1. Атеизм- Жаратушы құдайдың бар екендігін мойындамайтын және адамның жаны
өлмейтінін
жоққа шығарушы көзқарастар жүйесі.
2. Аят(арабшадан «белгілі», «нышан»)- Құран сүрелерінің аяқталған ойды білдіретін бір бөлігі.
3. Дәстүрлі емес діндер - халық арасында миссионерлік жолмен әр түрлі жекелеген
көзқарастарды уағыздайтын діндер.
4. Діни сенім бостандығы - әркімнің дін мен культтік іс-әрекеттерге қатысуына еркіндік
берілу құқығын білдіретін құқықтық ұстаным.
5. Құран(араб тілінен «дауыстап оқу»)- құран араб тілінде «көп оқылатын кітап»
деген мағынаны білдіреді.
6. Политеизм-көпқұдайлық,көптеген құдайлар тіршілігіне негізделген діни жүйе.
7. Монотеизм- бір құдайлылық, Құдайдың жалғыздығы туралы ілім және діни ұйымдар жүйесі
8. Мешіт-мұсылмандардың құлшылық жасайтын арнайы орны.
9. Толеранттылық-басқалардың тұрмыс қалпына, мінез-құлқына,әдет-ғұрып, сеніміне, сезіміне,
пікіріне,идеясына төзімділік таныту.
10. Терроризм(лаңкестік)- экстремизмнің соңғы көрінісі.Терроризм(лаңкестік) саяси мақсатқа
жету жолында қатыгездік,қорқыту,күштеу әдістерін қолданады.
11. Харам- Ислам дініндегі тыйым салынған ,шектелген (исламдағы) іс-әрекеттер.
12. Экстремизм-төтенше, радикалды көзқарас ұстану.
Термин сөздер