. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері мен 17

Қазақстан көпэтносты, көпконфессиялы мемлекет. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері мен 17

діни конфессиялар қызмет етеді. Мемлекетіміздің орналасу аумағы да Еуропа мен Азияның тоғысқан тұсында орналасқандықтан Қазақстанның ішкі қалыптылығы бұл аймақтарға айтарлықтай әсер ететіндігі анық. Сол себепті де Қазақстанда елдегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бейбітқатар жасасуына барынша жағдай жасалуда. Түрлі ұлт өкілдері Конституцияда белгіленген азаматтық құқықтары мен бостандықтарына ие. Ал діни конфессиялар 2011ж. қайта қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң шеңберінде қызмет атқарады.  Аталмыш Заң мемлекет пен дін арасында айқын, құқықтық тұрғыдан жүйеленген өзара байланыс пен қызметтестіктің жүзеге асуын қадағалайды.  Мысалы, Заңның 3-бабының 6-тармағында:«Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы» деп көрсетілген. Бұл өз кезегінде елімізде қалыптасқан конфессияаралық келісімді одан әрі нығайту, азаматтардың діни сенім бостандығын қамтамасыз етуге кепілдік болып табылады. 
Слайд 3

Заңның 4-тарауы «Діни бiрлестiктерді құру, мемлекеттік тіркеу, қайта ұйымдастыру, тарату» деп

Заңның 4-тарауы «Діни бiрлестiктерді құру, мемлекеттік тіркеу, қайта ұйымдастыру, тарату» деп

аталады. Аталмыш тарауда діни бірлестік құру талаптары, қажетті құжаттары, жарғысы мен мемлекеттік тіркеуден өту ережелері толық берілген.  Дін туралы заң қабылданған соң бір жыл көлемінде елдегі діни бірлестіктерді қайта тіркеу шарасы өтті. Қайта тіркеу діни конфессияларлың мәртебелерін Заң жүзінде бекіте отырып олардың міндеттерін тағы бір анықтау еді. Бұл шара мемлекет пен діни бірлестіктер арасында шынайы қарым-қатынастың жүзеге асуын қамтамасыз етті. Сондай-ақ, дін ұстанушыларды дін атын жамылған деструктивті және радикалды ағымдар мен топтардың ықпалынан қорғау арқылы азаматтардың Конституцияда белгіленген құқықтарын жүзеге асыру болып табылады.  Дін туралы Заңның 6-бабында Діни бірлестіктердің материалдарына дінтану сараптамасын дінтану саласында арнайы білімі бар адамдар, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардың өкілдерін және өзге де мамандарды тарта отырып, жүргізіледі деп анықталады және жүргізу шарттары көрстеліген: 1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың уәкілетті органға өтініштері; 2) Қазақстан Республикасы ұйымдарының кітапхана қорларына, сондай-ақ уәкілетті органға діни әдебиеттің, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдардың келіп түсуі; 3) жеке тұлғалардың миссионер ретінде тіркеу және діни бірлестіктерді тіркеу туралы өтініші; 4) жеке өзі пайдалануға арналған материалдарды қоспа¬ғанда, діни мазмұндағы ақпараттық материалдардың әкелінуі; 5) уәкілетті орган басшысының бұйрығы.
Слайд 4

Сондай-ақ, Үкімет тарапынан бекітілген «Дінтану сараптамаларын жүргізу қағидалары» заңнамалық актісінде дінтану

Сондай-ақ, Үкімет тарапынан бекітілген «Дінтану сараптамаларын жүргізу қағидалары» заңнамалық актісінде дінтану

сараптамасын жүргізу мерзімі (30 тәулік), талаптары және т.б. анықталады. Мұндай айқындамалар діни бірлестіктердің ақпараттық материалдарына, жарғыларына мейлінше объективті сараптама жасауға мүмкіндік береді. Қоғамның діни өміріндегі тағы бір өзекті мәселе миссионерлік қызмет болып табылады. 2011ж. қабылданған жаңа Заңда миссионерлік қызметті өткізу туралы (8-бап) миссионерлер мен діни бірлестіктерге қойылатын талаптар мен шарттар анық жазылған. Мұнда елге келуші миссионерлердің толық құжаттарын талап етілуімен қатар, оның діни ілімді таратуда қолданылатын аудио-видео жазбалары, діни әдебиеттері толық дінтанулық сараптамадан өткізіледі делінген. Дін туралы заңда көрсетілгендей, Республика территориясында миссионерлік қызмет атқару үшін дін таратушылар уәкілеттік органның аумақтық бөлімшелеріне келесідей құжаттарды ұсынуы қажет: 1) паспортының немесе жеке куәлігінің көшірмесін; 2) миссионерлiк қызмет аумағы мен мерзiмi көрсетiлген өтiнiшті; 3) дiни бiрлестiктің атынан миссионерлiк қызметті жүзеге асыру құқығына дiни бiрлестiк берген құжатты; 4) миссионер өкілі болып табылатын діни бірлестікті Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және оның жарғысының көшірмесін; 5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиетті, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттар.
Слайд 5

Ағымдағы жылдың 11 қазанында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан

