Орман қорының құқықтық жағдайы

Содержание

Слайд 2

ОРМАН ҚОРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙТЫН РЕТТЕЙТІН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

ОРМАН ҚОРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙТЫН РЕТТЕЙТІН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Слайд 3

ОРМАН ҚОРЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман

ОРМАН ҚОРЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсімдіктері

өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне арналған орман қоры жерлері Қазақстан Республикасының орман қорын құрайды. Орман қорының жері мемлекеттік және жекеше орман қоры жерінен тұрады. Мемлекеттік орман қоры мемлекеттік меншікке, ал жекеше орман қорын иелену, пайдалану және билік ету құқығы жекеше орман иеленушілерге тиесілі болады.
Слайд 4

Мемлекеттік орман иеленуші

Мемлекеттік орман иеленуші

Слайд 5

Жекеше орман иеленуші

Жекеше орман иеленуші

Слайд 6

ОРМАН ҚОРЫН ИЕЛЕНУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ Мемлекеттік орман қоры

ОРМАН ҚОРЫН ИЕЛЕНУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ

Мемлекеттік орман қоры учаскелеріне

орман иелену тұрақты жер пайдалану құқығымен туындайды.
Мемлекеттік орман иелену құқығы:
Мемлекеттік орман қоры учаскелері орман иеленуінде болған заңды тұлға таратылған және олар басқа мемлекеттік орман иеленушіге берілген жағдайда;
Мемлекеттік орман қорының жері ҚР Жер кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған жағдайда;
ҚР заңдарымен көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

Жекеше орман иелену құқығы жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың оларға ҚР Жер кодексіне сәйкес жеке меншігіне немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға берілген жерлерінде туындайды.
Жекеше орман иелену құқығы ҚР заңдарына сәйкес тоқтатылады.

Слайд 7

ОРМАН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді

ОРМАН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман

тендер нәтижелері туралы хаттама және сол негізге алынып жасалған шарт негізінде туындайды.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайдалану құқығы орман билетінің негізінде туындайды.
Орман пайдаланушы жеке тұлға қайтыс болған жағдайда оған тиесілі орман пайдалану құқығы ҚР азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен басқа адамға ауысады.
Орман пайдалану заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде оған тиесілі орман пайдалану құқығы ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры – заңды тұлғаға ауысады.
Орман пайдалану құқығы тек қана орман пайдалану түрі сақталғанда, құқық мирасқорының орман пайдалануды жүзеге асыру үшін қажетті қаражаты мен өндірістік қуаты және облыстық атқарушы органдар айқындайтын, тиісті біліктілігі бар мамандары болғанда ауысуы мүмкін.
Орман пайдалану құқығының ауысуы ұзақ мерзімді орман пайдалану шартына, ағаш кесу билетіне, орман билетіне өзгерістер енгізу арқылы ресімделеді.

Жекеше орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығы ҚР заңдарына сәйкес жекеше орман иеленуші айқындайтын тәртіппен туындайды.

Слайд 8

МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН ҚОРЫ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ОРМАН ПАЙДАЛАНУ ТҮРЛЕРІ

МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН ҚОРЫ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ОРМАН ПАЙДАЛАНУ ТҮРЛЕРІ

Слайд 9

МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН ҚОРЫ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ОРМАН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН ТОҚТАТУ НЕГІЗДЕРІ Орман пайдаланушының

МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН ҚОРЫ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ ОРМАН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН ТОҚТАТУ НЕГІЗДЕРІ

Орман пайдаланушының орман

пайдалану құқығынан ерікті түрде бас тартуы

Орман пайдалану мерзімінің өтуі

Орман пайдаланушы заңды тұлғаның таратылуы

Орман пайдаланушының орман пайдаланудың белгіленген ережелерін немесе ұзақ мерзімді орман пайдалану шартында, ағаш кесі билетінде, орман билетінде көзделген талаптарды үнемі бұзуы

Мемлекеттік орман қорында орман пайдалануды жүзеге асыруға кедергі келтіретін өзгерістерге әкеп соқтырған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы

Орман пайдалану төлемақысын енгізудің белгіленген мерзімін үнемі бұзуы немесе төлемақыны белгіленген мерзімнен кейінгі үш ай ішінде енгізбеуі

Мемлекеттік орман қоры жері мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалануды шектеудің неғұрлым қатал режимінің белгіленуі

Слайд 10

МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН КАДАСТРЫ Мемлекеттік орман кадастры қандай деректерді қамтиды? Ол орман

МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН КАДАСТРЫ

Мемлекеттік орман кадастры қандай деректерді қамтиды?
Ол орман қорының құқықтық

режимі, оны орман иеленушілер арасында бөлу, орман қорының сандық және сапалық жай-күйі, мемлекеттік орман қорын санаттары бойынша бөлу туралы мәліметтер жүйесін және орман қорының орман шаруашылығын жүргізу мен шаруашылық қызметтің нәтижелерін бағалау үшін қажетті басқа да экологиялық және экономикалық сипаттамалары туралыы деректерді қамтиды.

Мемлекеттік орман кадастрының деректері пайдаланылады:
Орман шаруашылығын мемлекеттік басқару, оны жүргізуді ұйымдастыру, орман шаруашылығын жүргізуге және мемлекеттік орман қорын пайдалануға байланысты емес мақсттарда орман алқаптарын ағаш өспеген алқаптарға айналдыру және мемлекеттік орман қоры жерін алыып кою, ормандарды пайдаланудың төлемақысы мөлшерін белгілеу, орман пайдаланушылар мен орман иеленушілердің шаруашылық қызметін бағалау кезінде.

Мемлекеттік орман кадастрын уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.

Слайд 11

ОРМАН ҚОРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕСЕБІ Орман қорының мемлекеттік есебі ҚР заңдарында белгіленген

ОРМАН ҚОРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕСЕБІ

Орман қорының мемлекеттік есебі ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен

орман қорының күзетілуін, қорғалуын, ормандардың молықтырылуы мен орман өсіруді, орманның пайдаланылуын, орман қорының сандық және сапалық өзгерістеріне жүйелі бақылау жасауды ұйымдастыруды және мемлекеттік органдарды, мүдделі жеке және заңды тұлғаларды орман қоры туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін жүргізіледі. Мемлекеттік орман қорының құрамындағы ерекше қорғалатын орман аумақтары жеке бөлінеді және есепке алынады. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.
Слайд 12

МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН МОНИТОРИНГІ ДЕГЕНІМІЗ... Ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау

МЕМЛЕКЕТТІК ОРМАН МОНИТОРИНГІ ДЕГЕНІМІЗ...

Ормандардың биологиялық әралуандығы мен экологиялық функцияларын сақтау саласында

мемлекеттік басқару мақсатында орман қорының жай-күйі мен серпінін байқау бағалау және болжау.
Ормандардың мемлекеттік мониторингін уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүргізеді.
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану және орман өсіру.