Жеңіл атлетика Қазақстанда
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада
1928 жылы Петропавл қаласында өтті.
Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943).
Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е.Кадяйкин болды.
Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27-Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О.Шишигина әкелді.
2012 жылы О.Рыпакова Лондон Олимпиадасында ұзындыққа үштеп секіруден басып озып, Олимпиада чемпионы атанды. Ол 14,98 м көрсеткішке қол жеткізді.