Ағымдағы жылдың 11 қазанында  «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының

Заңы қабылданып, 25 қазан күні заңды күшіне енді.
Діни бірлестік дегеніміз Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өз мүдделерінің ортақтығы негізінде діни қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен ерікті бірлестігі танылады. 
Қазақстан Республикасында жергілікті, өңірлік және республикалық мәртебесі бар діни бірлестіктер құрылуы мүмкін. Діни бірлестіктердің атауында ұстанатын діні мен мәртебесі қамтылуы тиіс.                           
Республикалық және өңірлік діни бірлестіктерді тіркеуді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, ал жергілікті діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді аумақтық әділет органдары жүзеге асырады.
Осы заңның 24-бабының 2-тармағына сәйкес, діни мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандырумен айналысатын және осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін діни бірлестіктен басқа өзгеше ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған заңды түлғалар осы заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жылдың ішінде өздерінің құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуге міндетті.
Слайд 6

«Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» заңы біздің қоғам үшін маңызы

«Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы» заңы біздің қоғам үшін маңызы

орасан зор. Ол азаматтық қоғамды қалыптастыруды ілгері жылжытуда айтарлықтай ықпал ете алады. Сондықтан қандай да бір зайырлы мемлекет дінге қатысты өзінің ұлттық заңнамасын түпкілікті айқындап алуға міндетті. 1992 жылы тəуелсіздік алғаннан кейінгі аз уақыттың ішінде осындай заңның қабылдану себебі де сол. Өйткені, ол өз саласында қоғамды түрлі қыспақтардан қорғауға əсер етті. Демек, ол дер кезінде қабылданған құжат болып шықты. Бірақ уақыт өзгермей, алдыға жаңа талаптар қоймай тұра алмайды. Бұл – өмір заңы. Сондықтан осыдан 19 жыл бұрын қабылданған құжатты қайта қарап, толықтыру бұл табиғи нəрсе. Қазір еліміздегі заңнамалық базамыз 350-дің үстіндегі ұлттық заңдардан тұрады. Соның көбін жетілдіріп, қандай да болсын өркениетті мем- лекеттің заңнамалық нормаларына жақындатуда. Осылардың ішінде Дін туралы заңды да жетілдіретін кез жеткен. Бірақ ол түрлі себептермен кешеуілдеп қалды. Соны пайдаланған түрлі, дəстүрлі емес діндердің ағымдары, олардың ішінде қоғам дамуына, ұлттық қауіпсіздігімізге, адамдардың денсаулығына кері əсер ететін секталар елімізде көбейіп, көңіл  алаңдатарлық жағдайға жеткен сияқты деп айтуға болады. 1992 жылы мəселен, бізде барлығы 300-ге жуық діни бірлестіктер болса, бүгінгі күні олардың саны 4551 болған. Солардың кейбірі қолданыстағы заңның əлсіз тұсын пайдаланып, елдің ішінде іріткі салуға əрекет ете бастады. Əсіресе, тіркелу мəселесінің барынша солқылдақтығы, сырттан келетін миссионерлерге шектеулердің болмауы, олардың əкеліп, таратып жатқан діни əдебиеттерінің мазмұнына ешкімнің назар аудармауы, міне, осының бəрі діни бағыттағы ахуалдың барынша күрделенуіне жол берді.
Слайд 7

«Заң жобасында мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінгені туралы конституциялық норма

«Заң жобасында мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінгені туралы конституциялық норма

нақты жазылған. Бір де бір дін мемлекеттік немесе міндетті деп белгіленбейді. Осылайша, мемлекеттің зайырлылығы атап көрсетіліп, қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігуіне жол берілмейді», – деді дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Лама Шариф заң жобасын таныстыра отырып.Сонымен қатар заң жобасында елде діни ұйымдарды құру, мемлекеттік тіркеу, қайта құру және таратудың жүйелі тәртібі белгіленгені, жаңа заң жобасында діни қызмет туралы заңды бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны айтылған.Осы заң жобасы талқыға түскеннен кейін құқық қорғаушылар заң жобасының ережелері адам құқықтарының негізгі қағидаларына сай кел­мейтіндігін айтып, оны сынға алған еді. Тіптен «Фридом Хаус» халықаралық құқық қорғау ұйымы бұл заң жобасы қазақстандықтардың діни бостандығын шектейтіндігін атап көрсетіп, өз алаңдаушылығын білдіріп мәлімдеме жариялаған да болатын. Айта кетерлік тағы бір мәселе Қайрат Лама Шәріп пен Бекболат Тілеуханов арасындағы кикілжің. Оқиға былай басталған болатын. Заң жобасы талқыға түскен күні, жиынның соңы үлкен дау-дамайға ұласқан. Даудың басы заң жобасындағы 7-баптың 3-тармағы төңірегінде өрбіді. Онда діни жоралар мен рәсімдердің мемлекеттік органдарда, оқу орындарында, қорғаныс саласы мекемелерінде өтелуіне жол берілмейтіні жазылған-ды. Бұл тармаққа депутат Бекболат Тілеухан Конституциямыздағы баптардың бірнешеуін белден басқан, конституциялық негізден ада деген баға берді.