Чипсет
Чипсет (Chipset) – ұқсас міндет атқаратын микросхемалар жиыны. Орталық процессордың шалғай
құрылғылармен мәліметтер алмастыру жұмысын жасақтайтын, аналық тақшада орналасқан микросхемалар жиынтығы чипсет деп аталады.
Процессор дегеніміз көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын жүргізетін электрондық микросхема. Жартылай өткізгішті кристалл өте таза кремнийден жасалады. Оны жасауда вакуумдық бүрку, қоспаларды иондық түрде енгізу, фотолитография және т.б. жоғары сапалы технологиялар қолданылады.
Бір кристалл көлемінде жүз мыңнан астам өзара байланысқан электрондық молекулалар орналасып, күрделі ақпаратты түрлендіру жұмыстарын орындайды.
Процессор разрядтылығы оның бір тактіде өз регистрлерінде қанша деректер битін қабылдап, өңдейтінін көрсетеді. Процессордың ең қарапайым элементар ішкі операцияларының орындалуы тактілік жиілікпен өлшенеді. Жиіліктің өлшем бірлігі – Герц.