Слайд 10
![Беріктік Беріктік — материалдардың белгілі бір жағдайлар (күйлер) мен шектерде қандай](/_ipx/f_webp&q_80&fit_contain&s_1440x1080/imagesDir/jpg/1350269/slide-9.jpg)
Беріктік
Беріктік — материалдардың белгілі бір жағдайлар (күйлер) мен шектерде қандай да бір
әсерлерді (салмақ түсу, температураның өзгерісі, магнит, электр, т.б. өрістері, кебу немесе ісіну, т.б.) қабылдай отырып, бүлінбей сақталу қасиеті; сыртқы күштердің әсерінен қалпының өзгеруіне және бұзылуына қарсыласатын қатты дененің касиеті.[1]
Беріктіктің әр түрлі жағдайдағы өлшемдеріне пропорционалдық шегі, аққыштық шегі, сырғымалық шегі, беріктік шегі, т.б. жатады.
Беріктіктің мынадай түрлері бар:
теориялық беріктік — атом аралық ілінісу күштері арқылы есептелінетін беріктік (ол шамамен бойлық серпімділік модулінің 1/6-іне тең);
техникалық беріктік — нақты материалдарда байқалатын беріктік (мысалы, болатта ол шамамен теориялық беріктіктің 1/10-іне, ал көптеген қатты денелерде теориялық беріктіктің жүздік және мыңдық үлесіне тең);
құралымдық беріктік — балқытып біріктірілген тораптардың, иінді біліктердің, турбина қалақшаларының, т.б. құралымдық элементтердің беріктікгі. Құралымдық элементтердің беріктікгі оларда беттік ақаулардың, ішкі кернеулердің, т.б. болуына байланысты техникалық беріктіктен төмен болады;
динамикалық беріктік — материалдардың динамикалық жүктемелерді қабылдай отырып, бүлінбеу қасиеті;
ұзаққа созылатын беріктік — ұзақ уақыт бойы сырғымалы қалыпта болған материалдардың беріктікгі. Жіптердің, сымдардың, талшықтардың, т.б. материалдардың беріктікгі оларға түскен ажырату (үзіп жіберу) күшінің олардың (жіптің, талшықтың, сымның, т.б.) сызықтық тығыздығына қатынасына тең. Беріктік Бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) НҺм/кг арқылы өрнектеледі.