Слайд 7
![Кеше тоқыраулы судың бойынан, Тоқал терек түбінен, Ніл дарияның басынан, Құмкент](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/1452510/slide-6.jpg)
Кеше тоқыраулы судың бойынан,
Тоқал терек түбінен,
Ніл дарияның басынан,
Құмкент шәрінің қасынан,
Перінің қызы
перизаттан туған,
Қара Мерген атасы,
Сөзімнің жоқ қатасы.
Кеше бұл тұрымтайдай ұл еді-ау,
Түркістанда тұр еді-ау,
Әбілмәмбет ағаңа
Қызметте жүрген ұл еді-ау,
Үйсін Төле билердің
Түйесін баққан теріс аяқ құл еді-ау!
Дәл жиырмаға келгенде
Ақ сұңқар кұстай түледі,
Аузын тасқа біледі,
Дұшпанға табан тіреді.
Үш жүздің баласы
Ақылдасып, жолдасып,
Хан көтеріп еді.
Үш жүздің баласын
Бір баласындай көрмеді.
Ат құйрығын сүзіңдер,
Аллалан атқа мініңдер,
Ханталау қылып алыңдар!
Сөйтіп, Ордаға ханталау жасала жаздайды. Ақыры, Абылай өз қателігін мойындап, бұйрығын бұзады.