Сұйықаққыштық – бұл металдар мен құймалардың балқытылған күйінде құймалық пішінмен ағуы,
оны толтыруы және нақты бір пішін алуы. Құймалық балқыманың сұйықаққыштығы кристаллизацияның температуралық интервалына, жабысқақтығына және балқыманың беттік созылуына, құйма температурасына, пішініне, құймалық пішіннің қасиеттеріне және т.б. тәуелді. Тұрақты температурада қататын таза металдар мен балқымалар қатты қосылыс түзетін балқымаларға қарағанда жақсы сұйықаққыштыққа ие. Жабысқақтық жоғары болған сайын сұйықаққыштық кеми береді.