Мохандастың жастық шағындағы ең айтулы оқиғалардың бірі, ата-анасы оны ежелгі үнді
дәстүрі бойынша он үш жасында өзімен тетелес қыз-Кастурбайға үйлендірді.Балалар бірін-бірі сүйіп қосылды, сондықтан да Кастурбай өмірінің соңына дейін Гандидің сенімді серігі,көмекші жары болып қала берді.
1888 жылы Ганди отбасының достары және ата-анасының кеңесі бойынша Англияға барып, адвокаттық кәсібіне байланысты білім алып келуге шешім қабылдады.Бұл шешім оның кастасындағы ақсақалдар мен үлкендердің қарсылығын туғызды.Үндістан діні үнді жерін тастап кетуге тиым салды, ақсақалдардың ойы бойынша Европада діни қағидаларды бұзбай өмір сүру мен тұру мүмкін емес болатын.Ганди олардың талаптарына бағынудан бас тартты.Осы үшін ол өз кастасынан ажырап, олардың көмегінен, қолдауынан айрылуына тура келді
Англияда ол өзін өте бөтен есебінде сезінді, айналасындағылардың бәрі оған бейтаныс болды.Бірақ, оның европалық мәдениетпен қарым-қатынасы оның білім кеңістігімен түсінігін одан әрі кеңейте түсті.Ол буддизммен танысып, жаңа өсиет (Новый Завет) кітабын оқып таң-тамаша болды.Ганди индуизм ілімін Будда және Христос жолымен ұштастырып біріктіруді армандады.